«Алтын
күз».
Мақсаты:
1. Күз ғажайыптары туралы
қосымша мәлімет беру
2. Оқушылардың ойлау
қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін
дамыту.
3. Оқушылапрды табиғатты аялап
қорғауға, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Плакаттар, шарлар, қағаз бас киім, киім үлгілері, күз
кереметтері.
Жоспары:
І -
бөлім. «Мерекелі, берекелң күз
келді»
ІІ -
бөлім. «Алтын күз -аруы»
ІІІ –
«Өнер таппай баптанба»
Барысы:
1-Бастаушы. Кездескен соң
күзімен,
Бұтағынан
үзілген.
Ай жапырақ сары
алтын
Қуандырып
біздерді.
2-Бастаушы: Кел жемісті
Алтын күз,
Кілемденсін
халқымыз.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі
біздің күз мерекесіне арналған мерекелік кешімізді бастауға
рұхсат етіңіздер.
Ән хормен.Би
билеу.
1-бастаушы: Алдық
әнім-сыйыңды,
Көбейді
– құт береке,
Астық
толы қоймамыз,
Құтты
болсын мереке.
Мереке сайысымызды бастамас бұрын, әділ
қазылар алқасын сайлап
алайық.
1.Сайыс мәнерлеп оқу, Күз туралы оқушылар
өз шығармаларын оқиды.
2-Бастаушы: Біздің балалардың өнері әл
алда. Тіпті
олар жұмбақта шеше біледі.
2.Сайыс жұмбақ
сайысы.
1-Бастаушы: Ендігі кезекті әнге берсек. Ақыл- бастан,
өнер – жастан. Қане, тұрмаңдар би билеңдер, жырлаңдар. әр сынып өз
өнерлерін көрсетеді.
2-
Бастауыш: келесі сайысымыз күз туралы көрініс қою. әр сынып
өз көрністерін ортада қояды.
1-Бастауыш: келесі бөліміміз «Алтын күз аруы»
Ендеше аруларымызды ортаға шықырсақ. (ортаға арулар
шығады)
Бөлімнің бағдарламасы: 1-бөлім: «Менің
құрбым» (танысу)
2-бөлім: «Өнерім бар
осындай»
3-бөлім: «Сән
үлгісі»
4-бөлім: «Жемісті
құмыра»
Осы кезде вальстік музыка ойнап
тұрады.
2-бастауыш: Бүгінгі кештің ханшасы кім болатынын анықтау үшін
ханшалардың өнерлерін әділ қазылар алқасымен бірге
бағаласақ.
1-Бастауыш: Біз ханшалардың өнерлерін
тамашаладық. Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін берсек. Күз
аруы мен күз еркесінің кім болғанын
тыңдайық!
3-Бөлім: «Өнер таппай
баптанба»
1-Бастауыш: Алдын ала берілген тапсырма бойынша әр
сынып арасындағы ең үздік шғармаларын оқысын. (шығармалар
оқылады)
1-оқушы: Күз –
қоңыржай,
Күн –
қогңыржай....
Қызғылтым
жапырақ,
Қоламта
шоғындай...
1-Бастауыш: Күз кереметтері (әр сыныптан 2 оқушы шығып
қорғайды)
1-Бастауыш: Қызды қырман ел
ісі,
Қызды қырман жер
үсті.
Елдің тойлап
жатқаны
Еңбегінің
жемісі!
2-бастауыш: Астық жеміс
жиылды,
Қоймамызға
құйылды.
Ардақты күз мың
алғыс,
Алдық өнім
сыйыңды,
Көбейді құт
береке,
Астық толы
қоймамыз,
Құтты болсын
мереке!
2-бастауыш: Жел
гулегім,
Солды гүл
тегіс,
Көш тартып
тізіліп
Қоштасты бізбен
құс.
1-Бастауыш: Осымен бүгінгі кешімізде
аяқталды құрметті жиналған қауым. Барлықтарыңызға алтын күзге
арналған шағын мерекелік кешіміздің құрметті қонағы болғандарыңызға
алғыс жариялаймыз!
Күн бұлтпен қонаққа
келеді
1-бала
(Зарема)
Жемісі мол
теретін,
Күз дос екен
бізбенен.
Бәрін тауып
беретін,
Жомарт екен
күз-деген.
2-бала
(Самира)
Мерейлі күз,
мырза күз!
Сыйлығыңа
ырзамыз!
Аппақ арай
таңында,
Шомыламыз нұрға
біз!
3-бала
(Нуриман)
Қамба толды
астыққа,
Алғыс саған, Алтын
күз!
Бір уыс дән
шаштықта,
Арба қауын
алдық біз.
4-бала
(Нұрай)
Жапырақ
ұшты,
Суық та
түсті.
Сонда да
бізге,
Қызық көп
күзде.
5-бала
(Жанерке)
Сары алтын тон
жамылған,
Күз атамыз
секілді.
Қойны толы
дәмді нан,
Тәттісі көп не
түрлі.
6-бала
(Айдын)
Берекесін
сыйлауға,
Өлкемізге күз
келді.
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді.
Ән:
«»
(Балалар
отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы
естіледі)
Жүргізуші: Ой,
балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп тұрған
сияқты.
(Жаңбырдың
дауысымен залға бұлт
кіреді)
Бұлт:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар:
Сәлеметсіз бе!
Бұлт:
Күзгі көк бұлт
мен болам,
Көтеріліп
теңізден,
Аспанға биік
барамын,
Қаласам қазір
сендерге,
Жаңбыр болып
жауамын.
(Балаларға
жаңбыр шашады)
Жүргізуші:
Жаңбыр,
жаумай тоқтай тұр,
Дабылыңды
соқпай тұр,
Саяғынды
түгендеп,
Үйіріңді соқпай
тұр!
- Біз сіз жайлы
ән білеміз және осы әнді сізге
сыйлаймыз.
Ән:
«»
Бұлт: Рахмет,
балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар
ма?
Балалар: Жоқ!
(Жүргізуші білдірмей қол шатырды
алады)
Бұлт:
Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар
ма?
Балалар:
Жоқ!
Бұлт: Қалай
сендер барлықтарың
батылсыңдар?
Жүргізуші:
Міне, біз қандай батылмыз!
(қолшатырды
жазып, балаларды астына тығылуға
шақырады)
Бұлт:Сендердің
ойнағыларың келеді ғой, мен сендерді тез ұстап
аламын.
Ойын:
«Қолшатыр» немесе «Жаңбырдан
қорықпаймыз»
Жүргізуші
балалармен:
Жаңбыр, жаңбыр,
жау, жаңбыр!
Жаңбыр келіп
жауады
Тамшылары
тамады.
(Әннің
ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды, Бұлт орындықта отырып ұйықтайды.
Бұлт балалардың дауысынан оянып, оларға су шашады, сол кезде
балалар қолшатырдың астына тығылады. Екі – үш рет ойнағаннан кейін
орындарына отырады).
Бұлт: Балалар ,
сендер барлығын жылдам және шапшаң екенсіңдер, мен сендерді ұстай
алмадым.
Жүргізуші:
Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ
бізге әліде біреу жетіспейтін сияқты. Бізде күн жоқ екен. Қане,
балалар, бәріміз мейрамымызға күнді қонаққа шақырайық ( балалар
орындарына отырып, қолдарын шапалақтап, аяқтарын тыпырлатып, күнді
шақырады).
Күн
келеді.
Күн:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма,
достарым?
Балалар:
Иә!
Күн:
Мен жарқырап
төбеде,
Нұрын төгіп
тұрамын .
Шуақ шашып
бәріне
Бала жанын
ұғамын.
Бұлт:
Күн, күн тоқтай
тұр!
Сөзіме менің
құлақ тұр.
Ішім толы
суға,
Сусыз өмір бола
ма?
- Ендеше мен
бәріне керекпін, мен
мықтымын!
Күн: Жоқ, мен
мықтымын!
(Бұлт пен Күн
дауласып, аяқтарын
топылдайды)
Жүргізуші:
Тынышталыңдар, дауласпаңдар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру
үшін Күзді қонаққа шақырайық. Қолымызға жапырақтарды алып билесек,
күз бізді байқап, өзіде келіп
қалар.
Би: «Күзгі
жапырақтар»
Күз
келеді.
Күз:
Сәлеметсіңдер
ме, балалар!
Ырысқа толы
қоймалар ,
Сабан тойы
тойланар.
Берекелі күз
болам,
Байлыққа мұртың
майланар.
- Сендер мені
шақырдыңдар ма?
Жүргізуші:
Сәлеметсің бе, Алтын Күз! Сені шақырған біздің балалар. Алтын Күз,
сіз бізге көмектесіңізші. Бұлт пен Күн екеуі кім мықты?, кім
бірінші? Деп дауласып
жатыр.
Күз: Олар неге
олай дауласады? Қане, балалар, Күн мен Бұлтты татуластырайық. Ол
үшін ойын ойнайық.
Жүргізуші:
Күн менен
су бар жерде,
Бау – бақшад
гүлденер.
Ортаға шық ,
балалар,
Кім көп теріп
үлгерер.....
Ойын: «Тамшылар
мен жапырақтар»
(кілем үстінде
тамшылармен жапырақтар шашылып жатады.2-4 бала шығып, бірінші
себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды
жинайды).
Күз:
Жарайсыңдар ,
балалар!
Күн менен Бұлт
тату болса
Бәріде
көңілді.
Орманда да әр
жерден
Саңырауқұлақтар
көрінді.
Би:
«Саңырауқұлақтар»
Тақпақтар:
1.
Нұрмухамед
Өрік , шие ,
балы бар,
Қауын, қарбыз
көбейді.
Жегің келсе
бәрінде ал
Неге аласын
демейді
2.
Камила
Алтын , сары,
қызыл , көк
Алуан – алуан
жапырақ,
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
3.
Бәйтен
Күзім-ау,
күзім-ау,
Мінезің
бұзық-ау.
Жаңбырың
сіркіреп,
Келгенің
қызық-ау.
4.
Аяулым
Астық жеміс
жиылды,
Қамбамызға
құйылды,
Ардақты күз мың
алғыс
Алдық өнім
сыйыңды.
5.
Мадина
Ой балалар,
балалар,
Қоңырқай күз
келіпті.
Қурап жапырақ
солыпты,
Ел егінін
орыпты.
6.
Молдағали
Астық дала
сәулеті,
Астық Отан
дәулеті.
Біздің дала бай
дала,
Алтын астық
айнала.
7.
Мадияр
Мен алмамын,
алмамын,
Таңдайда қалар
бал дәмім.
8.
Дидар
Мен өрікпін,
өрікпін,
Айналаға
көрікпін.
9.
Алихан
Алақай күз
келді,
Қарық қып
жеміске
Сарғайды түз
белде
Толқысын
егісте
10.
Нұртас
Нан атасы –
бидаймын,
Елге астық
сыйлаймын.
Ән:
«»
(Ән айтылып
жатқанда Күн мен Бұлт себеттегі тамшылар мен жапырақтарды, алмалар
мен алмұрттарға айырбастап
кояды).
Күз: Біздің
достармыз Күн мен Бұлт қайда
кеткен?
Бұлт: Алтын
күз, қарашы, біздің жапырақтарымыз бен тамшыларымыз сыйқырлы
екен!
Күн: Олар тәтті
алмалар мен алмұрттарға айналып
кетіпті.
(Бұлт пен Күн
себеттегі алмаларды балаларға
көрсетеді).
Күз: Ендеше,
ешқашанда дауласпаңдар, дос
болыңдар!
Барлық
кейіпкерлер (Күн, Бұлт, Күз): Ал, балалар сау
болыңдар!
Балалар: Сау
болыңыздар!
Жүргізуші:
Балалар , міне біздің мейрамымызда аяқталды. Бірақ Күз бізбен әлі
қоштаспайды. Біз далаға серуенге шықанда онымен
кездесеміз.
Берекелі бақ –
дәулет,
Арта түссін
тойланып.
Сау болайық
бәріміз,
Келгенше күз
айналып!
(Балалар ән
ырғағымен залдан шығады)
загрузка...