"Алтын күз-2017"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын күз-2017"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал жас әріптестеріме көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Алтын күз-2017»

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Түрі: Сайыс.

Көрнекілігі: Жазба қағаздар, жар газеттері. Шарлар.

Барысы:

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық. Ендеше, мерекелі алтын күз құтты болсын! Олай болса бүгінгі «Алтын күз-2017» сайысымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Күз – халқымның ежелден берекесі,

Жерден ғой адамзаттың несібесі.

Тойлаймыз біз де бүгін күз мейрамын

Алтын күз құтты болсын мерекесі! – олай болса кешіміз сайыс түрінде өтпек ортаға сайысқа түсетін топтарды шақырайық.

1-топ: ........................................................

2-топ: ........................................................

3-топ: ........................................................

4-топ..........................................................

Жүргізуші:

Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

әділқазы алқалармен таныстырып,

кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.


1.......................................................................................................................................


2.......................................................................................................................................


3 ......................................................................................................................................


Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар сайыс 5-бөлімнен тұрады.

  1. Таныстыру ( топтың аты, ұраны)

  2. Өз өнерін көрсету ( 1 би күз туралы)

  3. Пародия (еркін тақырып)

  4. «Оқушының мың қыры мен бір сыры» (актерлық шеберліктерін байқау)

  5. Қорытынды.

Жүргізуші: Нағыз сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді. Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Алтын күз-2017» атты сайысымыздың бірінші бөлімін таныстыруға кезек берейік. Топтың аты, ұранымен таныстыруы керек.

Жүргізуші: Өте жақсы, осы алғашқы кезеңіміз бойынша топтардың ұпайларын білу үшін қазыларға сөз берейік.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.,-деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі алтын күз мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.себебі, Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер

Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз 1-би көрсетуі керек. Жалпы күз тақырыбына сай болуы тиіс.

Тамашалаймыз!

Жүргізуші:

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз!

Келесі бөліміміз «Пародия» деп аталады. Бұл бөлімде алдын-ала топтардың еркін тақырыптарда дайындаған көрініс немесе шағын әзіл-сықақ нөмірлерін көрсетеді. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

Оқушыларымыздың әзіл әлеміне деген алғашқы қадамдары қалай болды екен? Оны қазыларымыздың бағаларынан біле отырайық!

Жүргізуші:

Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің

Бірдей ғой күні менен сұлу түні

Сондықтан биылғы күз мерекелі.

5-кезең «Оқушының мың қыры мен бір сыры»деп аталады. (актерлық шеберліктерін байқау)

1. Димаштың өнер көрсету сәті

2. Төреғалидың өнер көрсету сәті

3. Қайраттың өнер көрсету сәті

4.Еркенің өнер көрсету сәті

Құрметті әділ-қазылар «Оқушының мың қыры мен бір сыры» кезеңінің ұпайларын білсек.


Әділқазылардан сайыстың барлық кезеңдерінің қорытынды бағаларын күтеміз.

М а р а п а т т а у .

Жүргізуші:

Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Алтын күз-2017» атты сайысымызды аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!




Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданы

Жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебінің ағылшын тіл пәнінің мұғалімі Джумаева Айгул Мақсотқызы

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2018
456
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі