Материалдар / "Алтынсың ғой, Анашым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтынсың ғой, Анашым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алтынсың ғой! Анашым!

Мақсаты: Ана үғымының мән мағынасын ашу, аналарына деген сүйіспеншілігін арттыру, өнерлерін көрсету арқылы ардақтауға, құрметтеуге үйрету.

Ертеңгілік барысы.

Жүргізуші:

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық

Өмірдің көктемі де, гүлі –аналар

Ана деп бас иеді күллі халық

Жүргізуші:

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан балалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар қасиетті Аналар!

Бүгінгі «Алтынсың ғой! Анашым!»

Ертеңгілігіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

Ортаға әдемі гүлдей жайнаған қыздарымызбен салмақты да сабырлы ұлдарымызды қошеметтеп ортаға шақырайық.

Балалардың кіруі:

Балалар әсем музыка залына музыка ырғағымен қолдарында жүрекшемен билеп кіреді.

Ән: «Менің анам алтын»


ОАру. Шақырады жас көктем гүліменен

Шақырады жасыл бақ жырыменен

Шақырады біздерді көкорай бел

Шақырады көктем мерекемен


Әнел. Сендерден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар


Н.Мансур.Құлпырған көктем келді

Жылу тарап бойымда

Ұстаз ана кемеңгер

Құтты болсын мерекең.


ЖанелМәпелейді, әлдилейді бағады

«Құлыным»деп құшағына алады

Өзгеге де өзіне де жауапты

Барлығына қалай уақыт табады.

Арсен.Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі


Ақмаржан .Құшағыңа кіргенде

Жылынамын бір демде

Не жетеді күлкіңе

Күлімдеген көзіңе


Гүлназ.Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті анашым!


Еңлік .Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың-аясындай гүл бақтың


І.Ерке.Өмірге бізді келтіріп

Жарық дүние сыйлаған

Жамандыққа баласын

Ешқашанда қимаған

Көрмесін қайғы балалар

Аман болсын аналар

Аяулы аналар сіздерге арнап мына тамаша биді билейміз.

Би: «Испан» биі(Еңлік, Анел, Гүлназ. Амина, Жанел, Ақмаржан)

Аят

Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты мерекең!

Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар мен апайлар!

Достар бүгін осындай ерекше күн, аяулы аналарымыз туралы бір -бірімізге сауал қойып, жақсы лебіздер білдірейік.

Арсен Әрине әрине онда менің саған қояр сауалым бар.

Сұрақ: Сенің анаң қандай адам?

Жанғали .Менің анам сондай ерекше жан. Ақ жарқын, кең пейілді, өте жақсы адам.

Алинур Менің мына сауалыма жауап берші

Егер сенің анаңның көңіл күйі болмаса, көңіл күйін қалай аулайсың?

Мирас Жақсы сөздермен көңіл күйін аулаймын. Анашым, алтыным, анашым бақытым, анашым қамқоршым, сізді өте жақсы көремін, деп айтсам бірден көңіл күйі көтеріледі.

Ерхан Айтшы сенің анаң қалай еркелетеді?

Ернар Менің анам, құлыным, батырым, арыстаным жаным деп еркелетеді

Сағыныш Сен білесіңбе? Түн ұйқысын төрт бөліп бөбегін бөлеген кім?

Емирхан Ол менің және сендердің ардақты аналарың ғой...

Н Мансур Жайсыз жатып жылаған, нәрестені әлдилеп жұбатқан кім?

АрленОл бәріміздің мейірімді анамыз

МансурТаң сәріде сүт ішкісі келіп қыңқылдаған баласына сүт берген кім?

Ерасыл Ол баланың қуанышы Аналар

Хормен: Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Ж: Балалар көктемде аналар да, қыздарымыз да гүлдей жайнайды. Олай болса ортаға «Көктем гүлдерін» қошеметпен шақырайық.

Мода: 14 қыз модаға шығады.(Миллион музыкасымен)

Би: «Джентельмен»

Ж:Аулы біздің аналарымыз мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге арнап Аружан қызымыз тамаша әнін тарту етпек.

Ән: «Анатайым»

Ойын: «Кім жылдам»

Ән: «Жан анашым»

Ж:Келбетіңде сұлулық

Данадан кең пейіл

Ана деген жылылық

Аман болса аналар

Арманға жетер осы балалар дегендей бала егер анасын бір сәт көрмесе, кеудесі сағынышқа толып, анасын көргенше сағынышы басылмас екені рас. Сол сағынышты суреттейтін мына тамаша көрініске назар аударыңыздар.

Көрініс «Сағыныш»

Автор(Еңлік)Бір ананың жеті қызы болыпты. Бірде ол алыста тұратын анасына барып келуге кетеді. Үйге бір аптадан кейін оралады. Үйге кірісімен бірінен соң бірі аналарынақалай сағынғандарын айта бастайды.

Хормен: Апамыз келді, алақай!

Ана:ДаринаАмансыңдарма қыздарым!

Қыздар: Аманбыз апатай!

1.І.ЕркеАнашым, мен сізді күн сәулесін күткен көк нәр гүліндей сағындым ғой. (Құшақтап берінен сүйеді)

2.Дария Мен сізді анашым енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жылап сағындым.

3.Д.Ару Анашым мен сізді шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сіздің жолыңызды қараумен болдым ғой

4.АминаАлтын анашым, мен сізді гүлін таппаған ара сияқты іздеп, сағындым ғой.

5.ЕркежанАнашым мен сізді түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көрдім ғой

6.Ақнұр Аяулы анашым, мен сізді бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күтумен болдым ғой.

7.О.АруҮндеген жоқ. Ол анасының туфлиін шешіп, анашым мына орындыққа отырып тынығып алыңыз, жолдан шаршап келдіңіз ғой деп бетінен сүйеді.

І.Ерке:Анашым сіз алыс сапарға кеткенде біз сізді қатты сағындық қой.Бүгін аналар мерекесімен сізді құттықтаймыз. Біз сізге жүрегіміздің жылуын, мейірімін, шексіз махаббатын сыйлаймыз.

Ана(Дарина)Айналайын кішкентай менің құлындарым, менің бақытым сендерсіңдер! Мен сендерді де қатты сағындым. Сендерді көріп қуанып тұрмын.Әрқашан қастарыңнан табыламын, алтындарым сол!

Ж: Әр бала, өз анасын осылай сағынышын, махаббат сезімін жеткізе білген. Әрқашан ана мен бала арасындағы махаббат сезімдері таусылмасын.

Ж:Құрметті аналар сіздердің құрметтеріңізге Жанғали ұлымыз «Кавказ» биін тарту етпек, қабыл алыңыздар

Ж: Бүгін әжелеріміздің аналарымыздың ең жақсы көретін мерекесі олай болса әжелерімізге арналған өлең жолдарымызды тарту етейік.


Ернар:Әжем менің әліде

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне

Дария:Ертегі айтып ұйықтатқан

Әжем менің ақ әжем

Таңда күліп оятқан

Асыл әжем ақ әжем

Әмина:Әжем менің ақ әжем

Атыңды айтам мақтана

Сен бақшама келгенде

Қуанамын шаттана

Ермек:Менің әжемақ әжем

Ұлмен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десем

Айтып берер тағы әжем

Ерхан:Менің әжем ақ әжем

Бар нәрсеге сақ әжем

Немересін бағады

Бәріне уақыт табады

Жанғали.

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Әжелерді құттықтап

Ән арнайтын күн бүгін

Ерасыл

Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жаныңыз

Әже сізді құттықтап

Ән саламыз бәріміз.

Ж: Құрметті әжелер мерекелеріңіз құтты болсын!

Би: «Әжелер»(Ернар, Емирхан, Мирас, Ерасыл, Жанғали)

Ортаға әдемі Әнел Жанел Гүлназ Алима Еңлік қыздарымызды шақырайық

Ән: «Әжетайым»

Ж: Біздің топтың қыздары өнері асқан

Билейді мың бұралып бала жастан

Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз

Ортаға шығыңдар тартынбастан

Би: «Көбелек» биі

Ойын: «Гүл алу»

Шарты: Ортаға гүл вазамен қойылады. Балалар жұптасып билейді. Музыка әуені тоқтағанда гүлді алып қасындағы қызға сыйлау керек.

Ж:Балалар анамызға арналған тақпақтарымызды айтайық.


Мирас.Халқымызға билік айтар даналар

Даналардың өзі аналардан жаралар

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам барма, аналар!

Д.АруАялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің, аналардың, қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Б.ЕркеБар ғаламға шақ шашып жайдары

Күн күледі тіршілікте қайнайды

Көктем келді көктемменен ілесіп

Келген екен аналардың мейрамы

Арлен.Айналайын ақ анам

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсақ шаттанған

Алтыным деп мақтанам


М.МансурДостықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз.


Емирхан.Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық алтын бақ


Алинур.Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі


СағынышБал бөбегін баптаған

Анам үшін мақтаныш

Аялайтын біздерді

Көп жасасын жақсы адам.


Ақнұр. Ақыл құйған санама

Күннен артық расында

Күн алыста ал анам

Ылғи менің қасымда

+

Дарина Адам барма ана сүтін ақтаған

Алуан алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықты ар намысты сақтаған

Мен анамның сонысына мақтанам

Би: «Вальс»

Ән: «Ақ анам»


Ж: Аяулы біздің әжелер мен аналар және тәрбиеші апайлар! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор ана-осы отырған сіздер. Сондықтан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық! Осымен «Аққу» тобының «Алтынсың ғой! Анашым!» атты ертеңгілігі аяқталды.














































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!