Материалдар / Алтын сақа
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алтын сақа

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2018
382
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Алтын сақа».

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың бойында салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті

одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу.Оқушылардың білім деңгейін байқау

Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт-бағдар беру.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,топтық жұмыс.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың пән-аралық байланысы: қазақ тілі, ана тілі, математика.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды топқа бөлу

І топ: Тапқыр тобы

ІІ топ: Намыс тобы

Сайыс бағдарламасымен таныстыру

Топты таныстыру

Жалғасын тап

Кім шапшаң ?

Мәтін - мазмұнына байланысты мақал – мәтел айту

Кейіпкерге хат

Құпия хаттарға жауап бер

Сиқырлы ұяшықтар

Кіріспе бөлім:

Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысатын ұландар! Бүгін 4 -5 сынып оқушылары аралығында өткізгелі отырған «Алтын сақа» ойын – сайысын көріп тамашалайсыздар. Бұл сайысқа әрбір сыныптан өздерінің ұлттық намысын топпен бірге көрсете алатын оқушылар қатысып отыр. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрін қастерлеген. Міне, осы уақытқа дейін, салт-дәстүріміз ұмытылмай, сақталып келді. Ендігі жалғастырушы келешек - жас ұрпақтар. Сол салт-дәстүрді жалғастырушы ұландарға сәттілік тілейік

«Алтын сақа» сайысы VІI бөлімнен тұрады.

Олай болса, өзіміз білетін ұлттық ойын түрлерін ортаға салып көрейік.

Ұландар өнеріне әділ қазы беретін әділ қазыларымызды таныстырып өтейік.

1.Оқу –тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары: Манат Ақшалова.

2. Мектебіміздің кітапханашысы: Жанайым апкей.

3. Бірлестік жетекшісі: Мақұлбекова Гүлдана.

І кезең: Топты таныстыру

Әр топ өздерін таныстырады.

ІІ кезең: Жалғасын тап

Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолын топ жалғастырады.

1 – топ: Тапқыр тобы.

1. Өз үйім ... (өлең төсегім)

2. Батыр туса ел ырысы, ...

(Жаңбыр жауса жер ырысы)

3. Асыл тастан шығады, ...

Өнер жастан шығады.

2 – топ: Намыс тобы.

1. Отан ... (оттан да ыстық)

2. Ғылым теңіз, .... (білім кеме)

3. Оқу инемен .... (құдық қазғандай)

ІІІ. «Кім шапшаң?» ойыны

Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай топ жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол топ жеңіске жетеді.

1– топ: Тапқыр тобы.

Екеуінің жасы шамалас,

Бірінің шашы қара шаш

Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.

2 – топ: Намыс тобы.

Жаңылтпаш жатта,

Жаңылмай жатта.

Жатқа жатта,

Жаттамай жатта.

IV. Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.

Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.

І топ. Алты түлкі

Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:

-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.

- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:

- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.

ІІ топ. Атасы мен немересі

Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.

Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.

Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.

Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды

(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)



Ү. Сұрақ – жауап.

1 – топ: Тапқыр тобы.

1. Жеті атаны ата? (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жұрағат)

2. Қазақша ай аттарын ата? (Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)

3. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы қабылданды? (30 тамыз, 1995 ж.)

4. Әнұранның авторлары ? (Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)

5. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен ? (күй)

2 – топ: Намыс тобы.

1. Үш жұртты ата? (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың.)

2. Қазақша апта аттарын ата? (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

3. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 ж. 1 желтоқсан)

4. Қазақстан Туының авторы ? (Ш. Ниязбеков)

5. Әнді орындайтын адамды кім дейміз? (әнші)

ҮІ. Құпия хаттарға жауап беру.

1 – топ: Тапқыр тобы.

Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе – көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен өтірік айтқанды жаным сүймейді. Менің онымен ойнағаным дұрыс па?

2 – топ: Намыс тобы.

Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй – ішін айтып, алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады. Және өзінен кіші балаларды үнемі ренжітеді. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

VІI. Сиқырлы ұяшықтар.

Математика пәні бойынша

1. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет, 4 жұмыртқа пісіру үшін қанша минут қажет?

2. Ұзындығы 4 м, ені2 м, биіктігі 3 м. Бөлменің көлемін тап?

3. 1 сыйлықты орауға 70см жылтыр қағаз керек, 9 сыйлыққа неше метр керек?

4. Әлібек 1 айда 7 қызықты ертегі оқыды, ол бір жылда қанша кітап оқыды?

5. Ең үлкен 4 таңбалы санға 1 қосқанда неше шығады?

Қазақ тілі пәні бойынша :

1. Заттың ісін , қимылын білдіретін сөздерді не дейміз?

2. Қазақ тілінде неше септік бар?

3. Түбір дегеніміз не?

4. Мал - сөзінің алғашқы дыбысын өзгерт.

5. Жалғауы жоқ септікті ата?

Ана тілі бойынша :

1. Қала аттарын алфавит ретімен ата (Қарағанды, Көкшетау, Алматы, Шымкент)

2. Ақжолтай атанған батыр кім?

3. Жасында Төле бидің түйесін баққан хан кім?

4. Мәншүктің соғыстағы қаруы?

5. Құрманғазының анасы?

ХІ. Қорытынды.

Әр топтың ұпайларын айтып жеңген топты анықтау үшін сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі Ақшалова Манат апкейге беріледі.

- Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт-дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындылап, оқушылар марапатталады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!