Алтын күз (ертеңгілік)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алтын күз (ертеңгілік)

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаға ортаңғы топқа
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алтын куз.

Ертеңгілік өтетін зал мерекеге сай әдемі безендірілген.

Жүргізуші: Армыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар бүгінгі біздің балабақшада өткелі отырған «Алтын куз» мерекесіне қош келдіңіздер.

Жапырақтар сап – сары

Қонып жатыр жерге көп

Қызықтап бау – бақшаны

Шаттанады бал – бөбек

Жүргізуші: Балалар! Сендерге күз ұнай ма? Балалар күз әртүрлі болады. Суық , жаңбырлы болады. Мұндай күзде үйде жылы жерде отырғың келеді. Күз неше айдан тұрады? Үш айдан тұрады қыркүйек,қазан,қараша. Балалар казір күздің қай айы? Қазан айы. (балалар жауабы)

Жүргізуші:Ендігі кезекте балалардың таппақтарына берейік.

Али

Айнала сары ала

Қырманға дән тола

Жемістер пісіпті

Қоймаға түсіпті!


Эсманур

Ендеше не тұрыс

Болмасын жан қалыс

Тойлайық, күлейік

Қуанып билейік!


Нұргүл

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.


Ақжүніс

Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.


Ибрахим

Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті Алтын күз,
Кемелденсін халқымыз .


Жүргізуші: Тыныш тыныш балалар! Мен бір дыбыс естіп тұрмын. Біреу асығып келе жатқан сияқты.(орманшы атай кіреді)

Орманшы атай: Мен ормандағы жеміс-жейдектерді ағаштарды күзетемін.Сендерге орманнан көптеген жұмбақтар ойындар әкелдім. Ал қәне бәрің тыңдаңдар шешуін бірге табыңдар.

Жұмбақ:

1. Көк лағым көгенде жатып семірді (қарбыз)

2. Үстіне тігіп көк шатыр (қызылша)

Астында қызыл дәу шатыр

3. Тәтті тәтті ішінде қатты (өрік)

Жүргізуші: Ата біз сіздің барлық жұмбақтарыңызды шештік. Енді біздің балалардың әнін тыңдаңыз.келесі кезекте ән айтылады.

Ән: «Күз келді »

Атай: Балалар әнді жақсы айтасыңдар екен. Келіңдер «Кім жылдам» ойынын ойнайық.

Ойын: Жапырықтар жинау.

Жүргізуші: Орманшы атай сіз қандай кереметсіз! Жақсы ойын ойлап тауыпсыз. Айтыңызшы Күз ханшайымы қайда?

Атай: Ойынға беріліп кетіп пін ғой қалайша ұмыттым қазір келіп қалар.

Жүргізуші: Жарайды олай болса күз ханшайымы келгенше таппақ айтайық.


Диас
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс ,
Алдық өнім сыйыңды.


Нурали

Күзім – ау, күзім – ау,

Мінезің бұзық – ау,

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық – ау.


Бексұлтан  

Көк майсалы көрікті, 
Алқаптағы көпегін. 
Бұл күндері киіпті, 
Сары жібек көйлегін. 
Асел

Ағаштардан жамырап, 
Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ! 


Нұрасыл

Кездескен соң күзімен,
  Бұтағынан үзілді.
  Ай жапырақ-сары алтын
  Айналаның бәрі алтын.


Атай: Балалар тынышталыңдар естідіңдерме біреу есік қағып тұр.

Жүргізуші: Міне Алтын күз ханшайымы қонаққа келді.

Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен кездескінеме қуаныштымын.

Жүргізуші: Сәлеметсізбе алтын күз ! Төрлетіңіз біз сізді күттік.

Алтын күз: Мені күткендеріңе өте қуаныштымын.

Жүргізуші: Сізге арнап ән айтамыз.

Осы жерде ән айтылады ( Жаңбыр )

Жургізуші: Біздің балалармен ойын ойнаңыз.

Ойын: « Күн мен жаңбыр»

Алтын күз: Балалар жақсы ойнайды екен енді қыздар мен би билегім келіп, тұр .

Би: « Жапырақтар»

Атай: Балалар сендерге алғысымды білдіремін. Бәріміз бірге көңілді ойындар ойнадық.Ән айтып би билегендерің ұнады. Біздің орманға қайтатын уақытымыз келді.

Алтын күз: Сендерге әкелген сыйлығымыз бар.

Себетке салынған жемістер таратылады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2020
402
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі