Материалдар / Алтын ұя-мектебім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алтын ұя-мектебім

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың мектеп түлектеріне - тоғызыншы және оңбірінші сынып оқушыларына,олардың сынып жетекшілеріне көп көмегі тиеді, себебі "Алтын ұя-мектебім " атты дайын іс-шараның үлгісі мазмұнды және мағыналы құрастырылған. Бұл сценарий бойынша мен 2016-2017 оқу жылында өзімнің жетекшілік ететін тоғызынша сыныбында негізгі мектепті бітіру аттестатын алу кешін өткіздім. Бұл үс-шара ата-аналардың, оқушылардың көңілінен шықты. Кеш өте тартымды және қвзвқты өтті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Ақпан 2018
1711
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сценарий
Түлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»
Жүргiзушi кештi ашады (ақырын музыка, вальс, әдемi ауен).

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 20 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
- Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

-Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

- Олай болса, осы вальс әуенiмен ұядан ұшар түлектердiң қоштасу кешiн бастайық!!!

(Музыка вальс)
Жүргізуші:
Жетекшi деген -ерекше тұлға , дара шың,
Ұмытылмастай көңiлде мәңгi қалатын.
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына ,
Шәкiрттерiн оңаша еске алатын - деп ортаға сынып жетекшiлерiн шақырамыз 11 "А"
- сынып жетекшісі Донгелекова Балайша Ануарбекқызы және 11 «б» сынып жетекшісі Омарова Аманкүл Байтұрсынқызы

Жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.

Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.





Ойы ұшқыр Ерлан
Математиканы сүйеді
Қиын есеп болса да
Лезде шешіп береді.

Ер жүректі Ерлан бар,
Жүйрігіміз ол болар.
Компьютердің тілін біліп,
Бар жағынан танылған

Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді
Заңғар сыныптың жүрегі.

Шежірелі тарихтың
Сырларына үңіліп
Оқиды мүлде бас алмай
Ақылды қыз Зарина


Бойында үлкен намыс бар
Әрқашан алға ұмтылған
Сегіз қырлы,бір сырлы
Намысшыл жігіт Данияр.

Біздің сынып басшысы
Шахмина болар қараңыз
Өткір де ер мінезіне
Бағынамыз бәріміз.

Кез-келген жерді картадан
Мүдірмей тауып береді
Өлкенің жер-су аттарын
Камила жақсы біледі.

Мәнерлеп оқу шебері
Ақылына көркі сай
Барлық қыздың жанкүері
Ол,әрине, Сымбат.

Өзі сондай ұқыпты
Сыныпта ең көрікті
Қошеметтеп шақырайық
Илфат деген жігітті.

Қандай да болсын игі іс
Онсыз сірә бітпейді
Гүл жайнаған Ақнұр
Жауқазын гүлге теңейміз.


Биология пәніне
Қызығушылықпен қараған
Тіршіліктің парағын
Ай мен күнге балаған
Нәзік жан ғой бұл Камила



Биікке самғау мақсаты
Алғыр,зерек,талапты
Көркем шығарма оқудан
Алдына жан салмайтын
Қошеметтеп қанекей
Қарсы алайық Сымбатты.

Тіл табысқан бәрімен
Ақжарқын ғой күлкісі
Жақсылықтың жаршысы
Ақнұр қыз ғой ол бідің.

Айдай сұлу Анэлядай
Ардақты бар қызымыз.
Сыңғырлаған күлкісін,

Жауқазын гүлге теңейміз.


Күлімдеген даусы бар .

Шахматтың шебері
Сыныптың ең үздігі
Ізденетін жалықпай
Ол Айдана дер едім.

Көпшіл,алғыр,әдепті
Білімді еркін меңгерді
Қошемет көрсет халайық
Зарина қыз келеді.

Биязы мінезіменен
Түрлі рөлді сомдайды
Күлімдеген Камиланы
Барлық досы қолдайды.



Сабырлы,жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді
Бәрі де керемпет сыйлайды
Сыныптас құрбы Сабинаны.

Күллі жұртты тамсантқан
Мың бұрала билейді
Талабымен қуантқан
Біздің Сабина өнерлі.

Жібектейін мінезі
Мектептің жарық жұлдызы
Меңдеш сондай дарынды
Көркем сөз оқу шебері.

Заңгер болу арманы
Өзі сондай салмақты
Нұрландырған ортаны
Біздің Жұлдыз жан-жақты.

Ортамыздың ажары
Дариға ерке қыз
Әр қылығын көтеріп
Еркелете береміз.

Жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін тасып, толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.

Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.
Жүргізуші:
- Қараңыздаршы, кешегi осы мектеп қабырғасын тарыдай ғана боп аттаған кiшкене бүлдiршiндер, мiне бүгiн бiр-бiр шоқ жұлдызшадай боп, өз алдарыңызда жарқырап тұр, ал егер бәрiн бiрге қоссақ - жарық жұлдызға айналады.
Олай болса, бұл кешiмiздi болашағымыздың осы жарық та жарқын жұлдыздарына арнап "Жұлдызды кеш" деп атайық.


Жүргізуші:
Бүгiнгi кеш- Сiздер үшiн қымбатты түлектер!
Бүгiнгi айтылар тiлек , орындалар ән мен күй , ыстық құрмет , дуылдата соғылған шапалақтар Сiздерге арналады.

Жүргізуші: 2011 жыл Қазақстан Республикасының 20-жылдық мерейтойымен қатар келген қоштасу кеші биылғы түлектердің жүректерінде терең ұялары айдай анық.
Жаста болса әлемге танылып күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде ғана емес, алыс жақын шет елдерде де еліміздің атын тек қана жақсы баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер.
- Түлектерімізді орындарына қошеметтеп шығарып салайық.

МУЗЫКА ОЙНАП ТҰРАДЫ
(түлектер белгіленген орындықтарына орналасады)

Жүргізуші:
- Құрметтi қонақтар, түлектер бүгiнгi салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

(Қазақстан Республикасының
әнұраны орындалады)
Жүргізуші:
- Кештiң ашылу салтанатын мектебіміздің директоры Жолдыбаева Күляш Рахымқызына
беріледі.
ФОН
Жүргізуші:
- Жұлдыздарымызға ақ жол тiлеп , құттықтау кезегiн Жезқазған қалалық әкiмшiлiгiнен келген қонақ ------------------------------------------------------------------- берiледi.
ФОН

Жүргізуші:
-Түлектердiң шын жұлдыз боп биiктен көрiнуiне өз қуанышын бiлдiрушi Жезқазған қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлiмiнен келген қонағымыз ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ берiледi.
ФОН
Жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрмыз баршамызда , Мұндай күй болған, бәлкiм баршаңызда . Қол соғып қошаметпен шақырайын , "Жұлдыздар" келсiн, кәне ортамызға!
Шығармашылық қабілеттері бар адамдар, сіздерге салтанатты сәт келіп тұр – аттестат берілу кезеңі.

Жүргізуші: Ал ендi, көптен күткен салтанатты мерзiм де келiп жеттi. Ол-алтын ұяда 11 жыл бойы, бойыңызға жинаған, бiлiм нәрiне сусындағаныңыздың дәләлi – «Қымбатты аттестат» тапсыру салтанаты.

- Мектеп түлектерінің аттестатын және Ұлттық біріңғай тестілеудің сертификатын тапсыруға мектеп директора Жолдыбаева Күляш Рахымқызын және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Смайлова Сауле Тұрсынқызын ортаға шақырамыз.

-Жарқын болашаққа жолдама – жарқыраған аттестаттарыңызды алуға рұқсат, мектеп бітіруші түлектеріміз!
Куляш Рахимовна Жанабай Айдананың аттестатыныңмәтінін өзі оқиды қолға аттестатын тапсырады

Қосымша винеткалары грамоталары беріледі

"Жұлдызды кештiң" аталу себебiн ендi әр түлектiң жұлдызын танумен таныссақ .
Оқу білімнiң бұлағы» деймiз, немесе «бұлақ көрсең көзiн аш» дейдi қазақ..
Бұлақ - бұл су, яғни Суды қорған етер топтың жұлдыздары: Шаян, Сарышаян, Балық.
Алдарыңызда тұрған Су атасының балалары:
Айдана Ж , Перизат
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

Жүргізуші Қорғаны су жұлдыздар өмiрде өте нәзiк, сезiмтал болып келедi.
Шаяндар: өздерiн әлеуметтiк жұмыста, ұстаздық салада көрсетедi.
Сарышаяндар: тез және шапшаң шешiм қабылдауға бейiм, адамдар арасында кез келген уақытта тамаша ой бередi.
Балықтар: ең тамаша, таңданарлық талапты да талантты жандар
болады. Олар әр мамандықты қалауынша жандандыра алады.

Жүргізуші: Бұл өмірде өздерінді суда жүрген балықтай сезіңдер. Қиналмандар, сүрінбендер, көңілді күйде жүріп, алда болыңдар.

-Олай болса, Су атаның балалары да тегiн болмады. Ал, бұл жұлдыздардың ұстаздарына арнаған тілегін тыңдайық.
Тілек айтады Айдана Ж , Перизат


Жүргізуші: Аттестат беру кезеңі – жер балаларына келді. Бикеш, Торпақ, Ешкімүйіз жұлдыздары.
Жер-Ана балаларының да үлкен өмірге аттар қадамына жолдама – аяулы аттестаттарын табыс етейік!
Мендеш ,Айдана Ә, Гүлім, Маржан, Ұлпан, Толғанай .
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

Жүргізуші: Жер –Ананы қорған қылар топтың азаматтары өмірге өте бейім, аяғымен нық тұруға дайын, әр ойлаған, әр идеясынан ұшқын көретін азаматтар. Дәлірек талдасақ, Торпақтар:театр өнері мен оны қою барысында өздерін басым көрсете біледі. Бикештер ұшқыр ойлары мен зеректіктері басым, ал, Тау ешкілер өздерінің бір беткейлігімен қоса тамаша басшылықта көріне біледі.
-Жер Ананы қорған қылар топ өз тілектерін жеткізбек
(топтан сойлейтін АЙДАНА Ә. )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады
Жүргізуші: Өмірге ғашық болып жүріңдер, туған жерлеріне жақын болыңдар. Биіктен көрініп бақытты болыңдар.

Жүргізуші : Адамзат баласы өз жаратылысын тыныс алудан бастайды. Тыныс алу, дем алу, таза ауа жұту – бұл табиғат құбылысы. Арман қуған нәзік жаңдар, арманды қолға алғандар, ұмтылып алға жүргендер, әрқашан жеңіске жеткендер – аттестат беру кезеңі сіздерге келді – Таразы, Суқұйғыш, Егіздер, Балықтар жұлдыздары.

Ауа қорғауындағы жұлдыздар: Егіздер, таразы, суқұйғыштар. Қарсы алайық:
Алуа, Толғанай Ж., Ақсауле , Самат, Қобланды, Нұрсұлтан, Жұлдыз, Назира

-Жарқын болашаққа жолдама – жарқыраған аттестатарыңызды алуға рұқсат!
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

Жүргізуші: Қоршаған ортаның тынысы АУА деп жүрегі соғатын азаматтар айналасын өзінің зеректігі, қайталанбас ойларымен таң қалдырады.
Егіздер әдебиетте алдына жан салмайды.
Таразылар әсемдік пен сезімталдығы, талғымпаздығы жоғары.
Суқұйғыш әр жаңалықты дамытып немесе тың жобалар табуға,
жаңа идеялар туғызуға шебер жандар.
Олай болса бұл жұлдызды топқа егемен елдің болашағын дамытуға талмай үлес қосады деп сенеміз
-Ал жұлдыздар тың жобамен талғамдарыңызды ортаға салыңыздар! Бұл топ жұлдыздар өздерінің дайындаған тілектерін жіткаізбек

(топтан сойлейтін САМАТ )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады
- Рахмет сіздерге. Биіктен көрініп бақытты болыңдар. Жарқын болашақ тобын орындарына қошеметпен шығарып салайық.

Жүргізуші: Мiне, ең соңғы "жұлдыздар" тобын да бiлiм кемесiне жолдама күтiп тұр. Ендеше, тапсырайық оларға жарқын болашақ жолдамаларын!
АсемӘ, Асем Т, Ерлан, Аэлита , Гүлнұр, Асан
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

От -адамзат баласының ғасырлардан келе жатқан қорғаушысы, қорғаны. Бұл жорамалдағы адамдар шексiз жiгерлi , творчестовалық танымы мол болып келедi(от тәңiрiнiң қорғауындағы жұлдыздар Тоқты, Арыстан, Мерген) Тоқтылар арасында музыкаға бейiмдер көп болды . Арыстандар арасында әртiстер , режисерлар мен продюсерлер де аз болмайды . Ал, Мергендер болса , өнерге бейiм болғанымен, көп елiктеп кетедi . Дегенмен , осы болжаудан кейiн , бұл азаматтардың барлығы сөзсiз "эстрада жұлдыздары бола алады " деп тұжырым айтуға әбден болады .
-Ендігі сөз түлектер өздеріңізде.
(топтан сойлейтін ЕРЛАН )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады

- Ешқашанда сөнбеңдер. Тағдырдың сыйлап берген лаулаған отын өмірдің жақсы сәттерінде қолдана біліңдер. Топ жұлдыздарын орындарына қошеметпен шығарып салайық.

- Ендiгi сөз өздерiңiзде түлектер! Қазiр сiздердiң нағыз "жұлдызды шақтарың" туды. Көкейде қалған, шешуiн таба алмаған сұрақ болса, айтылмаған махаббат лебiзi болса, барлығын дәл қазiр қысылмай ақтаруға болады .
Бұл бақытқа жеткендер бар , жетпей кеткен талайлар ,
Отыр, бәлкiм, арасында расында Абайлар.
Жарқ-жұрқ етiп өте шыққан жасындар,
Бейiмбеттер , Iлиястар, Сәкен , Мұхтар, Қасым бар!
Отыр , бәлкiм, сөз зергерi Ғабеңдер де ,
Отыр, бәлкiм , кең жүректi Сәбендер де .
Ана тiлiн сүйiп өскен ұрпақтың,
Хақысы жоқ ешқашан томендеуге

- Жүрегiнде iзгiлiк оты жанғанда- деп, мектеп бiтiрушi түлектер атынан құттықтау соңгы сөз кезегi 11а сынып түлегі Сарбаева Гүлнұрға берiледi

(Сөз түлектерде)
Жүргізуші:
Талай - талай жылдар өте табысты,
Қабырғаңнан жас түлектер бүгін ұшты.
10-ші мектептің қырандары,
Көтеріңдер биікке намысты,- дей отырып сахна төріндегі бүгінгі «Жұлдызды кешіміздің» түлектерінің музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар!

(Музыкалық сәлем, түлектер сахнада тұрыды )

ӘН «ҰСТАЗЫМ»
Гүлдер тапсырылады .
Жүргізуші: Мiне , көздерiңiз жеткен болар , бүгiнгi түлектерiмiздi текке жұлдызға теңемеген болдық . Оларды шын мәнiнде аспан жұлдыздары алысқа , ғарышқа шақырады екен! Бiзде тiлектеспiз! Жолдарыңыз болсын!!!

Жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Қандай ғажап қарашы айналаңа ,
Бақыттан басың, сiрә, айнала ма ?!
Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,
Қүрметпен сөз берейiк ата-анаға , - дей отырып,
Барша ата – аналар қауымы атынан құттықтау сөз кезегi
11 "А" сыныбын бiтiрушi түлегі Құлманова Гүлімнің ата-анасы Несібелді Ибатаевнаға беріледі
11 «б» сыныбының бітіруші түлегі Аппазова Аэлитаның ата-анасы Қамбар Тасқымбаевичті ортаға шақырамыз

Жүргізуші:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

ФОН
Жүргізуші: –Құрметті түлектер! Сiздердiң де бақытты жарқын өмiрге аяқ басқандарыңызға бiз де қуаныштымыз. Алда басталар өмiрдiң саналы жолы ешкiмдi адастырмасын. Сiздер жердегi жұлдыз болсаңыздар, аспандағы жұлдыздарыңыз өздерiңiзге серiк болып, алысқа жетелесiн!
-Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.

Соңғы қоңырау үнін шығару
Екі жақтан екі оқушы ҰЛ бала ҚЫЗ бала
-Сіздердің өмір жолдарыңызда бақыт –шашуы қадамдарыңызға ақ жол тілейміз.
Жүргізуші: Сонымен қоштасу сәті де таяп қалды. Бүгіннен бастап «Өмір» атты ғаламшардың ең жарық Жұлдыздары болуларыңа шын жүректен тілектеспіз.
-Ендеше түлектерімізге ақ жол тілеп , түлектерге арналған мерекелік от-шашуына мектеп ауласына шақырамыз. Мектеп ауласында от-феерверг шашылады



































Негізігі мектеп бітіру туралы аттестат беруге арналған салтанатты кеш



Тақырыбы: «Алтын ұя-мектебім!»

Өтетін орны: мектеп мәжіліс залы

Көрнекілігі: «Алтын ұя-мектебім» атты сахнадағы жазу, түсті шар мен

гүлдермен безендірілген сахна.

Барысы:

1-жүргізуші:

Бұл сынып қай сындада тартынбады,

Мектеп өмірінде жарқырады.

Тоғызыншы «А» сыныбы қайдасындар?

Мектебіміздің еркелері, алтындары.


2-жүргізуші:

Біздің сынып басшысы,
Шахмина болар қараңыз.
Өткір де ер мінезіне,
Бағынамыз бәріміз.

1-жүргізуші:

Талай жас бар бүгінде қуған арман,

Өрілген өн бойынан талант тамған.

Нәр алып топырағынан Шұбарымның,

Диас бар мақтанар, топты жарған.


2-жүргізуші:

Биікке самғау мақсаты,
Алғыр, зерек, талапты.
Көркем шығарма оқудан,
Алдына жан салмайтын
Қошеметтеп қанекей
Қарсы алайық Сымбатты.


1-жүргізуші:

Өзі сондай ұқыпты,
Сыныпта ең көрікті.
Қошеметтеп шақырайық,
Илфат деген жігітті.



2-жүргізуші:

Айдай сұлу Анэлядай
Ардақты бар қызымыз.
Сыңғырлаған күлкісін,

Жауқазын гүлге теңейміз


1-жүргізуші:

Бойында үлкен намыс бар
Әрқашан алға ұмтылған
Сегіз қырлы,бір сырлы
Намысшыл жігіт Данияр.


2-жүргізуші:

Көпшіл,алғыр,әдепті
Білімді еркін меңгерді
Қошемет көрсет халайық
Зарина қыз келеді.

1-жүргізуші:

Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді
Заңғар сыныптың жүрегі.


2-жүргізуші:

Ортамыздың ажары,
Дариға деген ерке қыз.
Әр қылығын көтеріп,
Еркелете береміз.


1-жүргізуші:

Ойы ұшқыр Ерлан жігіт,
Математиканы сүйеді.
Қиын есеп болса да,
Лезде шешіп береді.


2-жүргізуші:

Кез-келген жерді картадан
Мүдірмей тауып береді
Өлкенің жер-су аттарын
Камила жақсы біледі.



1-жүргізуші:

Мінезі бар салмақты,

Жалғас біздің ерке ұл.

Қолына алып куәлік

Не істерін ойланып жүр.


2жүргізуші:

Құлпырған қызғалдақтай қызсын дара,

Түлеп ұшып барады Алматыға.

Тамылжыған сазды әнің әуенімен,

Шақырайық Айғанымды ортамызға.


1-жүргізуші:

Қиялын көкке өрлетіп мөлдір аспан,

Сыныбына той думанда жырын қосқан.

Әділ дос бола білген Арсенде

«Кетейін»-деп отыр арамыздан.


2-жүргізуші:

Күллі жұртты тамсантқан,
Мың бұрала билейді.
Талабымен қуантқан,
Біздің Сабина өнерлі.


1-жүргізуші:

Тіл табысқан бәрімен
Ақжарқын ғой күлкісі
Жақсылықтың жаршысы
Ақнұр қыз ғой ол біздің.


2-жүргізуші:

Кеш жарық, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар!

1-жүргізуші:

Кеш жарық бүгінгі тойдың иелері!


1-жүргізуші:

Бүгінгі қуанышты жүректерге,

Айтамыз қабыл болсын тілектерге.

Ашық деп хабарлаймын салтанатты

Бүгінгі аттестат алушы түлектерге – деп «Алтынұя-мектебім!» кешін ашық деп жариялауға рұқсат етініздер






2-жүргізуші:

Мектеп қой, Еліміздің қаны,жаны,

Мектептен басталады бәрі-бәрі.

Бүгінгі аттестат алу салтанатында,

Шырқалсын Қазақстан гимні!


( гимн орындалуда)

1-жүргізуші:


Ұстаз бен ұрпақ жанын ұға алады,

Қашанда ақ тілекпен шыға алады.

Басшымыз тілек айтсын түлектерге,

Тыңдайық Әнұәрбек ұлы Асқарды.


(мектеп директорына сөз беріледі)


2-жүргізуші:

Тоғыз жыл оқып, білім түсті қорларына,

Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордадан.

Аттестат деген азаматтық күәсі,

Аттестат деген өмірге деген жолдама, - дей отырып, оқушылардың көптен күткен қуанышты кезеңі, тоғыз жылғы төккен терінің жемісі, тоғыз жыл бойы алған білімнің белгісі- аттестат алу кезі келгендей.


1-жүргізуші:

Аяулы ұстаз! Өлшемі жоқ бағанның,

Айтындаршы, таласады оған кім?

Еленуде елде істеген еңбегін,

Айтады алғыс шәкірттерін саған мың.

Сөз және аттестатты тапсыру рәсімі мектеп директоры Асқар Әнуарбекұлына және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Лязат Болатқызына беріледі.


/ аттестат беру кезеңі/

2-жүргізуші:

Бойында ыстық қаны ыршып аққан,

Әрқашан арта берсін сыршыл ақ тан.

Аттестат құтты болсын жас қырандар,

Өмірге қадам басып, бүршік атқан!


1-жүргізуші:

Сіз үйреткен 42 әріптермен,

Құрастырып жазамын сәлем сізге.

Әлі есімде әліппені ашқаным,

Есімінді мәнгі есте сақтадым.

Жүрегіме нұрын құйған жылулық,

Көрген емес ешқашанда суынып.- дей отыра сөз кезегін алғашқы ұстазы-

Бабикенова Лязат Бекетқызына беріледі. бе 2-жүргізуші:

Қандай ғажап қарашы айналаңа ,
Бақыттан басың, сiрә, айнала ма ?!
Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,
Қүрметпен сөз берейiк ата-анаға , - дей отырып сөз кезегі ата-аналарға беріледі.


1-жүргізуші:

Ал енді құрметті оқушылар! Бүгінгі күнді пайдалана отырып, біз сіздерге қысқаша сұрақтар қояйық деп отырмыз.


2-жүргізуші:- Осыдан тоғыз жыл бұрын 1-қыркүйек күні ең бірінші кіммен

келдің?
1-жүргізуші: - Сол күні ауа-райы қандай еді?

2-жүргізуші: - Біздің мектеп директорының жасы нешеде?

1-жүргізуші:- 9 сыныпта оқыған бір оқулықтың авторы кім?

2-жүргізуші:- Р-ға тілі келмейтін аюдың тақпағын айтып бер.

1-жүргізуші:- Сабақ үстінде кімнен көбірек көшіруді ұнатушы едін?

2-жүргізуші:- Сабақтан қашудан кім рекорд жасады деп ойлайсын?

1-жүргізуші:- Қай мұғалімнің дауысы ерекше әсерлі?

2-жүргізуші:- Болашақта кім болуды армандайсын?

1-жүргізуші:- Сынып жетекшіңнің туған күні қашан?

2-жүргізуші:-Сабаққа келмеген кезде мұғалімге қандай сылтау айтып,

сендіруші едін?

1-жүргізуші: - 9 жылда неше рет директордың кабинетіне бардың?

2-жүргізуші:- Ең алғашқы сабақтан қашу есінде ме, қай сыныпта, қандай

сабақ және не себептен қаштың?

1-жүргізуші: Балалар, сұрақтарға шын көңілдеріңмен жауап бергендеріңе

рақмет.


ІІ Бөлім-Концерттік бағдарлама

1-жүргізуші: Ал, енді құрметті қонақтар, 9 сынып оқушыларының сіздерге арналған ән-шашуын қабыл алыныздар!


2-жүргізуші: Алтын ұя, алтын бесік мектебім,

Мәңгі есімде анам болым өткенің.

Парызынды өтедін сен, білемін,

Ал қарызым саған берер көп менің.





1-жүргізуші: Ұстазым орындалар парыздарын,

Мен саған әрқашанда қарыздарым.

Ұстазым, анамдайсын ыстық көзге.

Сенен басқа жақыным барма өзге.


/ «Ұстазым» әні орындалады/

2-жүргізуші: Ана деген әрқашан ардақты жан,

Әр кездеде арналады жақсы ән.

Қамқорлық, мейрімділік тек анаға тән,

Жүрсінші әрдайым қасымда анам.

Ал, құрметті ата-аналар келесі тарту сіздердің құрметтерінізге.

/ флешмоб/

1-жүргізуші: Толтырады бар көңілдін отын, достарым,

Қатемді түзеп, жол тапсам, дұрыс қостадын.

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,

Жүрдіндер сендер қолтықтап демеп, достарым.

Келесі тартуымыз барлық достарға арналады./ «Полисмен» биі/


2-жүргізуші: Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін тасып, толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бой жетіпті бантикті қыз кешегі

Құрметті қонақтар, келесі тамашалайтындарыныз «Эко» биі


1-жүргізуші: Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

Келесі тамашалайтындарыныз 9 сынып оқушыларының сіздерге деген көніл сылар тартуы.

/ флешмоб/
2-жүргізуші: Бақыт гүлі алдарыңнан ашылсын,

Арман-ару ақ білекпен асылсын.

Біз тілеген ақ тілектер қабыл боп,

Құс жлындай ғұмырларға шашылсын.

/ Вальс/

1-жүргізуші: Осымен негізгі мектеп бітіру туралы аттестат беруге арналған салтанатты кеш аяқталды, зейн қойып, тыңдағандарынызға рақмет!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!