Материалдар / "Алтын күз" шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын күз" шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобына сабақ тәрбиешілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2021
284
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылы.

Окапова Асель Сыдыковна «Еркетай» бөбекжай-бақшасы» КМҚК-ның тәрбиешісі.


"Алтын күз"

Мақсаты:Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру, күз мезгілігің қоршаған ортаға әсерін таныту. тапқырлық, жылдамдық, ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту.

Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштардың селбіретіп.

Тойға бөлеп елімізді,күзім келді,

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Жер берді жемісті,

Күз келді келісті.

Күз байлық, береке.

Алтын күз мереке! (хормен)

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Балалар күз мезгілі өзінің мерекесімен, берекесімен туған өлкемізге де келіп жетті.Молшылығы үшін халқымыз күзді аса құрметпен қарсы алады.

Береке, бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын күз.

Сары алтынға малынған,

Жетті міне, қоңыр күз!.Осы кезде музыка ойналып ортаға Алтын күз кіреді.

Алтын күз:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздердің балабақшаларыңызға да күз келіпті. Менің көйлегімнен ұшқан қызыл, сары жапырақтар сіздердің залдарынызға қоныпты.

Жүргізуші:Балалар, бізге кім қонаққа келді.

Балалар: "Алтын күз"

Жүргізуші: Ендеше балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен. Осы қонақтарға өзіміздің керемет балақандар екенімізді көрсетейік. Ол үшін шеңбер бойына жиналып, көңілді тақпағымызды айтайықшы.

Балалар: Бала, бала, балақан,

Қане қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Топ-топ, топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық,

Жаса-жаса алтын күн!

Жаса-жаса жарқын күн!

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар! Ендеше қараңдаршы, айнала неткен сап-сары жапырақтармен көмкерілген. Себебі балалар, бізге күз мезгілі келіп жетті. Күз мезгілінде ауа райы суыта бастайды, жауын көп жауып,жел тұрады және жапырақтар сарғайып түседі.

-Күз суытқанда біз қалай жаураймыз? (Балалар алақандарын, қолдарын ысқылап жаурағандарын білдіреді)

-Күз мезгілінде жел, боран қалай соғады? (балалар желдің даусын салады)

-Ал жаңбыр қалай жауады? (Тырс-тырс, тырс-тырс)

-Ендеше балалар, Алтын күзге арналған тақпағымызды айтайықшы.

Раяна: Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Алтын астық айналам.

Балжан: Қамба толы астыққа,

Алғыс саған, Алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап жеміс алдық біз.

Айерке: Күз мезгілі әдемі!

Шақырады сіздерді.

Адия: Күн суытып келеді,

Жапырақтар түседі.

Айлин:Қызыл, сары алтын-көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар! Маған арнап қандай тамаша тақпақтар айттыңдар сендерге қатты риза болдым.

Жүргізуші: "Алтын күз" Біздің балалар өнерлі. Ән салып, би де билеп береді.

Ән:" Күз"

Ғажайып сәт: Есік қағылып, топқа сәбіз кіреді.

Сәбіз: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Балалар амандасады.

Сәбіз: Балалар сендер менің кім екенімді білесіңдер ме?

Балалар: Сәбіз.

Жүргізуші: Сәбіз қайда өседі?

Балалар: Бақшада.

Сәбіз:Балалар, дұрыс айтасыңдар. Сәбіз бақшада өседі.Мен бақшаға сәбіздер егіп ем, сол сәбіздерді жинауға көмектесесіңдер ме?

Балалар: Көмектесеміз.

Сәбіз: Ендеше, балалар, қазір біз сендермен "Кім жылдам" ойының ойнаймыз.

Ойын шарты:Сендер мына тұрған бақшадан сәбіздерді жинап, себетке саласындар. Кім жылдам себетке сәбізді жинайды сол женіске жетеді.


Бақшамызда көкөніс,

Тағы берді көп өніс.

Жинау керек тез енді,

Болмау керек бөгеліс. Ойынды бастайық.

Сәбіз: Рахмет, Балалар! Сендер көкөніс пен жемістерді талғамай көп жендер, сонда қыс мезгілінде ауырмайсыңдар. Бірақ, барлығын жуып жеңдер. Ал енді сендердің өнерлеріңе көп рахмет! Мен басқа балабақшалардың балаларының өнерлерін көріп келейін. Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Жүргізуші: Ия, балалар, табиғаттың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз тағы келді. Ол күздің әсем көрінісін қыздарымыз күзгі жапырақтармен билеп көз алдымызға елестетсін.

Би: "Жапырақтар"

(Би аяқталып, қыздар орындарына отырады).

Жүргізуші:Балалар неліктен біз "Алтын күз" дейміз.

Балалар: Күн салқындайды, жапырақтар сарғаяды.

Жүргізуші: Балалар, бүгін сендер өнерлерінді көрсетіп, белсенділік таныттыңдар.

Алтын күз:Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына қолымдағы себетті көрдіндер ме?Бұл себетте не бар екен, қараңдаршы.

Балалар: Жапырақтар.

Алтын күз: Қазір біз осы жапырақтармен "Жапырақтарды тез жинау" ойының ойнаймыз.

Ойын шарты: Ортаға екі бала шығады. Кім жапырақтарды тез жинап, себетке салса сол бала жеңімпаз атанады.

Алтын күз: Ойын ұнады ма балалар?.

Балалар: Ия, ұнады.

Алтын күз:Жарайсыңдар балалар, тапсырманы мұқият орындадыңдар. Рахмет, маған мереке өте ұнады. Ал енді менің орманға қайтатын уақытым болды.

Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып,

Сау болыңдар, балалар,

Келгенше жыл айналып.

Жүргізуші, балалар: Сау болыңыз Алтын күз!

Жүргізуші: Ендеше барлығымыз ойымызды, бойымызды тынықтырып алайық және келген қонақтармен қоштасайық.

Балалар: Қоюланып тағы бұлт,

Жаңбыр жауды себелеп.

Жапырақтар жамылып,

Бұға қалды көбелек.

Жүргізуші:Алтын күз өлкемізге өзінің берекесімен орала берсін. Еліміз молшылықта өмір сүрсін! Балабақшамыз сәбилердің күлкісіне тола берсін,-дей отырып осымен "Тұлпар" кіші тобы балдырғандарының дайындаған мерекемізді аятаймыз.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!