Материалдар / "Алтын күз" сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын күз" сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың күз туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1684
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Picture 1 Тасқұдық бастауыш мектебі









Тақырыбы: «Алтын күз»

(сайыс)



Picture 4































Өткізген: шағын топ тәрбиешісі

Қисманова Гүлсім













2017-2018 оқу жылы















«Алтын күз» сайысы

Мақсаты: балалардың күз туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ата-аналар, көрермендер! Бүгінгі шағын топ тәрбиеленушілерінің арасында өткізіліп отырған «Алтын күз» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Күз мезгілі - берекелі мезгіл! Күз өз байлығымен, өз құбылыстары мен кереметтерін ала келді!

Армысың жиылған мына қауым!

Көбейсін мерекең күн сайын!

Қошемет, құрметпенен ашайық,

Алтын күз отбасылық сайысын!



Ал енді сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық!

1 .Құспан отбасы

2.Сағыныш отбасы

3.Жайық отбасы

4.Меңдалы отбасы

5.Ізтұрған отбасы

6.Серік отбасы.





Бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен таныс болайық.

Жүру барысы:

І. «Таныстыру»

ІІ. «Кім жылдам?»

ІІІ. «Күзгі жапырақтарды топтастыру»

IV. «Күзгі сән үлгісі»

V. «Күз туралы жыр»

VІ. «Өз өнерін көрсету»



Енді сайысымыздың саралаушы әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек.

Сайысымызды бастайық рұқсат болса,

Топтарымыз жарысады бақ сынаса.

Сайысқа әділ қазы беретін,

Танысайық әділ қазы алқасымен – деп әділ қазылар алқасымен таныс болайық!

Мектеп меңгерушісі: Тоқжан апай,

Мектеп жұмысшысы: Камила апа.

Әр топты ортаға шақырып, реттік санын алуы керек.

Сайыстың орындайды шарттарын,

Көрейік кімнің өнерлі екенін.

Ал, ендеше сөз кезегін берейік,

Таныстырсын өздерінің топтарын, деп І.«Таныстыру» бөліміне кезек берейік. Әр топ өздерін таныстырады. (ретімен)

ІІ.«Кім жылдам?» бөлімінде балалар жемістің суретін бояйды. (алманың суреті). Бұл бөлімде балалардың жылдамдықтары анықталады.



Picture 10 Picture 11





Picture 14

ІІІ.«Күзгі жапырақтарды топтастыру». Бұл бөлімде күзгі жапырақтарды топтастырамыз. Шашылып жатырған жапырақтарды топтастырамыз. (Ол үшін шелек беріп балалар жапырақты шелекке жинайды) (уақыты 1-минут)

Picture 16 Picture 17

Picture 18

Модельер болу оңай ма?

Қиналып жатсаң мұңайма.

Әр мамандық өзгеше,

Өз мәнінде шырайлы.

Келесі бөлім IV.«Күзгі сән үлгісі» бөліміне кезек берейік.

Picture 19

Күздің айы қыркүйек,

Келеді білім, нұр тиеп.

Қоңыр салқын қазанда

Шық тұрады азанда.

Қара суық қараша,

Бұлт шіренсе тамаша.-дей келе келесі бөліміміз V.«Күз туралы жыр» бөліміне кезек берейік. Бұл бөлімде балаларымыз ретімен күз туралы өлең-жырларын ортаға шашу етіп шашады.

Есет:

Жайдарлы күз, жарқын күз!

Аяулы күз, алтын күз!

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқар күз!



Азиза:

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ, сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.



Айсезім:

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.



Кәусар:

Сары теңге жапырақ,

Бояған ба көл бетін.

Тоңазыпты топырақ,

Ызғарлы екен жел де тым.



Дана:

Жемісті мол беретін,

Күз дос екен бізбенен,

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.



Ерасыл:

Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.



Айсұлу:

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.



Шағын топтың бүлдіршіні бүгінгі

Көркейтер мектептің күнін ертеңгі.

Үйренген бар өнерін көрсетсін,

Өз өнерін көрсету бөлімінде,-дей келе, VІ. «Өз өнерін көрсету» бөлімінде балаларымыздың өнерлерін тамашалайық. (ретімен)

Picture 20 Picture 21



Қош демейік, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдай берсін қалыспаңдар.

Көрерменім көп болсын, күннен күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да.

Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рақмет! Келесі Алтын күзде кездескенше!!!

Picture 15





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!