«Алтын күз»
Балалар безендірілген залға әдемі әуенмен
кіреді.
Жүргізуші:Құрметті балалар, ата-аналар және
жиналған қауым!
Сіздерді алтын күз мерекесімен құттықтаймын.
Сіздерге күздей
молшылық тілейміз!!!
Күзім-ау, күзім –ау
Мінезін бұзық ау,
Жаңбырын сіркіреп
Келгенің қызық-ау!- дей отыра бүгінгі
ертеңгілігімізді бастауға
рұқсат етіңіздер! Балалардың күз туралы
жаттаған тақпақтары бар
екен, ендеше қарсалыңыздар
ортаға:
Тақпақтары:
1 Зере:Жайдарлы күз жарқын күз
Аяулы күз алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқар күз
2.Иван:
Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйынды
3 Малика:
Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын күз
Сайраңдаған күліп ойнап,
Келді міне Алтын күз.
4.Ансар: Көбейді құт береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз
5.Мерей:
Кездескен сон күзіммен
Бұтағынан үзілген
Ай жапырақ сары алтын
Айналаның бәрі алтын
6 Дильназ: Қарашы күз келді күз келді
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуен түзеді
Көңілсіз неліктен күз енді.
7.Амир: Жапырақ ұшты
Суық та түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде
8.Аяжан:Күзім-ау күзім-ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық ау
9.Әмірбек: Алтын сары қызыл көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Күз мерекесіне арнап балалар
сендерге Үйшік ертегісін
тамашалауға ұсынамын.
Дамежан Баяғы заманда, жалғыздан жапан
далада.
Бір кішкентай үйшік тұрыпты, осы үйге қарай біреу
келе
жатқан сияқты.
Бұл үйге жүгіріп келе жатқан бір тышқан кез
болыпты.
Тышқан:мына үйшікте кім бар?
Жүргізуші:тыныш тышқанжан мұнда кіріп, тұру үшін тақпақ
не
өлең айту керек.
Тышқан:Мен
ештене білмеймін, балалар маған көмектесе ме
екен?
10 Ислана:Сарғайды тоғай
Сап-сары маңай
Сонғы әнін айтып
Құс кетті қайтып.
11.Ерғали: Ой
балалар балалар
Қонырқай күз болыпты
Куран жапырақ салыпты
Ел егінін алыпты.
12.Айлана:Тоңазып атырап
Көп жеміс піседі
Сарғайып жапырақ.
Саудырап түседі.
13 Ясимна
Қайланова:Аспанды сырғылт бұлт
Жан-жақтан жабады
Күн бірте суытып
Жауын көп жауады.
14.Алдияр: Ой,
алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап!
15.Ясмин Қарбай:Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Жүргізуші: Балалар қарандаршы біреу келе жатқан
сияқты.
Қоян: мына үйшікте кім тұрады?
Тышқан: Мен
тышқанмын,ал сен кімсің?
Қоян: Мен
қоянмын, сенімен тұруға болама?
Жүргізуші: болады бірақ балалармен ойын
ойнасан
Ойын: «Жапырақ жинау»
Қоян үйге кіреді.
Тағы біреу келе жатқан сияқты.
Бақа:
бақ-бақ бақ мынау үйшікте кім тұрады?
Тышқан мен
қоян :бұл кім?
Бақа::мен бақамын бақ бақбақ сендермен тұруға бола
ма?
Жүргізуші:болады, бірақ қонақтарға өз өнерінді көрсету
керек.
Бақа::жақсы балалар сендер алтын күз туралы ән
білесіңдер ме?
Балалар:иә
Бақа:ендеше ән айтайық.
Ән –шашу:Күгі әуен.
Бақа үйге кіреді.
Біздің үйшікке біреу келе жатқан
сияқты
Түлкі:мынау үйшікте кім тұрады екен?
Тышқан, қоян, бақа: а бұл кім?
Түлкі:Бұл мен қу түлкімін, сендермен бірге тұруға
болама?
Жүргізуші: болады түлкіжан бірақ ,өз өнерінді көрсету
керек.
Түлкі: мен
тақпақ білуші едім , бірақ ұмытып тұрмын балалар
маған көмектесесіңдер ме?
16.Айша: Санай бер,
Қарай бер,
Бояуы жүз,
Келді күз!
17.Арман:
Алтын суық күз келді
Жел мен жаңбыр әкелді
Құстар ұшып кетеді
Ән салмайды өтеді.
18.Айсана: Жел
тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып.
19. Әбілмансұр: Көк
майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
Түлкі үйге
кіреді:
Жүргізуші: Балалар бүгін қандай мереке? «Алтын күз»
мерекесі
қай мезгілде болады?
Ендеше Күз ханшайымын ортаға
шақырайық
Әндетіп , билеп Күз кіреді.
Күз: Бұлттар төніп
Жерге шөгіп
Дымқыл тұман болады.
Шөп сарғайып
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады
Бөбектерім-ай тыңдаңдар
Бұл қай кезде болады?
Ойын: Қолшатыр! Мен
сендерге құр қол келген жоқпын
балалар ойынымды алып келдім.
Жүргізуші:
Балалар Күз ханшайымына арнап ән айтайық
Ән : Қоңыр күз!
Әннен кейін үйшікке қарай аю келеді.
Аю: Бұл
үйшікте кім тұрады екен ?
Жүргізуші: Бұл үйшікте тышқан ,қоян, бақа, түлкі
тұрады
Аю :
меніңде бұл үйшікте тұрғым келеді.!!!!!!!!
Жүргізуші: Бұл
үйшікке кіру үшін өнерінді көрсету керек.
Аю:менің еш өнерім жоқ, деп аю күрсініп
қалады.
Күз :
Аюжан күрсіңбеші, мен саған көмектесемін .ал
балалар
сендер аюға көмектесесіңдер ме?
Балалар иә:
Балалар күз мезгіліңде неше ай
бар?
3
1.Сафина Бірінші қырқүйек
Білімге бастады
Мал мең аң жүр билеп
Құс шарлап аспанды
2.Мансұр Жаңарткан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.
3.Ерасыл
Мол байлық тергені
Шаттығы қаңшалық
Қараша өрледі
Қараша ән
салып
Аю : балалар рахмет. Аю
ойнатады.
Ойын: Ата-аналармен:Қаппен секіру.
Аю үйшікке кіреді
Дамежан : Бүкіл жануарлар достасып кішкентай
үйшікте
бірге тұрады. Тәту тәтті, болады, қол ұстасып
бірге шығып кетеді..
Жүргізуші.
Ал ендеше балалар Күз ханшайымен би билеп
жіберейік
Би:
қыздардың орындауында – «жапырақтар»
Күз шеңбер ортасына тұрып балаларға
сиқырлы
жапырақтар таратады.
Күз: балалар сендер өте өнерлісіңдер мен сендерге
өте
ризамын .Келесі жылы кездескенше сау
болындар.!!!!!!
Балалар :Сау болыныз!!!!!!
Кенеттен Қызыл телпек
шығады.
Балалар мен жана орманда
келе жатып Күз ханшайымын кездестірдім ол
сендерге си –
сияпатын беріп жіберді.
Балалар Күзде қандай жемістер көкөністер піседі
сендер
білесіңдер ме?
Иа
1.Ансар: Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз
2.Малика
Мен алмұтпын, алмұртпын
Аузын дәмін бар жұрттың.
3.Әбілмансұр: Өсіретін бойынды
Дамытатын ойынды
Қоянға да азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз
4.Арман Тал
шыбығым бұралып
Тұрған ол мен қызанақ
Бақшаларда қызарып
Күнге қарап ұялып !
5.Аяжан Мен
алмамын алмамын
Таңдай жұлар бар дәмім.
6. Алдияр
Әсем бақша бауында
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болмай қауымға
7.
Кім Бар сәбіз шырының
Жастайынан ішпеген
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
8.Иван
Мақтанғаннан не пайда?
Мінсіз ләмді щи қайда.
Мені қосса самсаға
Бәрі жейді самсана.
9.Әмірбек
Кім білмейді шалқанды
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сын боламын
Тауып көр менен дарханды
9. Амир
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйінде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне
Жүргізуші:біздің балалар би де билеу білеу
біледі тамашалайсын
ба қызыл телпек !Би: ұлдардың
орындауында!
Қызыл телпек :балалар өте ақылды екенсіңдер мен
Алтын
күздің сыйын апайларына берем топқа барғанда
дәмін татасыңдар!
Сау болындар балалар!!!!! Осымен ертеңгілігіміз
аяқталды, келгендеріңізге көп-көп рахмет!!
Сау болыныздар!!!!!!!!
№12 «Мерей» балабақшасы
Ертеңгілік
сценарийі:
« Алтын күз»
№5 «Бүлдіршін» ІІ кіші
тобы
Дайындаған:Амантаева Р.
Ж.
Ахметкалиева К.К.
Көкшетау-2016ж