Материалдар / "Алтын күз" ертеңгілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын күз" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. 2.Күз туралы түсінігін кеңейту. 3.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қазан 2018
383
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Алтын күз мерекелі шара.

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу.

2.Күз туралы түсінігін кеңейту.

3.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілік:

Жүргізуші:Армысыздар ата-аналармен,қадірлі қонақтар, бүлдіршіндер. Бүгін берекелді де ырысты « Алтын күз» құрметіне арналған мерекеге қош келдіңіздер.

Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын жүз

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Айгүл:Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ

Саудырап түседі.

Мейіржан: Аспанды сұрғылт бұлт,

Жан-жақтан жауады.

Күнбірте суытып,

Жауын көп жауады.

Ж: Жарайсындар ! балалар .

Ж: Ал балалар,балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Алдымен сендерге жұмбақ жасырамын,ата-аналармен бірігіп шешейік.Таба алсаңдар шешімін қонағымды ортаға шақырам.

Жұмбақ: Жиім-терім болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар?

Дұрыс бұл күз мезгілі. Ендеше уәде еткендей ортаға қонағымыз Алтын күз ханшайымын қошеметпен шақырайық! (ортаға Алтын күз ханшайымы келеді).

Алтын күз : Сәлеметсіздерме, балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Мен –Алтын күзбін, жайдарлы жарқын күзбін.

Қонаққа келдім сендерге,оған достым таң қалма!

Жапырақтар да бар сиқырлы,ойын ойнар түр түрлі. Жұмбақтар бар қыр-сырлы.

Ж:Рахмет,саған Алтын күз!қарсы аламыз сізді біз. Отырыңыз жайғасып.



-2-



Ж:Ал ендеше балалар, бекер қарап тұрмайық қонағымызға өнерімізді ұсынайық.

Күзде өздері пісетін, асымызға түсетін мақтанбақшы сіздерге, көкөністер мен жемістер.

Досхан:(сәбіз)Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

Бейбіт:(жүзім) Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Ж:Сергіту сәтті «Жапырақ жинау»

Оралхан: (қызанақ)

Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімін

Барма адам сүйсінбей,

Ішпеген томат шырынын?

Айкөркем: (өрік)

Мен өрікпін,өрікпін

Бау бақшаға көрікпін.

Жангелді: (қияр)

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

Алтын күз: Өте жақсы балалар,енді мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін.Жұмбақтар жасырайын сендер оның шешуін шешіндер. Қабат-қабат қаттама,

Ақылын болса,аттама. (кітап)

Қалың киім ұнатады.

Шешіндірсең жылатады. (пияз)

Алты қырлы,

Алтын сырлы. (қалам)

Жарайсыңдар балалар,мен сендерге таң қалдым.

Ж: Ал ары қарай басқада балалардың өнерін тамашалайық.

Күнайым: (алмұрт)

Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттын.

Диас:(қарбыз)

Теңбіл,теңбіл қарбызды,

Тентек Серік жарғызды.

Жанар: (алма)

Мен алмамын,алмамын

-3-



Таңдай жұлар бар дәмім.

Ж: «Жапырақ биі»Ортаға қыздарымызды шақырайық.

Ақниет : (сәбіз)

Жер бетінде шашы бар,

Жер астында басы бар.

Манзура : (көк алма)

Мен алмамын,алмамын

Көк пен қызыл түсім бар,

Мендей тәтті жемісті

Кім біледі, айтыңдар?

Аманжан : (бұршақ)

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріне!

Дәмді тағамдармен,мен

Сый жасаймын бәріне.

Ж: Ортаға балаларымызды шақырайық, бізге қара жорға биін билеп береді.(қара жорға биі)

Инабат : (құлпынай)

Тамылжыған құлпынай,

Тәтті екен ау шіркін ай.

Жасайын деп ,бал шырын

Қабығынан аршыдым.

Батыр:(қызылша)

Қызылша деген атым бар,

Қант берер затым бар.

Адам қанын көбейтем

Ал сендер,соны біліңдер.

Ж:Ал енді ,балалар хормен «Күз жомарт» өлеңін қонақтарға ұсынайық.

Тоңазып атырап, Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ, . Саудырап түседі.

Күз жомарт дейміз біз,

Жемісін жейміз біз. Сарбиназ:

Қамба толы астыққа,

Алғыс саған алтын күз!

Бір уыс дән шаштымда,

Қап-қап қауын алдық біз.

Сезім:Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

-4-


Басымды мен иемін.

Алтын күз: енді балалар біз ата-аналарымыздың білімін тексерейік қалай қарайсыңдар.

Жұмбақ:Үндемей-ақ үйреткен,

Надандықты күйреткен. (кітап)

Түні бойы көп болды,

Таң атты да жоқ болды. (жұлдыз)

Ойын ұйымдастыру: Ойын шарттын түсіндіру.

Ойын шартты:Екі ата-ананы ортаға шығарып бір-бір шардан беріп,оларды үрлей жапырақтың суретін салу,бояу бір минут уақытта.

Рамазан:(жуа)

Боламын мен дәмдәуіш, Барлық-барлық тағамға. Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

Арина:(алша)

Мен алшамын,алшамын

Тіл үйіреді бал дәмін.

Ж:Ал енді хормен «Күзгі жапырақтары»өлеңін айтамыз.

Алтын сары,қызыл көк...

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлім деп,

Көз тартады атырап.

Күн шуақта маужырап,

Жатыр енді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ. Ой,алақай,тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтын іші алаша,

Аунар ма едім жатып ап!

Алтын күз:Керемет!Қандай тамаша!Балалар менің басқа да,бүлдіршіндерге баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін,сау болып тұрындар балалар!Келесі кездескенше!

Ж:Алтын күздің бізге арнап әкелген жемістерінен дәм тататын уақыт болған сияқты.Ал,бүгінгі «Алтын күз»ге арналған “Қызғалдақ» тобының мерекесіне уақыттарың ызды бөліп келгендеріңізге балалардың атынан алғыс ымды айтамын.Сіздерге күздей молшылық,Алтындай ден саулық тілейміз.

-Осымен «Алтын күз»мерекесі аяқталды,Балаларға көп-көп рахмет айтамын.Сау болыңыздар!




-5-

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!