БЕКІТЕМІН
ЖШС «Ай-Іскер» мектепке дейінгі
шағын орталығының директоры
____________Молдагалиева Л.Ж.
«Күншуақ» ортаңғы тобының
«Берекелі - Алтын күз» атты ертеңгілігінің сценарийі
Тәрбиешілер:. Алпысбаева М.А
.
2017 – 2018 оқу жылы
«Күншуақ» ортаңғы тобының «Берекелі - Алтын күз» атты ертеңгілігі
Күні: 20.10.2017ж
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.
Дайындық: өткізілетін орынды әсемдеу. Тақпақтар мен әндерді жаттап, би қимылдарын үйрену.
Кейіпкерлер: Жүргізуші – Алпысбаева М.А.
Күз ханшайымы – Сулейменова Қ.Ш.
Бақташы - Отепбаева З.К.
Күн - Молдагалиева А.А.
Бағдарлама.
1. Күз туралы тақпақтар
2. Би «Саңырауқұлақтар»
3.Балалардың орысша, ағылшынша тақпақтары
4. Ән «Алтын күз»
6. Ойын «Егін жинап аламыз»
7. Ән «Rain rain go awey»
8. Би «Жидектер»
9. Ән «Моя мамочка!»
10.Ойын «Кім жылдам»
11. Би «Модницы»
12.Ән «My friends»
Балалар әдемі сазды әуенмен саз залына кіріп орналасады.
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар, ағайын, Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі ортаңғы «Күншуақ» тобының дайындаған «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндегідей молшылық тілейміз! Ал балалар, берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Шыңғыс: Аспанды сұрғылт бұлт
Жан-жақтан жабады.
Күн бірте суытып
Жауын көп жауады.
Айару: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін
Анель: Ағаштарды жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Құстар қайтып барады
Көк аспанды қалықтап.
Адина: Алтын, сары,қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Асқар: Тапталады табанға
Судыр-судыр жапырақ
Өрттей сары бояуға
Малынғандай атырап.
(Балалар орындарына отырғызылады)
Би «Саңырауқұлақтар» (Шыңғыс,Әмірлан,Алихан,Асқар,Дамир,Нұрали Т.,
Батырхан,Али,Ақылжан,Ільяс,Мұрагер,Нұрали Н,Қуаныш)
Кенет, тарсылдаған шулы дыбыс естіліп кетеді)
Жүргізуші: Бұл кім екен? Мерекеміздің шырқын бұзып жатқан?(Музыка залына Бақша күзетшісі келеді)
Жүргізуші: Мына түріңмен мерекеге қалай келдің?Біз негізі сені емес, «Күз ханшайымы» келеме деп тосып едік
Бақша күзетшісі: Өздерің көріп тұрғандай мен ханшайым емеспін. Түрімнен қорқып мені ешкім жолатпайды-деп жылайды.
Жүргізуші: Мерекеде жылауға болмайды. Саған не керек?
Бақша күзетшісі: Балалар «Күз мерекесін болғызбаймыз», деп біреулер Күз ханшайымын ұрлап кетіпті.
Жүргізуші: Не деп тұрсыз ? Біздің мерекеміз не болмақ? Сіз кімсіз? Балалар сендер танисыңдар ма?
Балалар: Бақша күзетшісі.
Бақша күзетшісі: Рахмет балалар! Мені таныдыңдар ғой.Жаз бойы бақшада жемістерді, егістікте егінді күзетемін. Тамақ ішпеймін,жаңбырдың астында, күннің ыстығында тұрамын. Биыл егістікте егін бітік шықты.Соған риза боп жүргенімде,Күз ханшайымын ұрлатып алғаныма жүрегім ауырып тұр.Менің көңілімді орнына түсіріп маған бір көңілді ән салып беріңдерші.
Жүргізуші:Олай болса балалар Бақша күзетшісінің көңілін көтеріп, « Алтын күз» әнін айтып берейік.
(Музыка қосылып ән орындалады,Бақша күзетшісі бір шетте тұрып қол соғып билеп тұрады )
Бақша күзетшісі: Неткен тамаша ән, қандай өнерлі балаларсыңдар көптен бері бұлай көңілденбеп едім,бір марқайып қалдым, рахмет сендерге балалар!деп шығып кетеді.
Музыка естіліп ортаға күн кіреді.
Күн: Қайырлы күн балалар! Барлығы мені біледі, күннің көзін сүйеді.
Жүргізуші: Қош келдің!
Күн: Мен дәл бір тойдың үстінен түскен сияқтымын. Сендер мені күтпеген сияқтысыңдар. Білемін, білемін сендер Күз ханшайымын күтіп отырсыңдар ғой. Ал, мен күнмін. Қабақтарың неге түсіп кеткен? Жылдың қай мезгілін алсақ та табиғат өз ерекшелігімен сұлу көрінеді. Табиғатты аялау әрбір адамның міндеті. Бізді қоршаған орта аман болса біз де әрқашан көңілдіміз.
Ән «My friends»
Күн: Балалар қандай әдемі ән.
Күн:Қандай жақсы! Сендерге балалар ризамын. Мерекені жалғастыра беріңдер, мен тез күз ханшайымын жіберейін, мерекеде сендермен бірге болсын.
Күн залдан шығып кетеді.
Жүргізуші: Балалар,күз ханшайымы неге сонша кешікті екен? Біз күз ханшайымын шақырсақ тезірек келер?
Балалар:
Келші, келші, алтын күз!
Келші, келші, жарқын күз
Жүргізуші.Қане, балалар, Күз ханшайымы келе жатыр! Қошеметпен қарсы алайық!
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді. Қолында жеміске толы себет, үсті толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған әдемі бас киім. Қасында көкөністер бар.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысын.
Табиғатым,жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақшы боп бар халқымның алғысын.
Мен –Күз ханшайымымын, сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Жүргізуші: қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар да күз туралы тақпақтар мен өлеңдер айтады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз (Балалардың орысша, ағылшынша тақпақтары )
Әмірлан Down down даун,даун
Yellow and brown йелоу енд браун
The leaves are falling зе ливс е фолин
Over the town. оувэ зэ таун
Алуа Fall is fun фол из фан
I like to run ай лайк ту ран
I see the sun зэ ливс э фолин
Fall is fan фол из фан
Асель Autumn leaves are falling down отмн ливс э фолин даун
Falling down falling down фолин даун фолин даун
Autumn leaves are falling down отмн ливс э фолин даун
Yelow red orange and brown. Йеллоу рэд ориндж энд браун
Айзере. С. Spring is green сприн из грин
Summer is bright саммэ из брайт
Autumn is yellow отмн из йелоу
Winter is white. Уинта из уайт.
Күз ханшайымы: Рахмет Мен өзіммен бірге ойын алып келдім. Кәне ойын ойнауға қалай қарайсыздар балалар.
Ойын: « Егін жинап аламыз»
Ән «Rain rain go awey»
Би «Жидектер» биі.(Анель,Айзере С,Адина,Айша З,Аружан,Асель,Алуа,)
Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың өнері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә балалардың өнері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Ия, балалардың барлығы да өнерлі екен.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Енді балалар, сендерге жұмбақтар жасырайын, шешуін табыңдар.
1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығыннан суырып,
Әкелді әжем бір күні (сәбіз)
2.Жайлы жұмсақ төсегім
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар.
Қалай оны шешемін
Бұл не? ( Орамжапырақ)
3. Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады. ( пияз)
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақты шеше алдыңдар.
Жүргізуші: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға.
Шақырады біздерді.
Ал ендеше ойын ойнайық.
Ойын: «Кім жылдам»
Би «Модницы» (Айару,Самира,Айым,Айзере А,Айша И,Аянұр)
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Міне, менің сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге денсаулық шаттық және әкелсін!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығына рахмет. Бізге жыл айналып тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз. Балалар, күз сыйлығын топқа барғасын бөлісеміз.
Осы кезде әуен ойналып Күз ханшайымы қоштасып, шығып кетеді.
( Осы кезде найзағайдың күркірі естіледі)
Балалар, Күн жауғалы тұр, біз жауынан қорықпаймыз. Ән саламыз
Ән «Күз, күз»
Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін, көп енбек ету керек. Сондықтан сіздер енбекшіл, болуларыңыз қажет. Бүгінгі күз мерекесін жақсы тойладық.Әр отбасына бақ, береке әкелсін! Осымен «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!
Шыңғыс: Аспанды сұрғылт бұлт
Жан-жақтан жабады.
Күн бірте суытып
Жауын көп жауады.
Айару: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін
Анель: Ағаштарды жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Құстар қайтып барады
Көк аспанды қалықтап.
Адина: Алтын, сары,қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Асқар: Тапталады табанға
Судыр-судыр жапырақ
Өрттей сары бояуға
Малынғандай атырап.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алтын күз ертеңгілігі

шағым қалдыра аласыз