Материалдар / Алтын күз мерекесі

Алтын күз мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша ұстаздарымен бөлісейн деп
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Алтын күз мерекесі!»


Кейіпкерлер:


Жүргізуші, Алтын күз, Тұмау


Балалар:

Көкеністер мен жемістер


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар.

Берекелі алтын күз құтты болсын.

Мерекесі халықтың алтын күзге арналған

Ертеңгілігімізді бастайық.


Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Баққытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.


Бүгін біздің «Берекелді, мерекелі Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұхсат етіңіздер.


Тақпақтар:

Руслан: Келді міне күз

Айнала сары түс.

Керемет тамаша,

Қандай әсем күз.


Аслан: Жеміс жидек пісті,

Қамбаға астық түсті.

Қызу жұмыс басталып,

Жинап алды жан салып.


Нұртас: Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі күз.

Жер қызығын қия, алмай,

Маужырап тұр сары күз.


Нұрлат: Жемісі мал теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Төлеген Санжар: Алтын сары, қызыл көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Жүргізуші: Балалар, Күз қайда? Мүмкін адасып, бізге келе алмай жатқан шығар? Кәне күз туралы ән айтайық, бізді естіп келіп қалар?


Ән: «Күз тамаша»


Күздің музыкасы естіледі, балалар орындықтарға барып отырады.

Залға Алтын күз кіреді.


Алтын күз: Сәлеметсіздер ма, балалар! Мені күтіп қалдыңдар ма?

Мен Алтын Күзбін! Ормандарды, тауларды аралап, барлық жерді сары, қоңыр бояумен боядым! Құстарды жылы жақтарға шығарып салдым!

Міне сендерге де келіп жеттім, мерекелерің құтты болсын!


Жүргізуші: Рахмет сізге Алтын күз! Ал біздің балалар сізге күз туралы мақал-мәтел айтқысы келіп отыр! Кәне тыңдап көріңізші!


Темірлан:

Екпей егін шықпас,

Үйренбей білім жұқпас.


Амирхан. Жердің сәні білім.


Мейірім: Арпа, бидай ас екен,

Алтын күміс тас екен.

Алтын күз: Тақпақтарыңда, мақал –мәтелдеріңде қандай жақсы!

Рахмет балалар! Сендер дұрыс айтасыңдар күз мезгілі тамаша. Ал мен сендерге сиқырлы қол шатырымды алып келдім. Сиқырлайды. Қолшатырды айналдырам, қыздарды күзгі жапырақтарға айналдырам!


Жүргізуші: Би «Жапырақтар»


Алтын күз: Рахмет қыздар! Жақсы билейді екенсіңдер.


Музыка әуенімен залға Тұмау кіреді.


Тұмау: Бұл не? Ап чи! Ештенені түсінбедім! Ап чи! Мында неге жиналып отсыңдар? Неге шулайсыңдар? Мен қайда келдім?

Балалар: Балабақшаға!



Тұмау: Балабақша? Ал сендер мені таныдыңдар ма?


Жүргізуші: Жоқ! Танығанжоқпыз!


Тұмау: Күз келді, күн суытты.

Менсіз бола ма күндерін?

Жөтеліп тамақ ауырып

Бұның бәрін сыйлайтын

Тұмау деген достарың! Ап чи!

Егер дендерің сау болса

Тез арада кетіңдер!

Мерекені болгызбаймын

Кәне бұл жерден кетіңдер!


Жүргізуші: Ешқайда біз кетпейміз!

Осында ойнап күлеміз!

Күзде бізге келіп тұр,

Сыйлықтарын беріп тұр!


Тұмау: ХА-ХА-ХА! Ақмақтар!

Күз мезгілі көңілсіз, ызғарлы,

Ойнауғада ыңғайсыз, сонда нестеп жүрсіз?


Жүргізуші: Біз балабақшада әр түрлі ойнаймыз, денсаулыққа пайдалы жаттығулар жасаймыз. Мықты боп өсеміз!


Тұмау: Ал мен дүкенге барамын,

Колла чипсы сатып аламын.

Ең пайдалы, дәмді де, түскі асқа кешке де.


Жүргізуші: Колла чипсы дегенің

Зиян келтіретін тағамын

Тұмаудан құтқаратын

Витаминдер жеу керек

Жаттығу жасау керек


Ойын: «Жаңғақтар мен алмалар»


Тұмау: Ия жаттығуларың пайдалы екен! Витаминдер жеу керек пе! Жоқ олай жасамаймыз. Оданда достарымды микроптарды шақырайын! Жыл бойы жинап жүрдім. Сақтап жүрдім арнайы. Қабын ашып қарайды. Кәне микроптар шығыңдар, балаларды тұмаумен ауыртып жіберіңдер! Қабынан микроп ойыншықты алып шығарады да балаларды қуады. Ал балалар орындықтарына қашып кетеді.


Алтын күз: Ал біз микроптпрдан қорықпаймыз, құтқарады біздерді, пияз деген көкөніс!

Ортаға пияз –бала шығады

Ералы: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Ең батылды, пайдалы

Көкеністің ішінде

Ем беретін пиязбын!

Тұмаудан да қорғаймын, Микроптарды жоямын!


Тұмау: Ой көмектесіңдер! Көзім ашып барады, қымбатты микроптарым қапқа қашып кетіңдер! Микроптарды қапқа тығады. Енді нестеймін?

А маған бір ой келді, сендерді тұмаумен жұқтыру үшін жаңбырды шақыру керек. Үстерін су болып жөтеліп ауырасыңдар. Ап чи.


Жаңбырдың дауысы естіледі. Міне жаңбыр өзі келіп жетті.


Алтын күз: Ал біз жаңбырдан қорықпаймыз, қол шатыр алып, ойнауға барамыз.


Ойын: «Жемістер мен көкіністер»

Балалар екі топқа 5 баладан бөлінеді, әр топта бір қолшатырдан беріледі. Жерге шалшық кетергі секілді қойылады Музыкамен бір-бірден қолшатырда алыпшалшықтан өтіп айналып келіп келесі балаға қолшатырды беру тиіс.

Кейін ойын жалғасы береді. Қай топ бірінші өтіп шықса сол жеңеді.


Ойынан кейін Тұмау чукіріп жүреді


Тұмау: Ап чи, маған не болды?


Жүргізуші: Денсаулық мықты болу үшін спортпен шұғылдану керек, және таңғы жаттығу жасау керек! Ал егер осындай пайдалы жемістер мен көкөністерді жесен, мүлде жазылып кетесін!


Ортаға көкөністер мен жемістер шығады тақпақтарын айтады


Тақпақтар:

Роллан: Асханадан шықпаймын,

Атым-пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.





Нұрсұлтан: Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойынды.

Қоянған да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз.


Тимур Санжар: Ақ түсім бар қант алар.

Қызыл түсім қанға-нәр.

Зияным жоқ, біліп қой

Қызылшамын пайдам бар.


Тұмау: Балалар мені кешіріңдерші, сендермен қалуға рұхсат етіңдерші. Мен енді жақсы болам спортпен шұғылданам, көкеністермен дос болам, сендермен қызықты ойын ойнаймын.


Жүргізуші: Балалар Тұмауды кешіреміз бе?


Онда бәріміз бірге ұлдардың биін тамашалайық.


Би: «Зонтик»


Алтын күз: Балалар, сендермен болғаныма қуаныштымын. Қаншама қызықты ойын білесіңдер, әдемі тақпақ пен ән айтасыңдар! Сендер сондай ақылды балалар екенсіңдер!

Бірақ менің де сендерге арнап әкелген сыйлықтарым бар. Бұл жапырақтар жәй ғана емес, сыйқырлы жапырақтар.


Ортаға себетті қояды орамалмен жабады.


Тұмау: Қазір біз алтын күз екеуміз сыйқырлы сөздер айтамыз!

Сендер көздеріңді жұмыңдар, бірақ ешкім қарамайды. Балалар кһздерін жұмғанда, тұмау себетті айырбастайды басқа алмалары бар себетке.


Алтын күз: Жапырақтар кәне кей, тәтті алма болыңдар!

Орамалды алайын не болғанын көрейн.


Орамалды ашады, алмаларды балаларға таратып береді.

Кәне балалар сыйлықтарды алыңдар!


Балалар сыйлақтырға риза болындар!

Тұмау:Қоштасатын кез келді!


Екеуі:Балалар сау болыңдар!


Шығып кетеді.


Ән:Алтын күз


Жүргізуші:Балалар осымен бүгінгі Алтын күз мерекесі аяқталды,келесі кездескенше сау болыңдар!!



03 Қаңтар 2019
447
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі