Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Алтын күз" спорттық ойын
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Музыка ойнап,
әсем безендірілген
залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр
төгіп.
Тілегім аман болсын ел
іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала
келді.
Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Көк майсалы көрікті,
алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар?
(Күз мезгілі)
(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)
1.Азамат: Қуандырып біздерді,кел
жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.
Жеміс мол теретін, күз дос
екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз
деген.
2. Арай: Жетті
желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.
3. С.
Мансур:Қыстың жақын қалғанын,
жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,
Анасынан ажырап, қалған бала
секілді.
4. Ясмин:
Жатыр дала жалтылдап,
жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды
Көктемде егін егетін, күзде
жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы
айнала.
5.
Айдос Көк майсалы
көрікті,
Алқаптағы көпегін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет
жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
(алтын күзге арнаған әнімізді
айтайық)
Ән: «Алтын күз»
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?
Күз
ханшайымы: Сәлем менің
достарым,
Өмірге көп
қосқаным,
Күз сыйлығын
алыңдар
Сыйлығына
қаныңдар.
Молшылыққа
кенеліп,
Шаттық әнге
салыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе жыладық. (Пияз)
3. Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да
Айналар нанға да.(Бидай)
4. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
5. Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар. (Мақта)
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдер біледі.
1.Екпей егін шықпас, 2. Жердің сәні егін
Үйренбей білім жұқпас. Ердің сәні білім
3. Егіндікті күз суар. 4. Арпа, бидай ас екен
Күз суарсаң, жүз суар Алтын күміс тас екен
5. Не ексен соны орасың 6. Жері байдың – елі бай.
Жүргізуші:Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.
Би:
«Шағала»
Мадина: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
2 -
бала: Енді, енді не етеміз?!
Мадинаға қалай көмектесеміз?
Қабдолла
Әдия: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Мадина: Жо - жоқ! Дәрігер керек
емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Азамат: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Абылайхан: Ауырмау үшін суық суға шомылу
керек
Бұл - дәлелденген рецепт!
Мадина: Ах!
Бәрі
бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел
жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала
келеді)
Жанель: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі
бірге: Мадинаға дәрігерлік көмек
керек!
Жанель: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін
тыңдайды)
Жанель: -
А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық
екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Мадина: Енді не істеймін?
Жанель: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
Жүргізуші: Балалар,ендеше Эфирде – «Күзгі бақша» телеарнасының , Қызанақ – кориспондентінен бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар бар екенің, хабарласып көрейік!
- Сәлеметсізбе, мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр!
Қызанақ - кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.
ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»
Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.
1 –Өрік
2 – Қызанақ
3 – Орамжапырақ
4 – Жүзім
Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.
Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Қызанақ,саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық.
Ән: «Бізде де бар, бау бақша»
Жүргізуші: Жыл мезгілімізге арнаған өлең шумақтарын тыңдайық.
Қ.Әдия: Соңғы шуақ төгіліп,
салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары
күз.
Әділ: Autumn leaves are falling down,
Falling down, falling down,
Autumn leaves are falling down,
Yellow, red, orange and brown
Әскербек
Мансұр: Шоғы толған гүлдей жайнап,
шақырады жарқын жүз,
Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз,
Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал терек, жапырағын
жұлғызып.
К.Адия: The leaves are
falling
One by one
Summer`s over
School`s begun
Інжу: Тоңазып
атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Аспанды сұрғылт
бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп
жауады.
Дильназ: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын
Айналаның бәрі алтын.
Жүргізуші: Балалар күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады. Ендеше эфирде – «Күзгі орман» телеарнасының кориспонденті –Қоянға сөз берейік!
- Сәлеметсізбе қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?
Қоян –кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін табыңдаршы.
Үсті толы ине,
өзін қорғай алады,
домаланып қалады. Қандай аң?
Балалар: Кірпі!
Қоян–кориспондент: Дұрыс балалар!
Бұтақтан бұтаққа секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң.
Балалар: Тиін!
Қоян–кориспондент: Дұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!
ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»
Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.
Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жіберді.
Теңіздей тербетіле көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.
ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би: «Күзгі жол»
Кезегімізді өлең шумақтарына берейік.
1.Жиһангер: Алтын нұрдай тамшылап,
жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны
түсініп.
2.Алина: Ой, балалар,балалар,
Қоңырқай күз болыпты,
Құлап жапырақтар солыпты.
Ел егінін орыпты,
Ой,балалар,балалар.
Ойнайық та күлейік,
Мәз боп бірге жүрейік
3.Нұрсұлтан:
Сарғайды тоғай, сап-сары
манай
Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып
Жапырақ ұшты, суық та түсті
Сонда да бізге,қызық көп күзде.
4.Аймерей: Күн суытып келеді, жапырақтар
түседі.
Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды.
Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім
сыйыңды.
5.Елжас: Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтын,сары күз,
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күнім елжіреп.
6.
Қарақат:
Аспанды сұрғылт
бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
Ән: «Күзгі жаңбыр»
Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің
қыздарымыз, аналары тіккен күздік киім үлгілерін
көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2015» күзгі сән үлгісін ортаға
шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Күз
ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі!
Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын
уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау
болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар
бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты
ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын
демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл
айналып.
№10 «Алтын бала» балабақшасы
Ертеңгілік: