Материалдар / Алтын күз!

Алтын күз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз мерекесіне арналған сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2018
532
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


 1 жүргізуші:         

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып, 
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
2 жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
                    Енді бері қараңдар
                   Бізге қонақ келмекші
                   Сендерді бір көрмекші
                    Әуелі жұмбақ жасырам
                    Қулығымды асырам.
                   Таба алсаңдар шешімін
                   Қонағымды  ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)

                  (Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді). 
Күз ханшайымы:  Сәлеметсіздерме, балалар! 
Сәлеметсіздерме, қонақтар! 
Мен — Күз ханшайымымын!

Жайдары, жарқын жүзбін. 
Қонаққа келдім сендерге.

Сәбіз, картоп, тәтті алма! 
Оған достым таң қалма!

Жүргізуші: 
Өрік, шие, алма, алша, 
Жидек, жүзім піседі. 
Қауын, қарбыз, қияр, 
Сәбіз қоймаларға түседі. 
Айтындаршы балалар бұл қай кезде болады? 

Ортаға күз ханшайымы келеді ,

Ән«Алтын күз»

Тәрбиеші: Балалар біз күз ханшайымын төрге отырығызайық.
Күз ханшасы ең алдымен сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді. Қане дайындаған көрінісімізді қойып берейік.
Көрініс: «Көкөністер айтысы»
Айзере мен Айбек бақшаларына барып, көкөністер теруге сыртқа шықты. Кенет күбірлеген дыбыстар естілді, бұл ненің дыбысы екен десе, көкөністер адамға мен пайдалымын деп айтысып жатыр екен. Ең алдымен сөзді қияр бастады:
Іңкәр

(қияр):
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күймде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.

Роллан (картоп):
Мен ұялшық картоппын,
Мен емесепін мақтанар,
Мені жақсы көреді,
Үлкендермен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.

Муслима: (Ас бұршағы):
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын және бәріне,
Дәмді салаттарыммен ,
Сый жасаймын бәріңе.

Дарын (пияз):
Боламын мен демеуіш,
Барлық- барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.

Айша (сәбіз):
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де.

Тамирлан: (шалқан)
Кім білмейді шалқанды,
Дәмімді татып таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып көр менен дарқанды.

Алтынай (қырыққабат):
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда.
Мені қосса самсаға.
Жейді бәрі тамсана.
Димаш (қызанақ):
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Барма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген.

Инара: (Қызылша)
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелге.

Амир (Асқабақ)
Іші сары, сырты қатты,
Дәні-дәрі, дәмі-тәтті.
Пісіріп жесең ас тамақ,
Мұның аты асқабақ.


Айзере -жүргізуші
Көкөністер бәрі де ,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.

Айбек-жүргізуші
Барлығың да дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметтер,
Дастарханның сәнісіңдер.

Жарайсыңдар балалар,енді біз сонау алыстан сендерден сағынып келген күзімізге мың бұрала би билеп қалай қарайсыңдар,күзге арнап би билейміз бе?


Жапырақтар биі Алтынай,Балнұр,Амангүл,Құрбанай.Амир,Юсуф,Дияр,

Ән «Күз тамаша»

Балалар енді мен сендермен ойын ойнағым келеді


 «Дәмін тат та, атын айт» ойыны.
Тәрбиеші: Балалар күз патшайымының әкелген екінші тапсырамасы ойын екен,
яғни ойын шарты: көздерің байланады, дәмін және иісін сезу арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табасыңдар.

Ән мен би «Кап -кап»Қыздар ғана шығады

Дамир:
Алма пісіп, алмұрт түсіп,
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып, қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды.

Юсуф:
Ой балалалар балалар,
Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.

Әділбек:

Күзім ау,күзім ау

мінезің бұзық ау

Жаңбырың сіркіреп

келгенің қызық ау

Жалғас:
Жапырқтар сылдырлай,
Алтын күз міне келіпті.
Туған жерін қия алмай,
Ұшып құстар кетіпті.

Амангүл:
Алтын сары қызыл көк,
Алуан- алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалтырап.

Алим :
Күзде жайнап ашыла,
Күннің нұры көшкендей.
Алма ағаштың басына ,
Қызыл қарбыз өскендей.


Ән «Мен алманы жақсы көрем»

«Көңілді би»Инара,Муслима,Айзере,Іңкар

Айбек,Димаш,Дамир,Жалғас

Жандос:
Алтынға бояп өңірді,
Күзде келді көңілді.
Бау- бақшада , орманда,
Сары жапырақ төгілді.

Балнұр:
Қыркүйек қазан,қараша,
Күздің бұлар айлары.
Үлкендер қуанып балаша,
Егіндерін жинайды.

Ән:«Алтын күз»

Абдурахим:
Алтын, сары, қызыл, көк, 
Алуан – алуан жапырақ. 
Күзгі бақта күлімдеп, 
Көз тартады атырап, 
Альтаир: 
Күн шуақтап маужырап, 
Жатыр еді атырап. 
Ағаштармен жамырап, 
Ұшты кенет жапырақ, 

Әдия:Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап
Дияр:
Ал балалар тұрмайық, 
Қол соғайық тұрмайық. 
Күзгі бақта бүгінгі, 
Шырқап әнге салайық. 

Данил :

Күн шуақтап маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштармен жамырап,
Ұшты кенет жапырақ,
Күз ханшайымы: «балалар,менің келесі бір тапсырмам,сендер бәрің қосылып әдемі әндер орындап жатырсыңдар,енді мен жеке ән тыңдағым келеді»
Айзере: Күз ханашайымы байқаймын сіз өте ерекше ханшайым сияқтысыз, ерекелегіңіз таусылмады ау,

Айбек: Иә, дұрыс айтасың Айзере.Бірақ біз ол тапсырманы да орындай аламыз.Ендеше дәл өзіңіз сияқты ерке қыздың бірі-Іңкәр.

Іңкәрдің орындауында «Ерке қыз»әні

Айзере : Рахмет Іңкәр

Айбек: Іңкәрға қарап менің де ән орындағым келіп кетті ғой.

Менің орындауымда «Ата-әжем»әні

Ән : «Күзгі әуен»





«Келісілді»

МКҚК «№97б/балабақшасы»

Әдіскері Ж.Ә.Қожабек









Мерекелік ертеңгіліктің тақырыбы:

«Алтын күз, әсем айналам,

Еліне береке сыйлаған»









Орындағандар:Кусаиынова Гүлмира

Езмахунова Н.Р






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ