Материалдар / "Алтын Орда мемлекеті"

"Алтын Орда мемлекеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын орда мемлекеті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
352
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 7

Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда

Білімділік мақсаты: Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу;

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тарихи оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру, логикалық ойлау қабілетін арттырып, ойын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз тарихын құрметтеуге, ұлттық намысын оятып, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Карточка, Оқулықтардан, рефераттардан көрме, Алтын Орда мемлекетінің картасы, түсіндірмелі тірек-сызбалар, танымдық ойындар, Шыңғысхан, Бату хандардың портреттері (слайд) ақпараттық компьютерлік технология бойынша. Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп алған соң, сынып тазалығына көңіл бөліп, оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы тақырыбы бойынша үй тапсырмасы сұралады. Үй тапсырмасын пысықтау арқылы жаңа сабаққа көшу. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп береді. Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды. Шыңғысхан Жошы ұлысы Шағатай ұлысы Үгедей ұлысы Төле ұлысы Ертіс өзенінен Оңтүстік және Батыс Монғолия мен Монғолия бастап, батысы Оңтүстік Қазақстан Алтай, Тарбағатай, жерін мен Еуропа жер- (Жетісу аймағы) Ертістің жоғары ағысы билеген. леріне дейін ат Орта Азия жерлері бойындағы жерлер тұяғы жететін берілген. Қараған. жерлердің бар- лығы қараған. Батый Ежен Шайбан Батый – Алтын босағалы «Ақ Орда», Ежен – Күміс босағалы «Көк Орда», Шайбан – Болат босағалы «Боз Орда» ға кіргізеді. Алтын босағалы Ордаға Батыйды кіргізіп, Жошының орнына хан сайлаған. «Алтын Орда» деген атау осыдан шыққан тәрізді.

ІІІ. Жана сабақ Жоспары: І. Алтын Орданың құрылуы. ІІ.Алтын Орданың күшеюі. ІІІ. Алтын Орданың әлсіреуі. ІV. Алтын Орданың қоғамдық құрылысы. 1. Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Жошы ханның баласы Батый (Бату) ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды. Орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, кейін Сарай Беркеге көшірілген. Батый хан Алтын Орданы құрушы Монғол ханы. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген. Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандығы айтылады. Ол мұсылман елдеріне әрқашан қамқорлық жасап, оларға мешіт салдырып, діни әдет ғұрыптарды жүргізуге көмектесіп отырған. Сондықтанда ол мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы деп есептелген. Ал орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттырып, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгені айтылады. 2. Батый ханның Алтын Ордаға хандық еткен алғашқы жылдары туралы мағлұмат жоқ. 1235 жылғы бүкіл монғолдық құрылтайда Батысқа жорық жасауға шешім қабылдайды. Батысқа жасалған жорық жеті жылға (1236-1242) созылған. Осы жорықтар нәтижесінде Батыс елдері жаулап алынып, Алтын Орданың шекарасы батысқа қарай кеңейіп, күшейе түскен. Осыдан кейін Солтустік Кавказ, Қырым бойы, Орыс кінәздіктері, Шығыс Еуропа елдері өздерінің тәуелділігін мойындап, Алтын Ордаға алым салық төлеп отыруға мәжбүр болған. Алтын Орда саяси және экономикалық жағынан Берке мен Өзбек хандардың кезінде жақсы дамыған. Әсіресе Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланыс күшейе түседі. Қазақ даласынан Египет еліне құлдыққа сатылып барған Бейбарыс Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны болады. Бейбарыс өзін әскери өнердің асқан шебері ретінде таныта білді. Мемлекеттің билік басына келгеннен кейін ислам дінінің өркендеуіне атсалысады. 1262 жылы Алтын орда ханы Беркемен өзара достық қарым-қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады. Берке хан Алтын Орданы одан әрі күшейте түсу үшін мұсылман дінін қабылдайды. Әзірбайжан жерінде мешіт салдырады. Орта Азияда мұсылман дінінің орталығы болған Үргеніш, Бұхара қалаларымен байланысты күшейтеді. Бірақ та, Берке хан исламды қарапайым халық арасында таратуға құлшынбаған. Ол исламды мұсылман елдерімен қарым-қатынасты күшейту мақсатында қолданған. Берке хан 1266 жылы Кавказ жеріне жасаған жорығында қаза табады. Берке ханнан кейін 1266-1280 жылдар аралығында Меңгу Темір хан тағына отырады. Меңгу Темір хан Өзінің Египетпен байланысына кедергі жасап отырған екі елдің арасындағы Византияға қарсы 1271 жылы жорыққа шыгады. Бірақ Византия императоры соғыстан бас тартып, бейбіт келісімге келген. Бұл келісім Алтын Орданың Жерорта теңізі бойындағы қалалармен сауда қатынасын жақсартқан. Алтын орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін қосқан Тоқты хан (1290-1312) болды. Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандандырып, Египет мәмлүктерімен тығыз қарым-қатынаста болған. Әсіресе Алтын Орданың гүлденген кезі Өзбек хан (1312-1342) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалалық өмірдің дамуына қатты көңіл бөлген. Ол Сарай – Беркеде жаңа ғимараттар мен мешіт салдырып, қаланы көркейткен. Қалаларда медресе салдырып, мұсылман дінінің таралуына себін тигізген. Ол өзінің Египет сұлтанына жазған хатында өз елінде дінсіздердің азайғанын хабарлаған. Сөйтіп, Өзбек ханның кезінде мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. 3. ХІV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда ішінде алауыздық күшейеді. Хандық билік үшін тартыста 1357-1380 ж.ж. арасында жиырмадан астам адам хан болып, тақ үшін таласта бірін бірін өлтірді. Ішкі талас тартыстан әлсіреген Алтын Орданың Мамай қолбасшылық еткен әскері 1380 жылы Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі. Осы шайқастан кейін Алтын Орда мүлде әлсірейді. Бұл әлсіздікті пайдаланған Жошы ханның екінші бір ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін қолына алады. Билігін нығайту үшін Тоқтамыс 1382 жылы Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеп жібереді. Мауараннахр мен Кавказ елдеріне бірнеше рет жорық жасайды. Кезінде қол ұшын берген Әмір Темір Тоқтамыстың өзіне жасаған опасыздығы үшін, Алтын Ордаға бірнеше рет шабуыл жасап, өзі әлсіреп тұрған мемлекетті бас көтере алмастай етеді. Алтын Орда ХV ғасырдың ортасында Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары болып бөлініп кетеді. Соңғы билеушісі Шейх Ахмед 1502 жылы өлгеннен кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады. 4. Алтын Орданың қоғамдық құрылысы және мемлекеттік басқару жүйесі. Хан Билік мұрагерлік жолмен берілді. Хан тұқымы алым салыққа ие болды. Ол пайданы сарай тұрмысына және әскери қажет-ге пайд-н. Әскери билік Азаматтық билік Мыңбасы, Түменбасылар Әскери билік түрлері. Уәзірлер Азаматтық істерге билік жүргізуші. Беклер бек Әскери істерді басқарушы. Мәліктер Жергілікті әкімдер Басқақтар Алтын Орда мем ң басқару жүйесі қызметін атқарушылар. Даруғалар Салық жинаумен шұғылдан-р. Халық санағын өткізу, әскер жинаумен де айналысты.

ІV. Сабақты пысықтау: Мемлекет тің аты. Тарих шең- бері Мекен- деген жері. Аста- насы Жоғар-ғы бил- леуші-ң титулы Шаруашы-ғы. Құрамына кірген тайпалар Ел билеу- шілері Мемлекеттің әлсіреу себеп- тері. Алтын Орда ХІІІғ ХVІғ орта-сында Алтай тауы- нан Дунай өзені- не дейін Сарай-Бату кейінірек СарайБерке Хан Мал шар-ғы, Егін шар-ғы. Қол- өнер, Зергер- лік кәсіп, Әйнек жасау. Қыпшақ тар, Қаңлы- лар, Қарлұқ- тар, Найман-дар, Моңғол-дар т.б. Батый 1227-1255 Берке 1258-1266 Меңгу- Темір 1266-1280 Тоқтыхан 1290-1312 Өзбекхан 1312-1342 Жәнібек 1342-1357 Тоқтамыс Шейх- Ахмед 1502 жыл өлгеннен кейін Алтын Орда мем-т ретінде жойыла-ды. Тақ үшін талас (1357-1380)жж Мамайдың Куликовадағы жеңілісі, Әмір Темір жорықтары. V. Сабақты қорытындылау: Бас қатырғыш сөздердің дұрыс жазылу ретін тауып, сол сөздердің мағынасын түсіндіріңдер! 1.ТУБА БАТУ – Алтын Орданы құрушы Монғол ханы. 2.РЫСБАБЕЙ БЕЙБАРЫС – Қазақ даласынан Египет еліне құлдыққа сатылып барған Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны. 3. РАСАЙ ТУБА – САРАЙ-БАТУАлтын Орда мемлекетінің алғашқы астанасы. 4. ҚАСАЖ ЖАСАҚ Монғол мемлекетінің басты заңы. 5. ШЫОЖ ЖОШЫ Шыңғысханның үлкен баласы. Алтын Орда ханы Батыйдың әкесі. Тақырып бойынша тексті толтырып, қалып қойған сөзді табыңыз! ХІV ғасырдың екінші жартысында..........ішінде алауыздық күшейеді. Хандық билік үшін тартыста, 1357-1380 жылдар арасында..................адам хан болып,..............бірін-бірі өлтірген. Осындай ішкі талас-тартыстан әлсіреген Алтын Орданың .................... қолбасшылық еткен әскері 1380 жылы....................даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі. Осы шайқастан кейін..............мүлде әлсірейді.

VІ.Үйге тапсырма: Алтын Орданы оқу, қосымша дәптерге тақырып бойынша 5тест жазу және жылмен жұмыс жасау. Алтын Орда тақырыбына қосымша материалдар жинастырып, реферат жазып келу. 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ