Тақырыбы:
Алтын күз
Мақсаты «
Алтын күз» мерекесін өткізу. Балалардың күз
туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй
сыйлау.
Көрнекіліктер:
Сынып іші күз мерекесіне сай безендірілген.
Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни жемістермен
көкөністер салынған себеттер.
Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына
жайғасып болған соң сыныпқа балалар кіріп орындарына
тұрады.
Тәрбиеші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің
мектепалды даярлық тобында өткізілгелі отырған «Алтын күз» атты
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгітойдыжұпжазбай,
Біргеқарсыалайық!
Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне
жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу
жетіспейді. Сендер білесіндерме ол кім?
Балалар: Ол күз!
Тәрбиеші:
Ендеше күзді ортаға
шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз
келді.
Күз: Сәлеметсіңдерме,
балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын
жаз.
Сары алтынға малынған,
«Алтын күз» деген мен болам. Армысыздарқонактар,
кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым
ба?
Балалар: Жоооқ.
Тәрбиеші:
Шоғы толған гүлдей
жайнап,
Шақырады жарқын жүз,
Сайраңдағанкүліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен
сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптыңдар,
жарайсыңдар!
Тәрбиеші:
Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең,
тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін
тамашалаңыз.
Хор: « Күзгі
жапырақ »
1 оқушы: Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің
бұзық-ау,
Жаңбырың
сіркіреп,
Келгенің
қызық-ау!
2
оқушы: Қарашы күз келді, күз
келді,
Сары алтын жауыпты
іздерді,
Құс біткен керуен
түзеді,
Көңілсіз неліктен күз
енді?
3
оқушы: Қара бұлтқа бағын
түйеді,
Бұталар боз қырау
киеді,
Осы ма, осы
макүздеген,
Бақшаға баратын
бізбенен.
4
оқушы: Сары теңге
жапырақ,
Бояған ба
көлбетін?
Тоңазыпты
топырақ,
Ызғарлы екен желде
тым.
5
оқушы: Кездескен соң
күзімен,
Бұтағынанүзілген.
Ай жапырақ – сары
алтын,
Айналаның бәрі
алтын.
Тәрбиеші: « Көбелек » биі қыздар
тобы
6
оқушы: Гүл жайнаған
даланың,
Жапырағы
солыпты.
Таңырқадым,
қарадым,
Танымастай
болыпты.
7
оқушы: Алтын, сары, қызыл,
көк,
Алуан – алуан
жапырақ.
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
8
оқушы: О, алақай
тамаша,
Шашу шашады
жапырақ.
Бақтың іші
алаша,
Аунарма еді жатып
ап!
9
оқушы: Астық жеміс
жиылды,
Қамбамызға
құйылды,
Ардақты күз мың
алғыс,
Алдық өнім
сыйыңды.
10
оқушы: Көбейді құт -
береке,
Астық толы
қоймамыз.
Құтты болсын
мереке,
Алтын күзді
тойлаймыз.
Хор: « Ұстазым
»
Тәрбиеші: Балалар енді мен сендерге
көкөністерге қатысты жұмбақтар
жасырамын.
Мақтанғаннан не
пайда?
Менсіз дәмді щи
қайда?
Мені қосса
самсаға
Бәрі жейді тамсана.
(пияз)
Өсем
бақша-бауыңда,
Қатты ұқсаймын
қауынға
Жемек болып
шикілей
Күлкі болма қауымға.
(Шалқан)
Мен бір сөз
айтайын,
Мақтанайын
сіздерге.
Менсіз борщ
болмайды,
Венегредте үстелде.
(Қызылша)
Дәмім тілді
үйірген,
Мен тұздалған
күйімде.
Жаңа піскен
күйімде,
Жейді бәрі сүйсіне
(Қияр)
11
оқушы: Өнім үйіп
тастадық,
Оқуды да бастадық.
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын
аспаның.
12
оқушы: Күн шуаққа
маужырап,
Жатыр еді
атырап.
Ағаштардан
жамырап,
Ұшты кенет
жапырақ.
13
оқушы: Қуандырып
біздерді,
Мерекелі күз
келді.
Кел жемісті алтын
күз,
Кемелденсін
халқымыз.
14
оқушы: Жүзім, алма
жинаймыз,
Алтын мақта
тереміз.
Үлкендерді
сыйлаймыз,
Көмектесе
береміз.
Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай
молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын « Кім жылдам
? » деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке
көкөністерді, ал қыздар екінші себетке жемістерді
жинайды.
Ойын: « Кімжылдам ?
»
15
оқушы: Жайдары күз, жарқын
күз,
Аяулы күз, алтын
күз.
Дәнге толы кең
далам,
Дәриядай шалқар
күз.
16
оқушы: Ұшты талдан
жапырақ,
Сары көбелек
секілді.
Аспанда жай
шатырлап,
Тамшы жерге
секірді.
17
оқушы: Күз сыйы бәрі
де,
Табиғат
дәулеті.
Туған жер әрі
де,
Күзбенен
сәулетті.
18
оқушы: Сары алтыннан
бұрымда,
Сары пүліш
көйлегі:
Алтын күзді
шынында,
Ару дерсің
бейнелі.
Тәрбиеші: Жемістерді қарсы алайық. (Осы
кезде әуен ойналады, ортаға жемістер
шығады)
Алмұрт: Мен алмұртпын,
алмұртпын
Аузындамын бар
жұрттың.
Жүзім: Мен жүзіммін,
жүзіммін
Моншақ болып
тізілдім.
Өрік: Мен өрікпін,
өрікпін
Бау-бақшаға
көрікпін.
Алма: Мен алмамын,
алмамын
Таңдайда калар бар
дәмім.
Күз: Өте тамаша, балалар! Қазір
менімен ойын ойнайсыңдарма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен
сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенін
табу.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді
қонақтарымызды сынап корейік.
« Ұйқасын тап » ойыны
-
Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Аузынан кетпес бал дәмі
Оның аты (шабдалы)
-
Кіп – кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерін айырып,
Танисыңба? (шиені)
3 .Жапырақты тасалап,
Өсетін жері- бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай
Оныңаты (таңқурай)
Би:
«Ұлдар
биі »
Тәрбиеші: Алтын күз, балалардың өнері ұнадыма?
Күз: Рахмет, балалар, маған
мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар балалар,
Келгенше жыл айналып.
Тәрбиеші:
Осымен, Алтын күз
мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға
рахмет!