Алынбайтын асу жоқ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алынбайтын асу жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам үшін алынбайтын асу жоқ екендігін айта отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Алынбайтын асу жоқ 

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: әділеттілік, сенімділік, жауапкершілік.

Сабақтың мақсаты: Адам үшін алынбайтын асу жоқ екендігін айта отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларды қойған мақсаттарына жету үшін сенімділікке үйрету.

  • Оқушыларды жетістікке жету жолында жауапкершілігін дамыту

-өз бойынан ақиқат іздеу арқылы, ар-ұждан дауысын естуге , әділеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар

(материалдар,

дерексөздер)

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін 5«Т» қайталау.

1.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Жаймен көзіңізді ашыңыз. Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

10-сабақ. 36-бет. «Бәйшешек бақшасы» Ш.Құдайбердіұлының өлеңі.

  • Өлеңдегі «Ақыл- өлшеусіз бір жарық нұр,сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр» деген ойды қалай түсінесіз?

  • «Адал еңбек» арқылы қандай мақсаттарға жетуге болады?

  • Жауапкершілік бізді кандай құндылыққа жетелейді?

  • Өздерің адал еңбек арқасында нәтижеге жетіп көрдіңдер ме? Мысалы.


Оқулық.

3.Дәйексөз. Шындығы бар жерді мекен ет. Әл-Фараби.

1. Шындығы бар жерді мекен ет нақыл сөзін қалай түсінесіздер?

2. Амалсыз өтірік айтуға мәжбүр болған сәттер болды ма?

3.Өз бойларыңнан ақиқат іздеген кездерің болды ма?Болса мысал келтірейік.


«Сөз атасы»

(V-XVII ғ. Жазба

материалдарының

жинағы)

А.-1987

94-бет

4.Мұғалімнің сыйы


Ақиқат

Бір күні аспанда данышпандар жиналып адамды жасап, оны жер бетіне жібереді. Содан соң, олар адамға жер бетінде мәнді өмір сүру үшін не керек деген сұрақты талқылауға кіріседі. Бір данышпан: «адамға бақыт жіберейік»,- дейді, екіншісі «ақыл жіберейік»,- дейді. Сөйтіп адамның жер бетінде мәнді өмір сүру үшін керек жақсы қасиеттерді жіберіп жатады. Сол кезде бір данышпан ойланып: «АҚИҚАТТЫ жіберейік»,- дейді. Ал екіншісі: «ақиқатты адамға жайдан-жай жібере салмайық, олар оны өздері іздеп тапсын, сонда ғана адам үшін ақиқаттың мәні болады», -дейді.

Данышпандар АҚИҚАТТЫ біресе күннің артына, біресе айдың артына тығуды ұсынады.

Сол кезде бір данышпан: «Біз одан да АҚИҚАТТЫ адамның жүрегіне тығайық, сонда тек Ар-ұждан дауысын ести білген адам ғана өз жүрегіндегі ақиқатты тани алады. » – деген екен. Ақиқат бізге тумысымыздан берілген сый екен.


  • Данышпандар не себепті Ақиқатты бірден бере салмай,оны жүрекке жасырып қоюды ұйғарды?

  • Ар-ұждан дауысын есту дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сонымен ақиқат дегеніміз не?


Интернет


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1топ: Тапсырма: Оқиғаны өз ойларыңмен аяқтап, сахналап беріңіздер.

Мұхтар мен Болат 10-сыныпта бірге оқиды. Екеуі 7-сыныптан

бері жақсы дос. Олар «Медеу» ықшам ауданында тұратын, үйлері де бір-біріне жақын. Мұхтар да, Болат та оқу екпіндісі, сабақ дайындағанда бір-бірінің үйіне бара қоятын. Бірақ Мұхтар соңғы кезде көп өзгерді. Сабағы да төмендеді. Болат бұрынғыдай хабарласа қалса, «қолым тимей жатыр», «үйге кісілер келіп қалды», «ата-анам жұмыс тапсырып еді» деген сияқты таусылмайтын сылтауы көбейіп кетті. Бүгін, Мұхтардың өзі Болатқа қоңырау шалып:

-Егер мені ата-анам сұрап жатса, «менің қасымда, екеуміз сабақ дайындап жатырмыз» деп айта салшы, мен Саматпен бірге компьютер клубына ойнауға барамын» - деді. Самат 11-сыныпта оқитын көрші бала. Болат не дерін білмеді...


2-топ:      «Ұстаздың шәкірттерін сынауы». Аңызын сахналау

Баяғы заманда бір данышпан өз шәкірттерін шақырып алып:

- Мені кәрілік жеңіп келеді, қауқарым жоқ. Енді сендер мені асырауларың керек,- дейді.

Шәкірттері ұстаздарының айтқанымен толық келіседі. Бірақ:

- Біз тамақ пен ақшаны қайдан аламыз. Көршілер көмектесе қояр ма екен?!

- Мен сендерге «қайыр сұраңдар»деп отырған жоқпын. Рұқсатсыз ала беріңдер,өйткені олардан гөрі ақшаға біз көбірек мұқтажбыз.Сондықтан ол -күнә емес.

Сөйтіп,ұстаз шәкірттерін байлардың ақшасын білдірмей алу жолдарын түсіндіреді.Бірақ ол шәкірттеріне ешкімді ренжітпеуді өтінеді.

Барлығы жорыққа аттанбақшы болып жатқанда,біреуі үнсіз төмен қарап тұрып қалады.

Ұстазы одан:

- Не болды? Өз ұстазыңа көмектескін келмей ме? - деп сұрады.

- Ғапу етіңіз,Ұстазым! Сіздің айтқаңызды істей алмаймын. Сіз біреудің затын ешкімге білдірмей ұрлап ал деп отырсыз.Ол мүмкін емес,ешкім білмесе де өз ұрлығымды ішім біліп тұрады ғой.Одан да қайыр сұрағаным жақсы.

- Мен сендердің жан дүниелеріңнің адал болғанын қалап едім.Адамның қарны ашқаны ештеңе емес,оның жан дүниесі аш болмауы керек.Сондықтан ар-ұждан дауысына құлақ түріп жүріңдер. Әйтеуір біреуің түсіндің-ау!



6. Топпен ән айту. «Мейірімді болайықшы ағайын»

Сөзі: С.Қалидікі

Әні: Қ. Махановдікі

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы,ағайын!

Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар.

Пейілдерді пенделіктен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы,бауырлар!

Болашаққа қол ұстасып барайық

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы,халайық!


Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де, болса деп!




7.Үйге тапсырма.11-сабақ

40-42 беттердегі В.Ягодинскийдің әңгімесін оқу.



8.Соңғы тыныштық сәтi.

Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға,ар-ұждан дауысын естуге тырысыңдар, сонда ғана айналамыз ақиқатқа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
639
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі