Алтын күз ертенгілігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алтын күз ертенгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бірінші кіші Балапан тобындағы Алтын күз атты ертеңгіліктің сценариі
Жүргізүші, Алтын күз,

Кейіпкер

Көкөністер мен жемістер



    

Жүргізуші:               Қарсы алайық бәріміз,
                                 Жасымыз бен кәріміз.
                                 Қырдан кепті қыдырып,
                                 Алтын күзге бізге нұр төгіп.

                      Тілегім аман болсын ел іргесі,
                      Алтын күз қайта келді берекесі.
                      Молшылықтың жаршысы бола білді,
                     Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып, 
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
                    Енді бері қараңдар
                   Бізге қонақ келмекші
                   Сендерді бір көрмекші
                    Әуелі жұмбақ жасырам
                    Қулығымды асырам.
                   Таба алсаңдар шешімін
                   Қонағымды  ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)
Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.

Жүргізуші:  Ән салыңдар күліңдер
                    Жайнап гүлдей жүріңдер
                    Күздің тойын тойлайық
                    Би билейік, ойнайық. Ән: « Сәлем сәлем» қабыл алыңыздар! Орындайтын хор. Күз ханшайымы:  - Рахмет, балалар. Жүргізуші:   Кездескен соң күзімен,
                      Бұтағынан үзілді.
                     Ай жапырақ-сары алтын
                     Айналанын бәрі алтын. Кезегімізді биге берейік. «Жау-жау жаңбыр»  би қабыл алыңыздар! Жүргізуші:   Әсем әуен салдырған
                     Сәбилер де алғыр жан
                     Бал дәуреннің қызығын
                      Есте қалар балдырған.
Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесізбе?
Күз ханшайымы: Білмейді екем...
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.(Ойын «Көкөністерді ажырат» )
Жүргізуші: --Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті,жылдам.
Жүргізуші:    Бүлдіршінмен бәріміз,
                      Отбасындай бір ұямыз
                      Береміз ендеше 
                      Би өнеріне кезегін.
   Ортада бір топ бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы алайық.
Ойын: Жапырақты кім тез жинайды.

Жүргізуші:  Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын жүз.
                    Мол өнімді ісімен, таңдандырып халқын күз. Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі!
Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
          «  Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
            Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2020
369
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі