"Алтын күзім - берекелі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын күзім - берекелі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топ балаларына арналған Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтын күз

Сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге әсем безендірілген залға кіреді.

Жүргізуші:

Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ортаға "Еркетай» тобының балаларың қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

Ал, балалар, балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші,

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Құлағымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды ортаға шақырам.

Жұмбақ:

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін. Бұл не, балалар?

Балалар: Күз мезгілі

Жүргізуші: Дұрыс таптыңдар, жарайсындар! Ендеше, балалар, қазір барлығымыз күз ханшайымы келгенше тақпақтарымызды айтайық.

Ержан:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Дария:

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.

Алихан:

Думан толы асқарлы,

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.

Жасмин:

Күзім-ау, күзім-ау,

Міңезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенін қызық-ау!

Айдана:

Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.

Жүргізуші:

Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекемізге біреу жетіспейтін сияқты. Кім жетіспейтінін сендер білесіңдер ме?

Балалар: Күз ханшайымы жетіспейді.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Күз ханшайымы неге кешігіп жатыр екен?

Осы кезде найзағай соғып, тырсылдаған жаңбырдың дауысы шығады.

Жүргізуші: Балалар мен Күз ханшайымының неге кешігіп жатқанын түсінген сияқтымын, оған жаңбыр кедергі жасап тұр. Қане біз сендермен Жаңбырға арнап ән айтып берсек, ол тоқтап біздің мерекемізге Күз ханшайымы келеді.

Ән: «Жаңбыр, жаңбыр тоқташы»

Музыкамен Күз ханшайымы кіреді.

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз ханшайымы:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам!

Армысыздар, құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: Жоқ, кешіккен жоқсыз.

Жүргізуші:

Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз,

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне, Алтын күз!

Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең біледі. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Күз келіпті»

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Менде сендерге құр бос келген жоқпын. Мен сендерге жұмбақтар алып келдім.

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. (Алма)

Жер астында жез қазық,

Жеуге болар ас қазық. (Сәбіз)

Аласа ғана бойы бар,

Қабат-қабат киген тоны бар. (Қырыққабат)

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

Күз ханшайымы: Балалар, сендер қандай ақылдысыңдар! Барлық жұмбақтың жауаптарын біледі екенсіңдер!

Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар сізге өз өнерлерін көрсеткісі келеді.

Тақпақтар:

Анель:

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Алдияр:

Мен - алмамын, алмамын,

Таңдай татар бал дәмім.

Мына тәтті бал-дәмді,

Дастарқандарыңа арнадым.

Нұрай:

Жүгері жүгері мен келдім,

Өзіммен бақыт әкелдім.

Мені көрген адамдарға,

Бас салып жей бер дедім.

Би: «Жемістер полькасы»

Аян:

Көкөністер жемістер,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

Жүргізуші: Дұрыс айтасың Аян. Жемістер мен көкөністердің біздің ағзамызға пайдасы өте көп. Сондықтан біз көп-көп көкөністер мен жемістер жеуге тиіспіз. Балалар айтыңдаршы, жемістер мен көкөністер қайда піседі?

Балалар: Бау,бақшаларда.

Жүргізуші: Балалар, ендеше эфирде «Күзгі бақша» телеарнасының Қызанақ корреспондентінен бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар бар екенін хабарласып білейік.

  • Сәлеметсіз бе! Мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр?

Қызанақ-корреспондент:

  • Сәлеметсіңдер ме қонақтар, ұстаздар, балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісті. Бірақ оларды кім жинайтынын білмей жатырмын. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине біздің балалар,мен Күз ханшайымы жемістер мен көкөністерді жинауға көмектесіп жібереді.

Ойын: «Жемістер мен көкөністер»

Күз ханшайымы: Бәрекелді, керемет!

Жүргізуші: Қызанақ, саған көп рахмет! Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Сау бол!

Қызанақ: Сендерге де көп рахмет! Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Балалар, біз осы күз мезгіліне арнап жаттаған тақпақтарымыз бен әнімізді айтайық.

Тақпақ:

Әмір:

Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.

Аружан:

Наступила осень, пожелтел наш сад.
Листья на берёзе
, золотом горят.
Не слыхать весёлых
, песен соловья.
Улетели птицы
в дальние края.

Назар:

Down, down!

Yellow and brown

The leaves are falling

Over the town.

Ән: «Алтын күз»

Жүргізуші: Алтын күз сізге біздің балаларымыздың өнері ұнады ма?

Күз: Әрине ұнады. Кане балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Жапырақтарды себетке кім көп жинайды?» деп аталады.

Ойын: «Жапырақтарды себетке кім көп жинайды?»

Жүргізуші:

Соңғы шуақ төгіліп,

Жалынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Балалар, күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің сыйлықтарына рахметін айтады. Ендеше біз орманда не болып жатқанын білу үшін эфирге «Күзгі орман» телеарнасының корреспонденті Қоянға сөз берейік.

  • Сәлеметсіз бе, Қоян! Қысқы орманда не болып жатыр? Аңдар қысқа қалай дайындалып жатыр?

Қоян-корреспондент:

  • Сәлеметсіңдер ме қонақтар, ұстаздар, балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап алды. Тек қана кірпі мен тиін қысқы қоректерін жинамапты. Мүмкін оларға балалар көмектесіп жіберер?

Жүргізуші: Әрине көмектесеміз. Кірпіге алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз.

Ойын: «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жина»

Жүргізуші: Қоян, саған көп рахмет! Біз орманда қандай өзгерістер болып жатқанын білдік. Сау бол!

Қоян: Сендерге де көп рахмет! Кірпі мен Тиін сендерге риза. Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар енді кезекті биге берейік.

Би: «Күзгі вальс»

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар маған енді кету керек себебі басқа да балалар мені күтіп жатқан шығар. Менің сендерге сыйлығым бар. Оны апайларына берейін, топқа барғасын апайларын өздеріне береді. Келесі кездескенше сау болыңдар балалар! Сендерге көп рахмет.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар осымен біздің мерекеміз аяқталды. Аз да болса көп көріп уақыттарыңызды бөліп келгендерініз үшін көп рахмет. Сау болыңыздар!


















































Ержан: Дария:

Алтын, сары, қызыл, көк, Келді міне күз,

Алуан – алуан жапырақ. Айнала сары түс.

Күзгі бақта күлімдеп, Керемет, тамаша,

Көз тартады атырап. Қандай әсем күз.


Алихан: Жасмин:

Думан толы асқарлы, Күзім-ау, күзім-ау,

Күз мезгілі басталды. Міңезің бұзық-ау.

Күз әуені кеп жетті, Жаңбырың сіркіреп,

Әнге бөлеп жастарды. Келгенін қызық-ау!


Айдана: Анель:

Ұшты талдан жапырақ, Мен шиемін, шиемін,

Сары көбелек секілді. Күннің көзін сүйемін.

Аспанда жай шатырлап, Қышқыл шырын менде бар,

Тамшы жерге секірді. Төмен басты иемін.


Алдияр: Нұрай:

Мен - алмамын, алмамын, Жүгері жүгері мен келдім,

Таңдай татар бал дәмім. Өзіммен бақыт әкелдім.

Мына тәтті бал-дәмді, Мені көрген адамдарға,

Дастарқандарыңа арнадым. Бас салып жей бер дедім.


Аян: Әмір:

Көкөністер жемістер, Күздің қазан айында,

Денсаулыққа пайдалы. Алма, алмұрт піседі.

Мұны жақсы біліңдер, Жапырақтар сарғайып,

Оларды жақсы көріңдер. Сыбдыр - сыбдыр түседі.


Аружан: Назар:

Наступила осень, пожелтел наш сад. Down, down!

Листья на берёзе, золотом горят. Yellow and brown

Не слыхать весёлых, песен соловья. The leaves are falling

Улетели птицы в дальние края. Over the town.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
352
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі