Материалдар / Алтын сақа

Алтын сақа

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық ойынымен тәрбиелеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітеміні:

«Күншуақ» бөбекжай балабақшысы»

Жеке меншік мекемесінің әдіскері

А.Ә.Жақсылықова





Shape1

«Алтын сақа!»




(Ересектер, «Ер Төстік» тобының ұйымдастырылған ашық оқу қызметі)
















Тәрбиешілер: Берикбосынова Н.О.










2020 жыл


Білім беру саласы: Таным ,Коммуникация, Денсаулық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, драма , жаратылыстану, дене шынықтыру.

ҰОҚ тақырыбы: Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілік қарым-қатынас әлемімен таныстыру. Шығарма мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға,олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге сипаттама бере білуге үйрету. Көркем сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: Мыстан кемпір, асықтар, фетр матасы.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ұжымдық жұмыс, ойын.

Билингвальді компонент: көктем-весна-spring; асық-асык-asyk.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


I.Кіріспе бөлім:
Шаттықшеңбері: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз.

Саламатсыз ба!

Здраствуйте!

Good morning!

 (шеңберде тұрып сұрау)


Тәрбиеші:Балалар бүгінгі оқу қызметіміз өте ерекше болмақ. Мен сендерге «Алтын сақа» ертегісін алып келдім.Ертегі тыңдағыларың келе ме?

Балалар: Иә?

Тәрбиеші: Баяғы өткен заманда бір бай болыпты. Ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келеді.

Бай: Байлығым бір басымнан артылады дегенде

Қимаймын,бөліспеймін

Байлықтың, дәулеттің мен иесімін шіренген

Жолатпаймын маңайыма  ешкімді де. (бай малдарын қайта - қайта санап, малдас құрып шаршап отырады , осы кезде мыстан кемпір байдың артынан келіп қылқындырады.)

Мыстан : Уһ, бәлем, ұсталдың ба?

Бай: Ойбай, ойбай, жіберші жаным шығып барады.

Мыстан: Сен маған не бересің?

Бай: Бір қора қой беремін.

Мыстан: Жоқ , мен оған риза емеспін.

Бай: Барлық байлығымды берейін.

Мыстан : Мен оғанда риза емеспін.

Бай: Онда жалғыз Кенжебек деген ұлым бар, соны берейін.

Мыстан: Онда келісемін,оны қайтіп бересің?

Бай: Баламның алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам сақаны іздеп келгенде ұстап ал. Міне алтын сақа, - деп қалтасынан алтын сақаны алып береді де , өзі кетіп қалады.

Бала: шеше, шеше анау жатқан алтын сақамды алып беріңізші.

Мыстан: Шырағым, өзің түсіп ал, Кәріліктен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын., дейді

Сол кезде баланың аты иіліп, бала алтын сақасын ала жөнеледі.Мыстан артынан қуып, баланы ұстап алады да алтын сақасын тартып алады.

Мыстан: Сақаңды меннен алып қаша алмайсың

Бала: Сақамды қайтарып беріңізші, менің достарыммен асық ойнағым келеді.

Мыстан: Сақаңды қайтарып алғың келсе , менің бірнеше тапсырмаларым бар, соны орындасаң алтын сақаңды қайтарып беремін.

Тәрбиеші: Бала тапсырманы орындау үшін достарын көмекке шақырады.

Атпен шауып достарына келеді.

Бала: Сәлем , достар, сендердің маған көмектерің керек. Шешей менің алтын сақамды бермей қойды. Сақамды қайтарып алу үшін Мыстан кемпірдің тапсырмаларын орындау керек. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: Әрине, көмектесеміз.

Тәрбиеші : Балалар ендеше Мыстан кемпірдің тапсырмаларын орындау үшін ертегілер еліне мына сиқырлы жолдармен жүріп өтуіміз керек.

Мыстан: Сендер мында не істеп жүрсіңдер?

Балалар: Саламатсызба Мыстан әжей.

Тәрбиеші: Саламатсызба Мыстан әжей, біз мында Кенжебекке көмектесуге келдік. Кенжебектің алтын сақасын өзіне қайтаруға келдік.

Мыстан : Менің тапсырмаларым өте қиын, орындай алмайсыңдар.

Ендеше бірінші тапсырмам: Сұрақ-жауап.

  • Асық неден алынады?

  • Асық төрт түлік малдың сүйегінен алынады.

  • Төрт түлікті атап бер?

  • Жылқы,Сиыр,Түйе,Қой,Ешкі.

  • Олардың төлдерін ата?

  • Құлыншақ, бұзау, бота, қозы, лақ.

Мыстан: Ой сендер бұл тапсырмамды оңай шештіңдер, сендер өте алғыр екенсіңдер. Ал менің екінші тапсырмам өте қиын: Балалар сендер санап білесіңдер ме? Санды тани білесіңдерме? Түсті ажырата білесіңдер ме?

Екінші тапсырмам түстеріне қарай сандарды санап, ретімен орналастыру керек.

Мыстан: Қап, мына балалар түсті де санды да тани біледі екен.

Үшінші тапсырмам: Ертегілер әлемі. Сендер басқа қандай ертегілер білесіңдер? Мына жерде ертегі кейіпкерлері ауысып кеткен, соларды өз орындарына орналастыр.

Мыстан: Қап, мына балалар ертегі кейіпкерлерінде өте жақсы біледі.

Мыстан : Менің соңғы тапсырмам өте-өте қиын. Мен сенімдімін, сендер оны орындай алмайсыңдар.

Сендерге жұмбақ қойғым келіп тұр. Жұмбақтың шешімін тауып соны асықтардан құрап жазыңдар.

Мыстан: Жарайсыңдар, тапсырмаларымның бәрін өте жақсы орындадыңдар. Алмасына тоймайтын балалар екенсіңдер. Ендеше алтын сақаңды ала қой, дрстарыңмен ойнай ғой.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық

Алақанды ашайық.

Асықтармен алақанды

Шынықтырып алайық.

1 ,2 , 3

Жинап алдық күш.

4 , 5, 6

Асығым түссін «Алшы»

7, 8, 9,10

Сергіп алайық қане жөн.


Тәрбиеші: Алтын сақа ертегісі осымен аяқталды. Оқу қызметі «Алтын сақа» ертегісі желісімен өтті. Сендерге ұнадыма?

Балалар: Иә,

Тәрбиеші: - Ертегі не туралы?

  • Қандай кейіпкерлермен таныстық?

  • Қандай тапсырмалар орындадық?

Ал мағансендердің тапсырмаларды өте жақсы орындағандарың ұнады. Мен сендерді алтын сақамен марапаттаймын.




















ЖИ арқылы жасау
08 Қаңтар 2021
703
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі