Материалдар / Алынбайтын асу жоқ

Алынбайтын асу жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Әр оқушыны өз мүмкіндігін танып, оны ізгілікке бағыттау керек екенін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1.Оқушылардың адамды дұрыс әрекетке бастайтын таза және асқақ ойы туралы түсініктерін тереңдету. 2.Дұрыс ойлап, жақсы іс жасап, жақсы сөйлеу дағдыларын дамыту. 3. Оқушыны «парыз», «риясыз қызмет ету» ұғымдары арқылы ізгілікке тәрбиелеу.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп : №12 орта мектеп КММ

Мерзiм:13.11.2017

Мұғалiм : Кулдубаева Шолпан Касымбековна

Сынып 10 «А»

Оқушылар саны 10

Тақырып: Алынбайтын асу жоқ.

Құндылық: _Дұрыс әрекет құндылығы

Қасиеттер: Дұрыс ой, парыз, ізгілік


Мақсаты: Әр оқушыны өз мүмкіндігін танып, оны ізгілікке бағыттау керек екенін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Оқушылардың адамды дұрыс әрекетке бастайтын таза және асқақ ойы туралы түсініктерін тереңдету.

2.Дұрыс ойлап, жақсы іс жасап, жақсы сөйлеу дағдыларын дамыту.

3. Оқушыны «парыз», «риясыз қызмет ету» ұғымдары арқылы ізгілікке тәрбиелеу.


Ресурстар:(Оқулық, интербелсенді тақта,А3,маркерлер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Оқушыларды үлестірме қағаздар арқылы 3 топқа бөлу. Оқушылармен бірге 5 «Т» ережесін еске түсіру.

Т-тәртіп

Т-тазалық

Т-тыныштық

Т-талап

Т-татулық


Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


2.Үй тапсырмасын тексеру

Бейбіт Сапар Али. Тоқтар Әубәкіров туралы шығармасынан үзінді. 33-34 бет.

Оқушылар мәтіннің мазмұнын айтады.

Сұрақтары:

1.Мәтінде кім туралы айтылады?

2.Тоқтар Әубәкіров ғарышқа өзімен бірге нелерді алып ұшты? Себебін қалай түсіндіресіңдер?

3.Тоқтар ағаларың осындай биік дәреже мен халқының сүйіспеншілігіне қалай жетті деп ойлайсыңдар?

Ескерту

Оқушылардың күнделік, оқулық дәптер, бейджик, пеналын тексеру.




Баяу музыка «Хрустальная грусть» Алексей Захаренко


3.Дәйексөз.

Егер адам қолынан келетін, істеуге міндетті нәрсесін жүзеге асыра алса, сол адамды бақытты және жарасымды деп атауға болады.

Леонардо да Винчи.


Дәйексөзді 2 рет ұлдарға, содан кейін 2 рет қыздарға оқыту.

Оқушылар дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді дәптерге жаздыру.

Балалардың жауабын тыңдаған соң мұғалім қорытындылайды. Егер адам шын ниеттенсе,.қолынан көп іс келеді. бұл қанатты сөздің, астарында ізгі, ниет адал ой ойлап, талаптанып, еңбек еткен адамның жетпейтін жетістігі, алмайтын асуы жоқ деген ой бар.


4. Оқиғаларды әңгiмелеу.

Әкенің қызықты тәжірибесі.

(Өсиет әңгіме)

Әке мен қызы әңгімелесіп отырған екен. Қызы өмірінде көп қиналғанын және бұл қиыншылықтарды қалай жеңуді білмейтінін айтып әкесіне мұңын шертеді. Тіпті өміріндегі қиыншылықтары бірінен соң бірі жалғасады екен. Әкесі бәрін тыңдап болғаннан кейін «Кел қызым, саған бір нәрсе көрсетейін» деп асханаға алып барады. Әкесі әйгілі аспаз екен. Пеш үстіне бірдей көлемде үш ыдыс қойып, үшеуіне де бірдей мөлшерде су құйып, үшеуінің де астына бірдей мөлшерде от жағады. Бірінші ыдысқа бір дана сәбіз, екінші ыдысқа бір дана жұмыртқа, ал үшіншісіне бір уыс ұсақталмаған кофе дәндерін салады. Үшеуін де тура жиырма минут қайнатып, кейін отын өшіреді. Үстелге екі табақ және бір стақан қояды. Алдымен піскен сәбізді алып бір ыдысқа салады. Кейін әбден піскен жұмыртқаны алып екінші ыдысқа салады. Ең соңында суға жақсылып сіңген және бабына келген кофені алып бір стақанға құяды.

Әкесі қызынан: «Қызым не көріп тұрсың?» деп сұрайды. Қызы: «Сәбіз, жұмырқа, кофе» деп жауап береді. Кейін қызының қолынан ұстап үстелдің жаныныа апарып, жақынырақ тұрып көрсетеді. Сол кезде қызы: «Не көрем басқа, жұмсақ піскен бір сәбіз (бір шанышқымен батырып жұмсақтығын байқап көреді) ал мынау піскені соншалық, іші қатып қалған жұмыртқа (жұмыртқаны қолына алып ұстап көреді, тіпті үстелге ұрып жарып та көреді) және бір стақан кофе көріп тұрмын (ішіп көріп) дәмі өте күшті. Әке мұны маған не үшін көрсетіп жатырсыз?» деп сұрайды. Әкесі: «Қара, барлығы бірдей көлемдегі ыдыста, бірдей ыстықта, бірдей уақытта қайнады. Бірақ әрқайсысы әр түрлі деңгейде пісті. Сәбіз алдында қатты, қуатты еді, бірақ қайнатылғаннан кейін жұмсарды, тіпті әлсіз болып қалды. Жұмыртқа әуелде тез сынғыш, жәй тисең жарылып кететін еді, бірақ қайнатылғаннан кейін қатайды. Ал бір уыс кофе дәндері алдында қатты, барлығы бір-біріне ұқсайтын еді, бірақ қайнатылғаннан кейін жұмсарып, құрамындағылар суға араласты. Бөлмеге хош иіс, дәм таратты және суды дәмді бір кофеге айналдырды. Қызым сен осылардың қай бірісің?» деп сұрады. «Қиыншылықтарға тап болған кезіңде қалай қарсы аласың? Сен сәбізсің бе, жұмыртқасың ба, әлде кофесің бе?»

1.Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?

2.Әкесінің бойнан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

3.Сіз, қыздың орнында болсаңыз нені таңдар едіңіз? Неліктен?

«Өзін-өзі тану Мұғалімге арналған хрестоматия» (Алматы. 2013)




5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Шығармашылық жұмыс барысында баяу музыка қойылады. ( 7 минут беріледі)

Бірінші топтың тасырмасы бір күндік мақсаттарын жоспарлау.

Екінші топтың тапсырмасы бір апталық мақсаттарын жоспарлау.

Үшінші топтың тапсырмасы бір айлық мақсаттарын жоспарлау.

Оларға жету жолдарын белгілеу.

Әр топ жұмысын жеке қорғайды.

(Мұғалім балалар мақсатындағы руханилыққа мән беруі керек)

Сұрақтары:

1. Адам алдына не үшін мақсат қояды?

2.Қойған мақсатқа қалай жетуге болады деп ойлайсыз?

3.Мақсатқа жетуге адамның өзгелердің алдындағы міндеттері мен парыздары кедергі бола ала ма?



6.Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


7.Үй тапсырмасы.

В.Ягодинскийдің зиянды заттар туралы мәтінін оқып келу.( 40-42 бетте)

«Егер қаласа, адамның қолынан көп іс келеді» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.



8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық. Рахмет!













ЖИ арқылы жасау
21 Желтоқсан 2017
763
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі