Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
№85 орта мектеп
Көркем еңбек пәні мұғалімі
Толегенова Жаңагул
Тақырыбы: Алуан- алуан кәсіп бар,таңдап-талғап бірін ал
Мақсаты: Мамандықты таңдаудың ең негізгі шарттарын таныту,мамандық бойынша еңбек етуде оң шешім қабылдауға,еңбек қуанышын сезінуге,өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
Жұмыс барысы:
Аниматор-1: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Аниматор-2: Қош келдіңіздер!
Аниматор-1: Бүгін сіздер біздің мектепте «Алуан -алуан кәсіп бар, талғап-таңдап бірін ал» тақырыбында орта буын сыныптарының ұйымдастыруымен болып жатқан апталықтың қорытынды кешіне жиналып отырсыздар!
Аниматор-2: Қорытынды кешіміздің мақсаты: Мамандықты таңдаудың ең негізгі шарттарын таныту,мамандық бойынша еңбек етуде оң шешім қабылдауға,еңбек қуанышын сезінуге,өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
Аниматор-1: Еңбек нарығындағы сұраныстарға ие кәсіптерге бағыт- бағдар беру арқылы мектеп оқушыларының қызығушылықтарын ояту
Аниматор-2: Сіздерге көңілді отырып, кешті жақсы өткізуге атсалысатын боламыз!
Аниматор-2: Ендеше,бастауға рұхсат етіңіздер! ( қол шапалақтау)
1-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті оқушылар мен ұстаздар!
2-жүргізуші: Ендеше, «Алуан-алуан кәсіп бар,таңдап-талғап, бірін ал» атты қорытынды кешімізді біз бастаймыз!
1-жүргізуші: Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
2-жүргізуші: Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.
1-жүргізуші: Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек
2-жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың, ендеше, ең алдымен қандай мамандықтар таңдайды екен, оқушыларымызға сөз кезегін берсек:
(Оқушылар тақпақтарын айтады)
1-жүргізуші: Бейбарыс пен Жаншуақтың орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Бүгін бізде аниматорлар қонақта ма?
1-жүргізуші: Ия, өзің көріп тұрғандай солай сияқты,ал сен бұлардың да мамандық түріне жататынын білесің ба?
2-жүргізуші: Аниматорлардың негізгі қызметі - болып жатқан оқиғаларға әрқашанда көңілді аударту деп ойлаймын
1-жүргізуші: Дұрыс айтасың,құрбым, сонымен бірге аниматорлар шетелде мамандық түріне жатады екен,ал біз қандай аниматорлар туралы білеміз?
2-жүргізуші: Қазіргі танда 10 түрлі аниматорым( киімдері) бар.Сонымен қатар түрлі шарлармен безендіру жұмысын жасаймын.Тойда от шашу құрылғысымен арнайы тапсырыспен жұмыс жасаймын,5 жұмысшым бар,айына 300000-500000 тг аралығында табыс табу мүмкіндігіміз бар,көп шығыны жоқ - дейді қазіргі таңда аниматорлармен жұмыс жасап, табыс тауып отырған Гулжанат Нұрбекқызы
1-жүргізуші: Бір қызығы бұл үйде отырып жұмыс жасауға болатын қосымша табыс көзі, тіпті негізгі жұмысыңызға кедергісі болмайды,егер қаласаңыз халыққа қуаныш сыйлау үлкен шабытқа жетелейді, үйде кішкентай баламен отырсам да аниматорларым жұмыс жасауда деп өз ойын жеткізген болатын Гулжанат ханым. Кәсібіңіз берекелі болсын,- дей отырып ортамызға аниматорларды шақырайық,көрермендермен жұмыс өткізсек.(Аниматор оқушылармен жұмыс жүргізеді)
2-жүргізуші: Ол үшін,ортаға 6 оқушы шығады,оларға пазл құрастыру тапсырмасы беріледі,орындаған оқушылар аниматорлармен билеуге болады
1-жүргізуші: Ұстаздық еткен жалықпас ,үйретуден балаға дегендей сіздерді бүгінгі біздің кешіміздің төрінде отырған қонақтарымызбен таныстырсақ.
2-жүргізуші: Мектебіміздің ардагер ұстазы, әрі қолөнер шебері,құрақ құраудың майталман шебері Күнқияш апай! Қошемет көрсетіп қояйық!
1-жүргізуші: Мектебіміздің орыс тілі пән мұғалімі , әрі суретшісі, әрі кулинар-кондитері Дина Малхаждаровна бізде қонақта, қошемет көрсетіп қояйық!
2-жүргізуші: Кезінде ұстаздық қызметімен қатар, шығармашылықпен айналысып, шеберлігін шыңдаған, қазіргі таңда зейнеткерлікке шықса да құрақ құрап,көрпе тігіп кәсіп қылып жүрген Күнқияш апайымызға сөз кезегін берсек. Апай сіздің бұл хоббиіңіз ба, әлде, қосымша табыс табу көзі ма? Айта кетсеңіз?
Күнқияш апай сөйлейді,машинамен құрақ тігуді оқушыларға көрсете отырып, үйретеді,сұраққа жауап беріп отырады
1-жүргізуші: Сізге көп рахмет! Бүгін оқушыларымызға қандай құрақ түрін үйрете аласыз?
2-жүргізуші: Үйренем деген 2 оқушы жақынырақ келіп отырсаңыздар болады
1-жүргізуші: Дина Малхаждаровна сіздің керемет орыс тілі пән мұғалімі екеніңізді білеміз, ал кулинар-кондитер бұл екінші мамандығыңыз ба?
Бүгінгі үйрететін тәттіңіз туралы айта кетсеңіз..
Дина апай бақалшақ пісіруді көрсетеді... олар жұмыс жасап жатқанда
1-жүргізуші: Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін және өзінің бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың да түрі көп.
2-жүргізуші: Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, бағытын дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
1-жүргізуші: Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
2-жүргізуші: Ия дұрыс айтасың, «Сұлусың сен» салоны бар ағайынды Жұмағалиева Назерке мен Лаззат осы мектептің түлектері , олардың жүргізіп отырған кәсіптері өздеріне ұнайды және әр жұмыстарынан шабыт алары сөзсіз
1-жүргізуші: Ендеше, назарымыз бейнесюжетте болса...( маникюр жасайтын қыздар жұмыс үстінен бейнесюжет көрсетеді)
2-жүргізуші: Мамандық таңдау - бұл өмірдегі күрделі шешімнің бірі. Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін біліп алған жөн. Назерке мен Лаззат негізінде жол бойының мамандығын бітірген,қазіргі таңда өздеріңіз көргендей, өздерінің жүрек қалауы мен икемділіктерін пайдалана отырып, өз сұлулық салонын ашып, жұмыс жасап жатқан бірден бір табыскер кәсіпкерлер.
1-жүргізуші: Назерке мен Лаззатқа сәттілік серік болсын дейміз!
Апайлар өз жұмысын аяқтаймын дегенше көрерменмен жұмыс жасап жіберсек қайтеді?
2-жүргізуші: Ал, ендеше мамандықтар туралы оқушылар тағы не біледі екен?
1-жүргізуші: ендігі кезекте сұрақтар қойып көрейік? (Слайд арқылы көрсетіледі) Тек қол көтерген оқушылардан сұрайтын боламыз! Берілген суреттерде қандай мамандыққа жатады?
(Жауабын айтқан оқушыларға сыйлықтарын беріп тұру керек)
2-жүргізуші: Апайлар өз жұмысын аяқтады,керемет жұмыс шыққан сияқты,Күнқияш апай таныстырып жіберсеңіз... Рахмет апай,өнеріңіз шыңдала түссін!
1-жүргізуші: Апайларыңызға қоятын сұрақтарыңыз болса,қойсаңыздар болады.(оқушылар сұрақ қоюы мүмкін)
2-жүргізуші: Дина апай сіздің бақалшағыңыз да керемет тәтті сияқты,түрі айтып тұр,ауыз тиіңіздер! Дәм татыңыздар!Ас болсын!
1-жүргізуші: Құрметті Күнқияш апай және Дина апай сіздердің ортамызға келіп бізге өз шеберліктеріңізді көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамыз,біздің шағын болса да, сыйлығымызды зор ықыласпен қабыл алыңыздар!
Ортада Аяна ------әнімен қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Мамандықтар туралы бейне ойындарға назар аударайық.
1-жүргізуші: Мамандық– қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы.
2-жүргізуші: Адамның күнделікті өмірдегі іс–әрекетінің барлық саласы негізінен кәсіппен мамандықпен тығыз байланыста болады. Адам қолымен жасалынған барлық қарапайым заттан бүкіл құндылықтар жүйесі, еңбектің жемісі көрінеді,ол сен қалаған мамандық иесі болу
1-жүргізуші: «Алуан-алуан кәсіп бар,талғап-таңдап бірін ал» тақырыбындағы апталықтың қорытынды кеші өз мәресіне жетіп қалды,ендеше апта көлемінде жүргізілген жұмыстарға шолу жасап көрейік ( Апта бойынша өтілген жұмыс бейнеролик арқылы көрсетіледі)
2-жүргізуші: Бүгінгі жұмысқа және апталық көлемінде өткізілген жұмыстарға белсене қатысқан оқушыларды марапаттауға рұхсат етіңіздер! Оқушыларды марапаттау үшін сөз ---------------------------беріледі
1-жүргізуші:
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу
бәріміздің арманымыз.
2-жүргізуші: Біздің таңдауымыз да әртүрлі.
Біреуміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы
болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі
жақсы,таңдап-талғап бірін алыңдар!
1-жүргізуші: Марапаттарыңыз құтты болсын!
Бүгін алтын уақыттарыңызды бөліп бізбен бірге болғандарыңыз үшін сіздерге алғыс айтамыз!
2-жүргізуші: Жақсы сау болыңыздар !Көріскенше күн жақсы болсын! Естелікке суретке түсуге шақырамыз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алуан-алуан кәсіп бар

шағым қалдыра аласыз