«Алтын күз» Кіші тобына арнадған күзгі мерекенің ертеңгілігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алтын күз» Кіші тобына арнадған күзгі мерекенің ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
конспект предназначен для детей младшего дошкольного возраста по ознакомлению с окружающим миром
Материалдың қысқаша нұсқасы



Кіші тобындағы «Алтын күз » атты ертеңгіліктің сценариі

Күзгі әуен әнімен балалар залға кіріп билейді де орындарына тұрады.

(Балалар «Сәлем сәлем»әннің ырғағымен залға кіріп ,шеңбер.

Жүргізуші:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жүз

Сары алтынға малынған,

Жетті міне алтын күз!

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!Бүгін біздің зал қандай әдемі,қаншама түрлі – түсті жапырақтарға толы.Балалар,бүгін бізде қандай мейрам?

Балалар:Күз мейрамы!

Жүргізуші: Дұрыс балалар.Ендеше күзге арналған тақпақтарымызды айтып берейікші?!

1.бала : Анель

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

2.бала:Аделя

Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп,

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп.

3.бала: Евгений

Ой, балалар,балалар,

Ел егінін орыпты

Қамбалары толыпты.




Жүргізуші: Жарайсындар балалар! (Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)

Жүргізуші:Ой, балалар!Естіп тұрсындар ма?

Жаңбыр жауайын деп тұрған шығар.

(Жаңбырдың дауысымен залға бұл кіреді)

Бұлт: Сәлеметсіздер ме, балалар !

Балалар:Сә-ле-мет-сіз бе!

Бұлт:

Күзгі көк бұлт мен болам

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын

Қаласам қазір сендерге

Жаңбыр болып жауамын.

Жүргізуші:

Жаңбыр,жаумай тоқтай тұр,

Дабылыңды соқпай тұр.

Саяғынды түгендеп,

Үйіріңді соқпай тұр.

- Біз сен жайлы би білеміз жәнә осы биді сізге сыйлаймыз.

Би: « Жаңбыр- жаңбыр жау жаңбыр»

Бұлт:Рахмет балалар!Қандай әдемі би!

Балалар:Жоқ (жүргізуші білдірмей қолшатырды алады)

Сендер жаңбырдан қорықпайсындар ма ?

Балалар:Жоқ!

Бұлт:Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар?!

Жүргізуші:Міне, біз қандай батылмыз!

(қолшатырды жазып балаларды астына тығылуға шақырады)

Бұлт: Сендердің ойнағыларын келеді ғой?

Ойын:Күн мен жаңбыр

Жүргізуші балалармен:

Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды.Бұлт орындықта отырып ұйықтайды.Бұлт балалардың дауысынан оянып,оларға су шашады, сол кезде балалар қолшатырдың астына тығылады.

Бұлт:Балалар,сендер барлығын жылдам және шапшан екенсіндер,мен сендерді ұстап алмадым.

Жүргізуші:Бұлт ,сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де жетіспейтін сияқты.Бізде күз жоқ екен.

Жүргізуші:Балалар,Күз қайда?Мүмкін адасып,бізге келе алмай жатқан шығар? Қане, балалар,бәріміз мерекемізге күзді қонаққа шақырайық.(балалар


орындарына отырып,қолдарың шапалақтап, аяқтарың тыпырлатып,күзді шақырады).

Күз келеді.

Күз:Сәлеметсіңдер ме балалар!Мені күтіп қалдындар ма?Мен Алтын Күзбін! Ормандарды,тауларды аралап,барлық жерді сары,қоңыр бояуға боядым!Міне сендерге де келіп жеттім, мерекелерін құтты болсын!

Жүргізуші:Рахмет сізге Алтын Күз!Ал біздің балалар сізге би дайындады.

Би: Тез отырайық

Күз: Рахмет балалар!Сендер ойын ойнағанды ұнатасындар ма?

Ойын: «Көкөністер мен Жемістер»

(Кілемнің үстінде көкөністермен жемістер шашылып жатады. 2- 4 бала шығып,бірінші себетке көкөністерді, екінші себетке жемістерді жинайды.)

Күз:Жарайсындар балалар!

Күз:Біздің досымыз Бұлт қайда кеткен?

Бұлт:Алтын күз,қарашы көкөністерміз бен жемістеріміз сиқырлы екен!

Бұлт:Олар тәтті алмалармен алмұртқа айналып кетіпті.

(Бұлт себеттегі алмаларды балаларға көрсетеді)

Күз бен Бұлт: Ал балалар,сау болындар!

Балалар:Сау болыныздар!

Жүргізуші:Балалар,міне біздің мерекеміз де аяқталды.

Бірақ күз бізбен әлі қоштаспайды.

Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.

Берекелі бақ дәулет

Арта түссін тойланып.

Сау болайық бәріміз,

Келгенше күз айналып.

(Балалар «Алтын күз »әнінің ырғағымен залдан шығады)

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2020
351
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі