ЕРТЕҢГІЛІК:

Жабасақ ауылы 2022-2023 ж
Тақырыбы: «Сыбдырлы сулу –Алтын күз!» Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Таңғажайып сәт: Алтын күз ханшайымы
Жүргізуші: Төңірек толы сары алтын
Күз келді туған жеріме
Шуағы нұрлы жайнаған
Алтын күз әсем айналам
Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар, баршаңызды бүгінгі мейрамдарыңызбен құттықтаймыз! Құттықтай отырып, бүгінгі біздің ортаңғы топтың «Сыбдырлы сұлу –Алтын күз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Залға әуенмен «Нұрбөбек » балабақшасының бүлдіршіндерін шақырамыз. Алғашқы сөзді балабақша меңгерушісі Искакова Жайнаға береміз.
Жүргізуші: Олай болса,
Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді бастайық
Жүргізуші:
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Тақпақтарды айтайық
Ортаға тақпақ айтуға
Алиасқар
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Көзайым
Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
Ән: «Алтын күз» бүлдіршіндеріміздің орындауыында
Жүргізуші: -Қараңдаршы, бүгін біздің тобымыз қандай әдемі болып кеткен
қолымызға не үстап келдік?
-Жапырақтар
-Осы жапырақтардың түсі қандай?
-Сары
Қуандырып біздерді, өлкемізге күз келді,
Кел жемісті алтын күз кемелдейсін халқымыз.
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.
Жүргізуші: Мереке ел мерейі,
Мерейлі күн көбейді.
Саусақтары майысып,
Қыздарымыз би билейді.
Жүргізуші:
Дәнге толып қызыл қырман,
Қырман басы қызыл думан.
Мөлдіретіп жүзімдерін.
Келді алтын күзім менің.
Молшылық күз – береке күз,
Берекелі күз – мерекеміз.
Жүргізуші: - Балалар, бізге қонаққа біреу келе жатқан сияқты, қане кім келгенін көрейікші?!
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Сіздерді Алтын күз мерекесімен құттықтаймын!
Күз мерекесі мол қазына, ырыс алып келсін.
-
Сәлеметсіңдер ме балалар! Балабақшаларың неткен әдемі еді, Мен өзіммен бірге сендерге түрлі-түсті жапырақтарымды ала келдім!
Раяна
Алтын күз – қыркүйек,
Жарқын күз – қыркүйек,
Жайнайды бұл күні.
Амир
Жарқырады жарқын күз,
Келді міне Алтын күз.
Қарақат
Қараша, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауып іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Шоғы толған гүлдей жайна
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз Ханшайымы: Балалар, мен
сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе –сары. Бұл не?
Балалар:
Жапырақ.
Алтын күз: Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар. Мен сендерге қызықты ойын ала келдім. Сол ойынды қоянмен бірге ойнайсыңдарма?
Балалар: Ия, ойнаймыз!
Ойын «Жемісті жинау»
Жүргізуші:
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Тақпақтарды айтайық
Айлин
Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
Әлинұр
Күздің қазан айында Алма, Алмұрт піседі. Жапырақтар сарғайып, Сыбдыр, сыбдыр түседі.
Атамбек
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Гүлназ
Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Алдияр
Келеді көшіп комбайн
Алтын дария егінді.
Жинап маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді.
Жүргізуші: Мерекелі кешімізге,
Әнімізді арнаймыз.
Оған қоса балалардың,
Бұлттар биін сыйлаймыз.
Би: «Қолшатыр биі»
Жүргізуші:
Жаушы, жаңбыр, жауа түс,
жаушы, жаңбыр,
Естімеген адамзат ән шығар бұл?!
Періштелер қондырған қанатымен,
О, құдірет ! Тамып тұр тамшыдан нұр
!
Ән: «Жау-жау жаңбыр»
Жүргізуші:
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Тақпақтарды айтайық
Қарақат
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті Алтын күз,
Кемелденсін халқымыз .
Ернар
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс ,
Алдық өнім сыйыңды.
Бексұлтан
Күзім – ау, күзім – ау,
Мінезің бұзық – ау,
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау.
Диана
Күз келді, алақай!
Алтын келді далаға.
Асылым
Жаңбыр жауып, жел соғады.
Бұзылады табиғат Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Саят
Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.
Әміре
Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Нұрислам
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды
тал, терек,
Жапырағын жұлғызып.
Эсманұр
Жапырақ
ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Би: «Қолшатырлы қыздар» (барлық қыздар билейді)
Ойын «Қолшатыр кімге
тиеді?» 
Шарты: балалар шеңберде жатқан қолшатырдың жанына тұрады. Музыка ойналады балалар билеп жүреді, музыка тоқтағанда балалар қолшатырдың жанына тұра қалу керек, қай балаға қолшатыр жетпей қалса , сол бала ойыннан шығып отырады.
Барысы: Тәрбиеші балаларға қолшатырды көрсетіп: Бұл не ? – деген сұрақ қояды.
Балалар : қолшатыр.
Тәрбиеші : Ал енді осы қолшатырмен бір ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: ия ойнағымыз келеді.
Тәрбиеші : мерекеміз қызықты болсын деп бір ойын ойнап алайық. Кәзір мен
Қолшатырларды мунда қоямын. (тәрбиеші шеңберге 5 қолшатырларды қойып шығады). Кім ойын ойнағысы келсе қолын көтерсін. ( тәрбиеші 6 баланың атын атап шығарады, балалар қолшатырды айналып тұрады). Музыка ойнаған кезде балалар шеңбермен қолшатырды айналып билеп жүреді, музыка тоқтағанда әр бала бір қолшатырды қолына үстап отыра қалу керек, қолшатыр жетпей қалған бала ойынның шарты бойынша , ойыннан шығады, тәрбиеші бір қолшатырды алады.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіле көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.
Жүргізуші:
Күн суытып келеді, жапырақтар түседі.
Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды.
Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім сыйыңды.
Көрініс: «Көкөністер таласы»
Төрем (Пияз)
-
Арамызда достарым,
Жасыл түсті баламын.
Айтқаным егер болмаса,
Жылатып өшті аламын.
Сұлу (Қияр )
-
Мен қиярмын, қиярмын
Мақтанбай қалай тұрармын
Сендерден бұрын мен пісіп
Дастарханда тұрармын
Нұршат (Сәбіз)
-
Дәруменнің өзімін
Адамзатқа пайдам көп
Мен кәдімгі сәбізбін
Бәріңнен де пайдам көп
Зейін (Картоп)
-
Таласпаймын ешкіммен
Өз орнымды білемін
Өйткені мен картоппын
Белгілі өзі – ақ керегім
Ойын: « Кім
жылдам?».
(2 ата-ана шығып жемістерді
жеу керек. )
Жүргізуші: ендігі кезекті жемістерге берейік.
Жемістер айтысы
Азиз (Алмұрт)
Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар
жұрттың.
Олжас (Жүзім)
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім
.
Әбілқасым (Өрік )
Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін.
Сәуле(Алма)
Мен алмамын, алмамын
Таңдайда қалар бәр дәмім.
Хадиже(Шие)
Мен кәдімгі шиемін,
Бәрінен ерте пісемін.
Жүргізуші: келесі кезекті күзге арналған
әндерге берейік
Алтын күз Ханшайымы: Міне, балалар, ата – аналар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймыз, Отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз.
Жүргізуші: “Күз сыйы” көрмесіне белсене қатысып, қол өнер дайындағаны үшін ата – аналарымызға алғыс айтамыз. (
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алтын күз Саки Гулсезим Абаткызы "Нұрбөбек"балабақшасы

шағым қалдыра аласыз