Материалдар / "Алтын қақпа" интеллектуалды ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын қақпа" интеллектуалды ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алтын қақпа" интеллектуалды ойыны
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1405
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушылардың білімдерін толықтыру, қазақтың салт-дәстүрлерін, ел тарихын қаншалықты білетіндіктерін тексеру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін ұмытпай, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар, алтын сандықша.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті.

Ойынның барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Сәлеметсіздер ме, бүгінгі «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойынына қатысушы оқушылар мен қадірлі қонақтар! Біз бүгін 22-қыркүйек халықаралық тілдер мерекесіне орай өткізіліп жатқан «Тілдер апталығында» 7,8 – сыныптар арасында сайыс өткізбекпіз.

Ойынның шарты:
- Енді сіздерді ойынның шартымен таныстыра кетейін. Балалар, біздің мақсатымыз Қазақстан, туған жер, мемлекеттік тіліміз туралы білетінімізді ортаға салу. Ал бұл ойынның мақсаты – Отанымыздың жүрегі, бас қаласы – Астанадай алыс жердегі «Алтын қақпаға» жету. Ондағы алтын сандықта «Білім» деген қазына бар. Сол «Білім» қазынасын алу үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ойын үш кезеңнен тұрады. І кезең «Тас қақпа», ІІ кезең «Күміс қақпа», ІІІ кезең - «Алтын қақпа» деп аталады. Жеребе тарту арқылы ойынды қай топтың бастайтынын анықтаймыз. Үш қақпаны да ашқан топ алтын сандықтың сұрақтарына жауап береді. Алтын сандықтың сұрағына жауап берген топ жеңіске жетеді.

- Ойынның шарты түсінікті ме? Түсінікті болса, ойынымызды бастайық. 
Ойынымызды бастамас бұрын адасқан әріптерден осы аптада өтіп жатқан тілдер апталығының тақырыбын ашып алайық.

ГРКҢБИЛ-ІМДІШІБНІЛІ І БІ ІҮТЛІ


І кезең - «Тас қақпа». 
Оны ашу үшін мынадай сұрақтарға жауап берейік:
1. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды?

2. Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады және оларды қашан қабылдадық? (Ту, Елтаңба, Әнұран. 1992 жылы 4 маусымда қабылданды)
3. «Маса» жинағының авторы?
4. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
5. «Ерте келген тырналар» кімнің шығармасы?

6. Шылаудың неше түрі бар?

7. «Қайрат, ақыл, жүрек» туралы Абайдың нешінші қара сөзінде жазылған?

8. «Робинзон Крузо» қай жазушысының шығармасы?

9. . Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары кімдер? 
10. Орыс жазушысы А.С. Пушкиннің «Евгений Онегинін» кім аударды?

ІІ кезең - «Күміс қақпа». 
Оны ашу үшін көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, Отан, туған жер туралы мақалдарды толықтырып, оны үш тілде жазып шығу керек.

1. Отан - ... (оттан) да ыстық. (от, огонь, )
2. Туған жерге ... (туың) тік. (флаг, )
3. Туған жердің ... (күні) де ыстық, ... (түні) де ыстық. (день, ночь, )
4. Білім сандығы - ... (кітап) (книга, бук)
5. ... (Ағаш) өскен жерінде,
Адамның жаны – туған елінде. (дерево, )
6. ... (Ит) тойған жеріне, (собака, герой, )
... (Ер) туған жеріне.
ІІІ кезең – «Алтын қақпа».
-Балалар, міне, Астана қаласында орнатылған Тәуелсіздік нышаны - «Мәңгілік ел» қақпасына да келіп жеттік. Біздің үшінші кезеңіміз «Алтын қақпа» деп аталады. Алтын қақпамыздың тапсырмасы көнерген сөздердің мағынасын ашу.

1. Қамқа – бағалы, қымбат мата

2. Базына – өкпе, реніш

3.ләшкер – сарбаз, әскер

4. тұл – бекер, бол сүлде

5. шыжым – арқан тәрізді, жіңішке етіп есілген жіп.



Алтын сандықтағы қазынаға да жеттік. Ал, енді «Алтын сандықты» ашайық. Онда мынадай тапсырма бар: берілген сөздерден керекті сөзді қойып, тұрақты тіркес жасау.

  1. ... балта шаппау - мұрт, сақал, көз, құлақ

  2. Аузына ... құю - сыпыру, төгу, құю, сапыру

  3. ... оты шықты - жүз, құлақ, аяқ, бет

  4. Әңгіртаяқ ... – күлу, ұру, ойнату, сүрту

  5. Әкесін ... – таныту, оқыту, сөйлету, көрсету



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!