"Алтын күз" мерекелік шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын күз" мерекелік шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Көрнекіліктер:Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Армысыздар, халайық, Бармысыздар, халайық! Күзгі тойды жұп жазбай, Бірге қарсы алайық!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,

ЖШС «Ер-таң1» шағын орталығы,

Мамырбаева Маншук Нурсагызовна, тәрбиеші


Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер:Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз»  атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол Күз ханшайымы.

Жүргізуші: Ендеше күз  ханшайымын  ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз ханшайымы:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар:  Жоқ.

Жүргізуші:

Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз ханшайымы: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

                      Ағайынды бәрі

                      Шықса жасыл

                      Түссе –сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз ханшайымы: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы әндер, тақпақтар біледі.  Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән «Күз»

Жүргізуші:  Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын  ойнап жіберейік. Ол ойын «Жеміс-жидектер» деп аталады. Ойынның шарты бойынша балалар өз себеттеріне жеміс-жидектерді жинайды. Қай бала көп жинайды сол бала жеңіске жетеді.

Ойын «Жеміс- жидектер»      

Жүргізуші:  Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)

 

1Алма                  

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай татар бал дәмім

Мына тәтті бал дәмді

Дастарқанарыңа арнадым.

 

2Шие

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

 

3Құлпынай

Жапырақта тасалап

Өскен жері бақша бақ.

Күрең қызыл шіркін- ай

Оның аты –құлпынай.

 

4Жүзім

Мен жүзіммін,

Күзде пісем салбырап.

Мен піскенде,

Қуанады балалар.

 

5Жүгері

Жүгері, жүгері сен келдің,

Өзіңмен бақыт әкелдің.

Сені көрген адамдар,

Бас салып жей береді.

 

6Қызылша

Ызаланған қызылша

Қып қызыл боп қалыпты,

Мен де бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге

Менсіз борщ болмайды,

Винегрет те үстелде.

 

7Қырыққабат

Мақтанғаннан не пайда,

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана.

 

8Картоп

Бақшамызда өседі,

Керек тағам деседі.

Бар қызыл көк, сарысы,

Ащы-тұщы бәрісі.

 

9Пияз

Болса да ащы,

Дәмді етер асты,

Өседі ол жерге,

Тығып алып басты.

 

10Сәбіз

Көкөніс бұл қалаулы,

Жасамас менсіз палауды.

 

11Алмұрт

Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың.                                       

 

12Өрік

Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Мені жеген балалар,

Мені жақсы көріпті.

 

13 Шабдалы

Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе

Аузынан кетпес бал дәмі

Онын аты шабдалы

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар жемістер! Ал ендігі қарсы алатындарыңыз жапырақтар биі.

Би: жапырақтар

Жүргізуші: Одан соң тамаша ән «Кап-кап, тук-тук»

Ән «Кап-кап, тук-тук»

Бұлт: Алтын күз бұл қалай болғаны? Сен мені ұмытып кеттіңбе?

Мен өзімнің тамшыларымды ертіп келдім.

Би тамшылар биі

 

Жүргізуші:Ән тырс –тырс

 

Күз ханшайымы: Өте тамаша, балалар!  

Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

                             Берекелі бақ-дәулет,

                             Арта түссін тойланып.

                             Сау болындар, балалар,

                             Келгенше жыл айналып

Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.

Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!

Соңында бір өлең оқып әдемі музыкамен ертеңгілікті аяқтау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
590
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі