АЛТЫН КҮЗ БАҚШАМДА
№10 «Наурыз» б/б тәрбиешісі
Тақырыбы: «Алтын күз бақшамда»
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Көтеріңкі көңіл – күй орнату. Сөйлеуді дамытып, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету.
Дағдыларды қалыптастыру: Қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік-эмоционалды.
Инновациялық технология: Ойын технологиясы, динамикалық үзіліс, интеграция.
Әдіс –
тәсілдері: ойын, түсіндіру, сұрақ –
жауап, эстафета, әңгімелеу.
Құрал –
жабдықтар: көкөністер мен жемістердің
муляждары, ойын атрибуттары.
Тәрбиеші балалармен амандасып, көңілдерін сұрап, назарын өзіне аударады.
Психотренинг «Мен айналама
жылулық танытамын»
- Балалар, бүгін таңертең
тұрғанда, балабақшаға келер алдында үйлеріңде не істедіңдер?
(балалар жауабы)
-
Айнаға қарадыңдар ма?
-
Айнаға қарағанда өз-өздеріңе жымиясыңдар ма?
-
Олай болса, бір-бірімізге де қарап жымиып, жылулығымызды беріп, бір-бірімізді құшағымызға алайық (төс қағысу).
Ғажайып сәт «Күз дыбыстары»
Мақсаты: фонематикалық есту қабілеттерін арттыру, сөйлеуін дамыту.
Шарты: аудиожазба қойылады: күзгі жаңбыр мен жел дыбысы мен құстардың жылы жаққа ұшып бара жатқан дауысы естіледі. Тәрбиеші балалардың назарын дыбысқа аударып, жылдың қай мезгіліне ұқсайтынын сұрайды (күз мезгілі). Балалармен сұрақ-жауап жүргізіледі (күз мезгілінің белгілері, күзгі өнімдер туралы). Үлкендердің күзгі еңбегі туралы тәрбиелік жұмыс жүргізіледі.
Жағдаят «Жарнама»
Мегафонмен (дауыс күшейткішпен) жарнамашы кіреді:
-
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары! Бүгін Жамбыл аңғылында күз өнімдерінің жәрмеңкесі өтілуде. Жәрмеңкеге келіңіздер, көкөністер мен жемістердің дәмін көріңіздер. Жәрмеңкеде қызықты ойындар мен жарысытар өткізіліп, сыйлықтар таратылады. Келіңіздер, келіңіздер, көңілдеріңізді көтеріңіздер!
Тәрбиеші балаларға жәрмеңкеге баруды ұсынып, жолға шығады.
І ойын «Бірге жүру қызық»
Мақсаты: жалпы моториканы дамытып, ептілікті арттыру, бірлесіп жұмыс жасау.
Шарты: берілген екі жолақшамен жұптасып жүріп өту.

Жәрмеңкеге келеді. Бірнеше үстелдерге түрлі өнімдер қойылған (көкөністер мен жемістер, дәнді дақылдар, жаңғақтар)
ІІ ойын «Күлшеқыз»
Мақсаты: ұсақ қол моториканы дамытып, шыдамдылықты арттыру, бұршақ туралы түсініктерін қалыптастыру.
Шарты: «Үрмебұршақ туралы мәлімет» бейнеролик көрсетіледі. Педагог балаларға бұршақ туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, ойын ойнауды ұсынады: жалпақ ыдыста қызыл және ақ бұршақ араласып кеткен, соны сұрыптау қажет. Балалардың қолдарына (білектеріне) кішкене ыдыс жабыстырылады, сол ыдыстарға бұршақ жинайды.

ІІІ ойын «Қайда жасырылған»
Мақсаты: балалардың көкөністер туралы, олардың ағзаға берер пайдасы туралы білімдерін бекіту. Зейіндерін арттыру.
Ш
арты: «Көкөністер пайдасы туралы»
бейнеролик көрсетіледі. Педагог балаларға көкөністер туралы
түсіндірме жұмысын жүргізіп, ойын ойнауды ұсынады. Берілген үш
түсті қорапшаларға үш көкөністі жасырады. Қорапшаларды шатастырып
орындарын ауыстырады, балалар қай көкөніс қай қорапшада екенін
шатаспай айту керек.

Сергіту сәті «Көкөністер биі»
ІV ойын «Жемістер»
Мақсаты: балалардың жемістер туралы, олардың ағзаға берер пайдасы туралы білімдерін толықтыру. Заттың түсі мен көлемі туралы білімдерін және сан мен әріптерді бекіту.
Шарты: «Жемістер пайдасы туралы» бейнеролик көрсетіледі. Педагог балаларға жемістер туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, ойын ойнауды ұсынады. Берілген ағаш суретінде түрлі көлемдегі сары, қызыл, жасыл алмалар жабыстырылған Тәрбиеші айтқан алманы, мысалы-үлкен сары алма деп айтқанда, бала сол алманы тауап алады. Алма астында цифра немесе әріп тығылған. Карточкалардан сол жасырылған цифраны тауып алма орнына қояды.

V ойын «Асқабақ жинаймыз» (эстафета)
Мақсаты: балалардың асқабақ туралы, оның ағзаға берер пайдасы туралы білімдерін толықтыру. Жылдамдық, ептілік дағдыларын дамыту, бәсекелестікке тәрбиелеу.
Шарты: Педагог балаларға асқабақ туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, ойын ойнауды ұсынады. Балалар екі топқа бөлініп, екі таяқ көмегімен асқабақты себетке жинайды.

VІ ойын «Күзгі өнім түрлі-түсті» (Шығармашылық жұмыс)
Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, екі түстің араласуынан басқа түс шығатынын тәжірибе жүзінде көрсету .
Шарты: балалар берлген көкөністер мен жемістер трафареттерін бояу үшін алақандарына салынған гуашьты, досымен қол алысып араластырады, нәтижесінде екі түстен басқа түс шығарылады. шыққан түспен трафаретті бояйды (дәстүрден тыс әдіс –қолмен бояу).

Қорытындылау
Жәрмеңкеден алған әсері туралы сұрау, балаларды мақтау. Сыйға жеміс толы себет ұсыну.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз