Жүргізуші: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
-Құрметті балалар, қонақтар «Күз сыйы» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер. Күз мерекесі тағы да құтты болсын. Ал, енді қошеметпен балаларымызды қарсы алайық.
Балалар залға музыкамен кіреді, жарты шеңберге тұрады.
Жүргізуші: Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқар күз- дей отыра балаларымыздың Алтын күз әнің қабыл алыңыздар.
Ән: Алтын күз. Ән айтып болғаннан кейін балалар орындарына отырады.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз.
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне алтын күз.
Күз- жылдың берекелі мезгілі. Күз мезгіліндегі қандай айларды білесіндер? Қыркүйек, қазан, қараша. Бүгінгі мерекеге орай біздің бүлдіршіндеріміз өздерінің жылы лебіздерін жолдайды.
1-бала: Қыркүйек айы.
Мен күздің айымын,
Молшылық беремін.
Жылы күн райымын,
Қыркүйек айымын.
2-бала: Қазан айы.
Қазан айы молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкке қол созып,
Құстар ұшып барады.
3-бала: Қараша айы.
Құстар қайтып күз болды,
Сұр бұлт жапты аспанды.
Жапырақ түсіп гүл солды,
Қараша ызғары басталды.
Жүргізуші: Балалар, тонып қалмас үшін бойымызды сергітіп алайық.
(Күзгі ритмикалық жаттығулар.)
Шеңберге тұрамыз,
Жапырақтай шулаймыз:
Шух-шух-шух-шух,
Жерге түсе бастаймыз, (отырады.)
Ағаштай тік тұрамыз,
Сол сияқты тербейміз,
Күзгі жел боп әндетеміз:
У-у-у-у-у-у
Күзгі жел боп айналамыз (Айналады.)
Тамшы болып секіреміз (Секіреді.)
Таза ауада ойнаймыз (шеңбер құрып жереді.)
Күз сияқты дем аламыз (демдерін шығарады, қолдарын төмен түсіреді.)
Үлгілі баладай отырамыз (орындарына отырады.)
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.
Музыка ойнап залға Күз Ханшайымы келеді.
Күз Ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар.
-Мені таныдындар ма?
-Күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім біледі?
Балалардың жауабы: Жапырақтар сарғайып жерге түсе бастайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Күз Ханшайымы: Дұрыс айтасындар, балалар. Күн біртіндеп қысқарады, жауын – шашын көбейіп, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Ал енді күз айларын және күз ерекшеліктерін кім маған жырға қосып айтып береді?
Балалардың тақпағы.
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Бәріміз мұқият тындайық.
1.Қалын киінгенді ұнатады,
Шешіндірсен жылатады. (Пияз.)
2.Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар. (Сәбіз.)
3.Әрі қызыл, әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты. (Алма.)
4.Ағайынды бәрі:
Шықса –көк,
Түссе- сары. (Жапырақтар.)
5.Жапырақты бояды, Атырапты бояды.
Бояп- бояп барлығын
Сап- сары ғып қояды. (Күз.)
Жүргізуші: Күз Ханшайымы, біздің балаларымыздың өнерлері бұнымен шектелмейді, біздің балаларымыз өте талантты қәне төрлетіңіз біздің өнерімізді тамашалаңыз.
Би: _______________________________
Күз Ханшайымы: Иә, дұрыс айтасыз бұндай өнерлі балалардың ортасына келіп ойнамай кеткенім жөн болмас. Күз- жылдың берекелі мезгілі екенің балалар білесіндер, күзде бау-бақшамызда дәнді дақылдарымыз, көкөніс, жемістер пісіп, енді соларды жинайтын кез келді. Сендер маған көмектесесіндер ме? Ендеше жемістер мен көкөністерді жина деген ойынды ойнағым келіп тұр.
Қимылды ойын: «Жемістермен көкөністерді жина».
Ойынның шарты: Ойынның шарты бойынша балаларды Алтын күз және Жомарт күз деп екі топқа бөледі. Алтын күз тобы себеттеріне жемістерді жинайды, ал Жомарт күз тобы көкөністерді жинайды.
Ән: Жаңбыр.
Күз Ханшайымы: Жаңбыр туралы жақсы ән біледі екенсіндер, ал жаңбыр жауғанда айналамыз батпақ, лай болып кетеді ғой, сол батпаққа батып кетпес үшін біз не істуіміз керек? Дұрыс батпақтан секіріп өтуіміз керек. Ал, ендеше ойын ойнайық.
Ойын: Батпақтан жүгіріп өт.
Ойынның шарты: Балаларды екі командаға бөлеміз, кілемнің үстінде батпақтың суреттері жатады, балалар аяқтарына резеңке етік киіп сол батпақтардан секіріп өтіп орындарына келеді.
Жүргізуші: Бізді күз мерекесімен құттықтауға кішкентай достарын келіп отыр. Қарсы алындар.
Би: «_____________________»
Күз Ханшайымы: Қандай, керемет. Ал, мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты Көңілді себеттер.
Ойынның шарты: Ортаға бес себет қойылады және алты бала шақырылады. Көңілді әуеннің сүйемелденуімен балалар себетті айналып билейді. Әуен тоқтаған кезде балалар жылдам себеттерді көтеріп алады. Себет жетпей қалған бала ойыннан шығады. Жеңімпаз бала сыйлықпен марапатталады.
Балалардың тақпағы.
Би: Жемістер биі.
Жүргізуші: Жақсы, жарайсыңдар, балалар. Балалар, сендер бұл жеміс-жидектерді, көкөністерді жақсы көресіңдер ме? Иә, оларды жеген өте пайдалы. Ал, сендер қайсысы жерде бау-бақшада, ал қайсысы ағашта өсетінің білесіндер ме? Олай болса сендерді ортаға шақырамын.
Ойын: Отырмақ!
Ойынның шарты: Барлық балалар жүргізушінің алдына тұрады. Жүргізуші кезекпен оларға жемістердің, көкөністердің атауын айтады. Егерде көкөністерді айтса, балалар отыра қалады, ал егер ағашта өсетін жемістерді айтса қолдарын жоғары көтеріп тұра қалады. Кім де кім қалып қойып отырса немесе қолын кеш көтерсе сол ойыннан шығады. Соңына дейін бәрін мұқият дұрыс істеен бала жеңіске жетеді.
Жеке Ән! «Жемістер!»
Күз Ханшайымы: Ой балалар, менің көңіл-күйімді көтергендеріңе сендерге рахмет. Өңерлерін үстем болсын, өте талантты балалар екенсіндер. Келесі күз келгенше білімдерінді де өнерлерінді де кеңейте беріңдер. Ал мен сендермен қоштаспай тұрып соңында тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Сендерге арнайы бүгінгі мерекеге сиқырлы орамал алып келдім менімен ойнайсындар ма?
Ойын: Сиқырлы орамал.
Ойынның шарты: Балалар шеңберде тұрып әуеннің ырғағымен билейді. Әуен тоқтаған кезде, отырып көздерін жұмады. Күз Ханшайымы бір баланың бетін орамалмен жабады, қалған балалар көздерін ашып, орамалдың астында кім жасырынғаның табулары керек. Солай бірнеше рет қайталанады. Соңында Күз Ханшайымы сыйлыққа толы себетті жабады, балалар көздерін ашып, себеттің ішінде сыйлықтар жасырынғаның көреді.
Ойынның соңында Күз Ханшайымы балаларға тәттілерді үлестіріп береді.
Күз Ханшайымы: Ал, енді балалар, мен сендермен қош айтысамын, сау болыңдар. Күз Ханшайымы залдан шығып кетеді.
Жүргізуші: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді – дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Алтын күз" сценарий

шағым қалдыра аласыз