Алтын күз балабақша 3 топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алтын күз балабақша 3 топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Естияр топқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Берері мол алтын күз!

Мақсаты: Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мезгілі де аяқталуға жақын. Бүгінгі біздің алтын күзге арналған сыныптан тыс іс-шарамызға қош келдіңіздер!


- Балалар, ортаға келіп, бір-бірімізбен және қонақтармен сәлемдесіп алайық!


Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз!

Сәлеметсіздер ме?


- Балалар, бүгінгі мерекелерің құтты болсын!

- Қанеки, мен сендерге бірнеше сұрақ қояйын. Сендер сұраққа дұрыс жауап берсеңдер бүгінгі іс-шарамыздың не туралы болатынын білетін боламыз.

- Қанеки, айта қойыңдаршы!

- Бір жылда неше мезгіл болады? (төрт мезгіл)

- Қазір жылдың қай мезгілі? (күз мезгілі)

- Күз мезгілінде ауа райы қандай болады? (жаңбыр жауады, кейде қар жауады, жапырақтар сарғаяды)

- Күз мезгілі басқа жыл мезгілдерінен несімен ерекше? (Жемістер, көгөністер піседі. Мектепке келеміз)

- Дұрыс айтасыңдар!

- Ендеше біздің бүгінгі іс-шарамыз "Берері мол алтын күз" деп аталады. Сендер бүгінгі іс-шарамызда күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны жайында және күз мезгілінде ауа райында қандай құбылыстар болатыны жайында білесіңдер. Сонымен қатар, күз мезгілі басқа жыл мезгілдерінен несімен ерекше, қандай сыйы бар екені туралы білесіңдер.

Іс-шарамызды күз мезгілі туралы тақпақтар айтумен бастайық. Ортаға Аружан мен Айару келе қойыңдар.

Айару:

Көк аспаным мөлдіреп

Шуақты көзім елжіреп

Асыр салып жүретін

Сары көйлегің желбіреп

Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқар күз


Аружан:

Күз келді сары күз келді

Тау ызғарлы, түз желді

Тыраулатып аспанда

Тырналарын тізді енді


- ЖАРАЙСЫҢДАР!


- Балалар, күз мезгілі болғандықтан орманның шетіндегі бір лашықта Күз ханшайымы өмір сүріпті. Бір күні ол түрлі-түрлі бояуларын алып, орманның ішіне серуенге келеді. Күз ханшайымы түрлі түсті бояуларымен орманды әсемдей бастайды. Емен ағаштарын, шыршаларды және аққайыңдарды бояй бастайды. Таңертеңнен кеш батқанға дейін еңбектенеді. Бірақ Күз ханшайымы бір күнде ормандағы барлық ағаштарды әсемдеп бояп біте ме? Бітпейді. Сонымен Күз ханшайымы әбден шаршап, бояуларын орманның ішіне қалдырып өзі үйіне қайтады.

- Міне, өстіп Күз ханшайымы үйіне кетеді.

Орман тым - тырыс.

Күз мезгілінің ауа райы құбылмалы болады. Бірде жаңбыр, бірде жел, бірде күн суытып, қар жауады иә, балалар!

Сонымен әп-сәтте жаңбыр жауа бастайды.Бүкіл орманның ішін су қылады.


(Жаңбыр келеді)


-Міне осылай жаңбыр жауып, Күз ханшайымының барлық бояуларын төгіп кетеді.

Таң ата салысымен еңбекқор Күз ханшайымы орманның ішіне оралады. Келіп жұмысын жалғастырайын десе, барлық бояулары төгіліп қалған.


Күз ханшайымы:

- Менің бояуларым!

Қызыл, сары, жасыл. Барлығы араласып кетіпті.

- Енді не істесем екен?


- Міне өстіп, Күз ханшайымы қатты мұңаяды. Сол кезде Күз ханшайымының жанына Суретші келеді.


- О,Күз ханшайымы, неге мұңайдың?


Күз ханшайымы:

- Көңілді Суретші, сәлеметсің бе?

- Қараңызшы, менің барлық түстерім араласып кетіпті. Енді не істеймін?


Суретші:

- Мұңайма, Күз ханшайымы. Менің сиқырлы бояуларым бар.

- Қазір мен саған көмектесемін.

Күз ханшайымы:

- Иә, Суретші, маған сіздің көмегіңіз керек. Көмектесіңізші маған.

Суретші:

- Көмектесемін.

- Қанеки, шелекті ала ғой. Қазір екеуіміз күздің келбетін суреттеп саламыз.

(екеуі суретті бояп жүреді)

- Балалар, біз мұқият қарап тұрайықшы. Суретші қандай шебер екен!

Суретші:

- Міне, ормандағы шырша, аққайыңдар да қалпына келді.

Күз ханшайымы:

- Рақмет, саған, Суретші!

Суретші:

- Олай болса мерекемізді әріқарай жалғастырайық.


- Көрдіңдер ме, балалар, Күз ханшайымына кім көмектесті?

- Суретші қалай көмектесті?

- Күз ханшайымы қуанды ма?

- Кімге рақмет айтамыз?

- Қанеки айтайықшы! (Рақмет, саған, Суретші)


- Жарайсыңдар, балалар!

- Енді, Күз ханшайымы, біздің балалар сенің көңіл күйіңді тағы көтере түссін! Ортамызға қосылып, жақсы, әдемі тақпақтарымыз бен әніміздің куәсі бола ғой.

Күз ханшайымы:

Барлықтарың қандай әдемісіңдер, балалар! Өте көрікті, өте ақылды екенсіңдер!

- Ал менің сендерге әкелген сыйым бар.


- Күз ханшайымы, ол сыйды біздің балалар жай ғана ала салмайды. Тынбай, ерінбей еңбек еткен адам ғана күздің мол сыйына кенеледі.

- Біздің балалар да сыйды еңбектеніп алу керек. Тақпақ, өлеңдерін жақсылап айтып, белсенді қатысып сыйды аласыңдар.

- Күз ханшайымы, біздің балалар ақылды ғана емес және өте тапқыр.

-Қазір жұмбақтар жасырамын. Біздің балалардың қандай тапқыр, зерек екенін байқап көр.


Жұмбақтар жасыру:


Дөп-дөңгелек сары

Ішінде бар дәні

Қызығасың көріп

Оның аты . . . (өрік/


Іші толған шәрбат

Дәмі қандай әйбат

Үзесің бірден жүзін

Оның аты... (жүзім)


Жапырақты тасалап

Өсетін жері бақша-бақ

Күрең қызыл шіркін-ай!

Оның аты . . . (құлпынай)


Қалың киімді ұнатады

Шешіндірсең жылатады (сарымсақ)


Жаздай інге тығылып

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып

Әкелді әжем бір күні (сәбіз)


Доптар жатыр желісі бар

Қабат-қабат терісі бар (орамжапырақ)


Аласа талда алуан алма

Алқызыл болмай аузыңа салма (қызанақ)


Ұзын мұртты сарылар

Қойынында дәні бар (бидай)


- Бәрекелді, жарайсыңдар!


- Күзде адамдар көп еңбек етеді. Бақшадағы көгөністерін, бақтағы жемістерді жинап алады. Сондықтан күзді еңбекқор деп айтамыз.

- Қазір 2 "А" сыныбының оқушылары сәбіз жинауға, ал даярлық сынып балалары алма теруге барасыңдар. Оларды жәй теріп қана қоймайсыңдар. Оларда тапсырмалар жазылған. Даярлық сынып балалары алмалардың артындағы сандарды ретімен жіпке қыстырғыштардың көмегімен іле қоясыңдар. Содан кейін сандарды тура және кері ретпен санайсыңдар.

-Ал 2-сынып оқушылары сәбіздің артындағы тапсырмаларды орындайсыңдар.

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)


- Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын – шашын көбейеді. Кейде аспанды бұлт торлап, күн суытып, қар жауады. Күзде жеміс - жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады.

- Балалар, әр мезгілде 3 ай бар.

-Күз мезгілінің айларын атап көрейікші. (қыркүйек, қазан, қараша)

- Жарайсыңдар, ортаға күз мезгілінің айларын шақырайық. Олардың бізге айтары бар екен.


Қыркүйек-Ислам

Бір - біріне жер аспан
Мейіріммен қарасқан
Ұстаз - шәкірт жүздескен
Қош келіпсіз күз дескен.


Қазан- Айару

Қазан айы болыпты,
Қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп
Думандатып әндетіп

Ел егінін орыпты.


Қараша- Аружан

Құстар кетті, қыс болды

Сұр бұлт жапты аспанды

Жапырақ түсіп, гүл солды

Қараша ызғары басталды


- Бәрекелді!


Көгөністің бәрі де

Денсаулыққа пайдалы

Оны жаттап алыңдар

Оларды жақсы көріңдер

- Балалар, айта қойыңдаршы.

- Жеміс-жидектер қайда өседі?

- Ал көгөністер ше?

Дұрыс айтасыңдар.


- Күз ханшайымы, бірде бақшадағы көгөністер "Адамдарға ең пайдалысы менмін" - деп, өзара дауласып қалыпты. Қай көгөніс пайдалы екенін өздерінен естіп, біліп көрейік.

- Келесі кезекті "Көгөністер дауы" атты шағын қойылымына берейік. Ортаға:


Ағаш - Нұрасыл


Күз- Сезім

Ой, балалар, балалар!

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты


Қызылша - Жанеля

Ақ түсім бар қант алар

Қызыл түсім қанға нәр

Ал, балақай, біліп қой

Қызылшамын пайдам бар


Пияз - Сезім

Жер бетіне мен келдім,

Шартапрапты сарғайтып.

Шуламаңдар достарым,

Ойланыңдар, байыптап.

Пияз өзі- асылы,

Жүр қулығын асырып.

Көрсетпейді сақалын,

Топыраққа жасырып.

- Адамдардың ең сүйікті асы мен шығармын. Суды көп қажетсінбеймін. Ал сендер, көп күтімді қажет етесіңдер.


Баклажан - Самат

Дауды қойып достар-ау,

Маған сөзді берсең- ау,

Күзді күтіп жатырмын

Жиып нәрді бойыма

Баклажанмын - жараймын

Салат жасап қоюға

Әбден шудан шаршадым. Мені қашан қазып алар екен? Пияз сен несіне керексің? Жесең аузың, аршысаң көзің ашиды. Қарашы өзін!

Сәбіз - Айзере

Менің атым - Сәбіз

Маған шын сеніңіз

Дәрумендер көп бойымда

Сенбесеңіз жеңіз

Мен адамға ең қажеттімін деп ойлаймын.


Қызанақ - Сәнім

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен-қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

Ой, достар қойыңдаршы. Сендерге не болды? Бәріміз де керекпіз. Сәбіз, сенде бар дәрумен мендеде бар.


Картоп - Нұртас

Ой, достар, тыңдаңдар.

Еш асығыс қылмаңдар.

Мен - кәдімгі картоппын

Жер астында жатырмын.

Бір тамырдан таралған,

Көп ағайынды батырмын.

Ой, менен бақытты ешкім жоқ шығар.


Тоқ-тоқ (есік қағылады)

Көгөністер:

Мынау дәрігер - Айболит қой


- Дәрігер, айтыңызшы, адамға ең қажетті қайсысы?


Айболит - Ислам

Дені сау болуы үшін адамның,

Бәрің қажет, бәрің де  керексің.

Сондықтан да достарым,

Дауласпаңдар, достасыңдар қайтесің.

Ешқашанда бөлінбеңдер, өйткені.

Достық деген ең маңызды білгейсің.


Пияз-Сезім

Кешіріңдер, достарым, дауды бастаған мен едім. Енді қайталамаймын.


Ислам мен Сезім бірге

- Бәрекелді, жарайсыңдар, достарым!


- Келесі кезекте алтын күзге арналған әнімізді шырқайық.


Ән - "Күз тамаша"


Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар, әрдайым.


Құрметті ата-аналар, мейірімді Күз ханшайымы, көңілді Суретші. Осындай мерекенің шуағын келтіріп, біздің іс-шарамызға қатысып, тамашалағандарыңызға көптен көп рақмет айтамыз.

Барлықтарыңыздың дастарқандарыңыз берекелі, әр шуақты күндеріңіз мерекелі болсын!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2021
322
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі