Материалдар / Алтын күз бізде қонақта
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алтын күз бізде қонақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Күз мезгілінің құбылыстары мен күзгі табиғаттың ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту, балаларды жабайы аңдардың күзгі өмірімен таныстыру, өмір сүру жағдайлары туралы мағлұмат беру. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, қоршаған әлемге, тіршіліктің бәріне мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Оларды қорғай білуге тәрбиелеу. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2022
287
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Алтын күз бізде қонақта”

Маша:

Аю:

Қоян:

Күз:

Залдың іші мерекеге арналып әсем безендірілген. Балалар қолдарында жапырақ залға әуен мен кіріп орындарына тұрады.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме құрметті ата аналар, бүгінгі күз мерекесіне жиналған қонақтар! Астыққа толы күз мерекесі құтты болсын!

Тәрбиеші: Балалар сендер білесіңдер ме жапырақтар жерге түсіп,көкөністер мен жемістер піскен уақытты қандай мезгіл деп айтамыз?

Балалар: “Күз” мезгілі деп айтамыз

Жүргізуші: Ендеше күз туралы тақпақ айтып берейік

1 бала Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.


2 бала Жетті міне алтын күз.

Көптен күтіп сағынған.



3 бала Күз айы тамаша,

Ән айттық жаңаша.



4 бала Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.



Жүргізуші: Балалар қолымыздағы біздің не екенін білесіңдер ме?

Балалар: Жапырақ

Жүргізуші: Ендеше жапырақпен би билейікші

Жапырақ” биі барлық бала билейді

Тәрбиеші балалар қолдарындағы жапырақты жинап алады.

Жүргізуші: Балалар сендер қандай дыбысты естіп тұрсыңдар? Күннің күркіреп жаңбырдың дауысы. Үстіміз су болып жерде балшық болатын кез қандай кез балалар Жаңбыр жауған кез екен. Ендеше күз мерекесіне арнап ән айтып берейік.

Ән: “Жаңбыр”

(Ортаға жүгіріп билеп қолшатыр ұстап Маша кіреді кіреді)

Маша : Балалар сәлеметсіңдер ме? Көңіл күйлерің қалай?

Балалар:Жақсы

Маша: Мен орманнан Аюды жоғалтып алдым. Сендер көрген жоқсыңдар ма?

Балалар: Жоқ

Маша: Мен аюды қатты сағындым. Ол қайда жүр екен?

Жүргізуші: Маша сен мұңайма аю табылып қалар сен біздің балалармен ойын ойсыңба?

Маша: Алақай ойын ойнаймын

Ойын: «Күн мен түн»

Жүргізуші: Маша біздің қыздарымыз саған арнап би билеп береді.

Би: “Қолшатыр”

Ортаға аю шығады.

Аю: Маша Маша қайдасың?

Маша:Алақаай аюды таптым. Аюжан сен қайда жүрсің сені таба аламғасын балалардан көмек сұрай келдім. Балалар күз мерекесін тойлап жатыр екен.

Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар?

Балалар: Сәлеметсізбе?

Жүргізуші:Аю біздің балалар сенімен көңілді ойын ойнағысы келіп тұр.

Ойын «Аю»

Маша мен Аю: Балалар сендерге көп рақмет.

Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Қоян жүгіріп келеді

Қоян: Салеметсіздерме балалар? Көңіл күйлерің қалай? Сендер күз мерекесін тойлап жатыр екенсіңдер. Балалар сендер білесіңдер ме менің сүйікті тамағым қандай екенін?

Балалар: Сәбіз

Қоян: Жарайсыңдар!ры

Ендеше мен қыздармен ойын ойнағым келіп тұр

Сәбіз жинау деп аталады. (қыздар)

Жүргізуші: Қоянжан қыздарымыз саған көп сәбіз жинап берді. Біздің саңырауқұлақтар би билегісі келіп тұр.

Би “Саңырауқұлақ” (ұлдар)

Жүргізуші: Балалар енді біздер қоянға арнаған әнімізді айтып берейік.

Ән: “Сұр қоян”

Қоян: Рахмет сендерге мені қуантып тастадыңдар маған көп сәбіз жинап бердіңдер! Енді менің қарным ашпайтын болды.Рахмет! Сау болыңдар!

(қоян әуенмен шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар бізге тағы да қонақ келе жатқан сияқты.

Әуенмен Алтын күз келеді

Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар! 
Сәлеметсіздерме, қонақтар!
 
Мен - Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
 
Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
 Сендерге сыйлық алып келдім
Жүргізуші:Рахмет, саған Алтын күз! Қабылалдық сыйды біз! Балаларымыздың саған арнаған өлең шумақтарын қабыл алыңыз





Бала:

Сап-сары ала жапырақ,
Сап-сары ала атырап.
Сәл тербесе самал жел,
Түсіп жатыр жапырақ.

Бала

Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгіледі.

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді.

Бала:

Күз келді алақай!
Жапырақтар сарғайды.
Өсіп тәтті жемістер,
Құстар самғап ұшады.

Жүргізуші: Балалар Алтын күзге әсем әнімізді тарту етейік.

Ән: “Алтын күз

Менің сендерге дайындаған сыйлығымды қабыл алыңдар!Менің кететін уақытым болды. Сау болыңдар.

Балалар: Сау болыңыз!

Жүргізуші:Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Ал, келген қонақтарымызға

« Сау болыңыздар!» дей отырып, бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз. Алтын күзіміз берекелі,астыққа толы болсын!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!