“Алтын сақа” интелектуалдық ойын. "Еркетай" даярлық топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Алтын сақа” интелектуалдық ойын. "Еркетай" даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: қатынас, таным.

Білім бөлімі: көркем әдебиет, математика,

Тақырыбы: “Алтын сақа” интелектуалдық ойын

Мақсаты: Алтын сақа ертегісі бойынша алған білімдерін пысықтау. Балаларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, халқымыздың әдет ғұрпын қадірлей білуге, өз елін, туған жерін құрметтеуге, қадірлеуге, қорғауға, көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтар: асықтар, дидактикалық ойындар, интерактивтік тақта

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң, балалар

Қайырлы таң, апай.

Балалар амандасады

Ұйымдастыру іздестіру кезеңі

Балалар экранға назар аударайықшы.

Не көрдіңдер?

Қай ертегі?

Мыстан кемпір нені алып қойды?

Балалар, біз бүгін Кенжетайға Алтын сақасын алуға көмектесеміз.

Ол үшін Мыстан кемпірдің тапсырмаларын орындауымыз керек. Қанекей, екі топқа бөлініп отырайық.

1-тапсырмасы: Сұрақ-жауап

  • Қоянда неше құлақ бар?

  • Бір қолда неше саусақ бар?

  • Дүкеннен анам екі доп алып келді. Оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды?

  • Ағашта 5 құс отыр еді, оның екеуі ұшып кетті. Ағашта қанша құс қалды?

  • Піл үлкен, тышқан …

  • Аспанда неше күн бар

  • Бағдаршамның неше көзі бар

2-тапсырма: Мақал сөздің мәйегі.

Экрандағы көрсетілген (мнемотехника) мақалды айту.

  • Бір тал кессең, он тал ек.

  • Төл мал болып өседі,

Шыбық тал болып өседі.

  • Отан-үшін отқа түс күймейсің.

  • Ата ағаш, бала жапырақ

  • Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

3-тапсырма: Қалтадағы асықтарды сан ретімен қой. Оңға дейін қойып, тура және кері санау.

Сергіту сәті:

4-тапсырма: Жұмбақ

Уақытты бағдарлау”

-Ұйқымыздан оянамыз

Бетімізді жуамыз

Анамызға ереміз

Балабақшаға келеміз

Бұл қай уақыт?

-Серуеннен қайтамыз

Тамақ ішіп аламыз

Біз тәртіпті баламыз

Тәтті ұйқыға батамыз.

Бұл қай уақыт?

-Серуенде жүреміз

Анамызды күтеміз

Апайменен қоштасып

Үйімізге кетеміз

Бұл қай уақыт?

-Үйлерде шам жанады,

Маңай тастай қараңғы

Ертегіні тыңдап алып,

Тәтті ұйқыға батамыз

Бұл қай уақыт?

5-тапсырма: Экрандағы суретпен жұмыс.

Бір сөзбен қалай аталады”

Көліктер, гүлдер, құстар, киімдер т.б

6-тапсырма: “Ата да, буынға бөл”

Машина, қолшатыр, қасық, мысық, ат, нан. М: машина-“М” дыбысынан басталады, үш буын бар.

Балалар мыстан кемпірдің барлық тапсырмаларын орындадық. Кенжетай өз алтын сақасын алды. Ол сендерге алғыс ретінде өзінің бір дорба асығын сыйлайды.


Ертегіден үзінді.

Ертегі.

Алтын сақа”

Алтын сақаны.





Сұрақтарға жауап береді.

















Экрандағы көрсетілген мақалдарды айтады.


1 ден 10-ға дейінгі сандарды ретімен қойып санайды.



Таңертең, түс, кеш, түн.


Жалпы атауларын атайды.


Атап, буынға бөліп, қай дыбыстан басталып тұрғанын атайды.

Асықпен ойын ойнайды.

Рефлексивті түзетушілік

Ендеше осы асықтармен ханталапай ойынын ойнайық.

Ойын: Ханталапай”



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: уақытты, мақал, жұмбақ, жалпы атауларын, қандай дыбыстан басталатынын, буынға бөлуді.

Нені игерді: шапшаңдылықты, ұйымшылдықты.

Меңгерген дағдылары мен әрекеттері: әрқашан көмек қолын соза білуге.































МКҚК “№1 Балабақша”















Тақырыбы:

Алтын сақа”

интелектуалдық ойын сабақ

Ересек топ





Тәрбиеші: Тілеген А











2019-2020 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2020
456
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі