"Алтын күз" ертеңгілігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын күз" ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топтағы сценарии "Алтын күз" Ертеңгілігінің барысы туралы,кейіпкері туралы айтылған. Балалардың тақпақтары бар және ән, "Кап-кап" және билер "Жапырқтар" және "Қолшатыр" билері .
Материалдың қысқаша нұсқасы





«Көбелек » ортанғы тобы


Тақырыбы:«Алтын күз»
















Дайындаған: Сатканова Д.К














Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, әріптестер «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары! Баршаңызды Күз мерекесімен құттықтаймыз. Биылғы жылдың Алтын күзі отбасыларыңызға береке, құт, ырыс әкелсін! Олай болса "Көбелек" тобы дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: -Қараңдаршы, бүгін біздің тобымыз қандай әдемі болып кеткен

қолымызға не үстап келдік?

Балалар-Жапырақтар

-Осы жапырақтардың түсі қандай?

Балалар-Сары

(Осы кезде әдемі «әнмен Күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы:-Сәлеметсіздер ме ,балалар!

Балалар:-Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы:-

Уа,халайық, дархан далам армысың

Табиғатым жаны жайсан тал мүсін

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр

Алмақ болып бар халқымның алғысын

-Мен Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын мен жалғыз келген жоқпын мен өзіммен бірге күз айларын ала келдім, Қыркүйек, Қазан, Қараша.

Қыркүйек

Макар-Алтын күз – қыркүйек,

Жер қара, күн жылы,

Адель-Жарқын күз – қыркүйек,

Жайнайды бұл күні.

Қазан –

Димаш-Қазан болды молшылық,

Дәулет қорын қалады,

София-Жарқырады жарқын күз,

Келді міне Алтын күз.

Қараша –

Сабина-Қараша, күз келді, күз келді,

Сары алтын жауып іздерді.

Еркеназ-Құс біткен керуен түзеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!

Шоғы толған гүлдей жайна Шақырады жарқын жүз Сайрандаған күліп-ойнап, Келді міне Алтын күз-деп- Қазір біздің балалар «Күзгі жапырақтар» биін билеп береді

Би «Жапырақтар»

Күз Ханшайымы: Өнерлерін жақсы екен. Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе –сары.

Бұл не? Балалар: Жапырақ.

Ән: 1. «Кап – кап – кап, тук – тук – тук »

Жүр-ші:Қуандырып біздерді, өлкемізге күз келді,

кел жемісті алтын күз кемелдейсін халқымыз.

Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.

Балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар:

Максим

Айнала сары ала

Қырманға дән тола

Ляйсан

Жемістер пісіпті

Қоймаға түсіпті!

Таймас

Ендеше не тұрыс

Болмасын жан қалыс

Ансар

Тойлайық, күлейік

Қуанып билейік!

Милана

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Азиз

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Асылжан

Көбейді құт береке,

Құтты болсын мереке


Жүр-ші:Шаршауды білмейміз
Көңілді би билейміз
Әсем сазды ән салып
Би билеуге дайынбыз

Би: «Қолшатырлы қыздар» (барлық қыздар билейді)

Ойын «Көкөнісмтермен жемістерді жеке жина»

Шарты: балаларды екі топқа бөліп көкөнісмтермен жемістерді жеке-жеке себеттерге жинау..

Жүр-ші :

Қадірменді қонақтар күзханшайымы біздің топта балалалр ғана емес ата-аналар да «Көбелек тобының» өміріне жақсы белсенді қатысады. Осы біздің бүгінгі мерекеде біз ата-аналарға мадақтау хат бергіміз келеді.

Күз ханшайымы сіз оларды құттықтап қойсаңыз деймін.

Күз ханшайымы: Құтты болсын мереке деп мадақтау хаттарды береді.

Жүргізуші мен Күз Ханшайымы : Міне, балалар, қонақтар «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймыз, Отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз. Қош сау болыңыздар.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2021
396
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі