"Алтын сақа" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын сақа" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын сақа - қазақтың ұлттық ойыны.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Алтын сақа» ойыны

Мақсаты: 1. Асық ойыны туралы түсініктерін кеңейту. Ойынды ережеге сай ойнату.

2. Оқушылардың ой-өрісін, ептілік, мергендік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту

3. Оқушыларды ұлттық ойындарға қызықтыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Міндеті:

1 Ұмытылып бара жатқан ойынды жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.

2. Асықтың балаларға тигізер пайдасы.

3. Қазақтың ұлттық ойыны асықты ойнау ережесі.

Жүрісі: 1-кезең. Асықтың тұрысының атауларын айту.

2- кезең. «Шеңбер» ойыны

Кіріспе
Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.

Негізгі бөлім
Асық ойынының пайда болуы мен оның тәрбиелік мәні

Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-IX ғасырлар. Қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын олар тек өндірістік құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек тағы басқа табии заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарында қолданылады.Асық - қазақтың ықылымнан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бір түрі. Оны қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар,алтайлықтар да ойнады.
Асық – төрт түлік малдың ішінде қой-ешкінің тілерсегінде, асықты жілік ба­сында орналасатын шымыр сүйек. Аңдардың да тілерсек тұсында болады. Қазақта асық қасиетті саналады. Ба­ласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Бәле-жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын дегені. Қыз болса, бесігіне еліктің асығын (жабайт) тағады.
Сұлу, көрікті болып бойжетсін деп ырымдағаны. Келіні құрсақ сал­ғанда, атасы мен әжесі ырымдап асық жинайды. Онысы – ұл тілегені. Келінге көз тимесін, аман-есен босансын деген­ге саяды. Мысалы, менің есім кіргенде, біздің үйде әке-шешем жиған алпыс асық болған.



Асық иірудің өз атаулары бар

Асықтың тұрысының атаулары:

Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.

Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.

Бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.

Шіге – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.

Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.

Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.



Асық ойын түрлері

Асық ойынының түрлері өте көп. Ол әр өлкеде әртүрлі атауларға ие және ойнау әдіс-тәсілдері де өзгеше. Сөйте тұра аталмыш ойын түрі осы барлық ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған. Осының барлығын салыстыра отырып аталмыш ойын түрін – «үй ішілік» және «далалық» деп екіге бөліп жіктеуге болады. «Үй ішілік» — ойын түрі  қазіргі заманауи жағдайға икемделіп – «тақта ойыны» деп аталса, ал, «далалық» түрі – «алаң ойыны» делініп жүр.

 

Асық ойынының «тақталық» түріне:

—         «Хан» немесе «Ханталапай», «Хан ату», «Құлжа ату»;

—         «Құмар»;

—         «Қақпақыл»;

—         «Қаржу» немесе «Қаржымақ»;

—         «Сасыр»;

—         «Төрт асық»;

—         «Бес тас»;

—         «Бес асық»;

—         «Иірмекіл» т.б. жатады.

Асық ойынының «алаңдағы» түріне:

—         «Арқаласпақ»;

—         «Алты атар»;

—         «Омпа»;

—         «Кетсін бір»;

—         «Шыр»;

—         «Бәйге»;

—         «Алшы»;

—         «Бес табан»;

—         «Көтеріспек


-Құрметті қатысушылар, бүгінгі іс-шарада ұлттық ойынымыздың бірі- асық ойынымен тереңірек

танысып, ойнадыңыздар. Келешекте осы ойынды одан әрі дамытып, ұмыт қалдырмай, өздеріңнен

кейінгілерге де жеткізесіздер деп сенемін.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2018
1162
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі