Әмбебап прогрессивті модель патранаждағы мейіргердің жұмысының маңызы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әмбебап прогрессивті модель патранаждағы мейіргердің жұмысының маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әмбебап прогрессивті модель патранаждағы мейіргердің жұмысының маңызы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әмбебап прогрессивті модель патранаждағы мейіргердің жұмысының маңызы.

2015 жылы пилоттық араласу ретінде Қызылорда облысында үйдегі әмбебап прогрессивті патронаждық бару моделі енгізілді. Үйдегі патронаждық бару қызметтері немесе патронаждық жүйе – бұл бастапқы медициналық-санитариялық көмек мамандарымен кішкентай балаларын күтіп отырған және/немесе осындай балалары бар отбасыларды аралаудан басталған. Аралау мақсаты отбасыларды балаларды физикалық, әлеуметтік және эмоциялық сау және дамыған етіп тәрбиелеудің қажетті дағдыларына үйрету болып табылады. Қазіргі уақытта модель Қызылорда облысында пилоттық енгізуден басталып, басқа өңірлердің барлығында жұмыс жасап жатыр.

Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекітутуралы Денсаулық сақтау министрінің 2022мжылғым15 наурыздағы №25 бұйрығынан тоқталсақ.

Баланың өміріне, денсаулығына, дамуына қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қауіптерді анықтау және төмендету, сондай-ақ қаупі жоқ отбасына міндетті бару санын азайту мақсатында жүкті әйелдерді, нәрестелер мен ерте шақтағы балаларды үйде патронаждық бақылауды ұйымдастыру Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) ұсынған әмбебап-прогрессивті моделінің негізінде жасалады.

   Патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі кезінде міндетті жоспарланған үйге барулармен қатар (әмбебап тәсілдеме) баланың өміріне, денсаулығына немесе дамуына әсері бар медициналық немесе әлеуметтік қауіптің болуына байланысты ерекше қолдауды қажет ететін жүкті әйелдерге, нәрестелер мен балаларға арналған жеке жоспар бойынша қосымша белсенді бару енгізіледі (прогрессивті тәсілдеме).

Әмбебап (міндетті) патронаждық бақылау барлық жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі және жүкті әйелдерге (жүктіліктің 12 аптасына және 32 аптасына дейінгі мерзімде) босануға дейінгі 2 патронаждан және ал балаларға осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес үйде жүкті әйелдерді, нәрестелерді және 5 жасқа дейінгі балаларды жалпы бақылау сызбасы бойынша және МСАК көрсету кезінде деңгейінде МҰ қабылдауда 9 рет барудан тұрады.

Прогрессивті тәсіл осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес жүкті әйелдердің және 5 жасқа дейінгі балалар патронажының әмбебап-прогрессивті моделінің сызбасы бойынша (мейіргер ісінің маманының үйге патронаждық баруы) өміріне, денсаулығына, дамуына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық және әлеуметтік сипаттағы қауіптер анықталған жүкті әйелдер мен балаларды патронаждық бақылауды көздейді.

Бірқалыпты қауіп анықталған жағдайда (оның ішінде емізуге, қосымша тамақтандыруға қатысты мәселелер, гигиеналық дағды, ойнау, қарым-қатынастағы қиындықтар және т.б.) мейіргер ісінің маманы оны жою бойынша өз бетінше немесе учаскелік дәрігермен бірлесіп жұмыс жүргізеді.

Отбасы әлеуметтік қолдауды қажет ететін жоғары қауіп жағдайында (балаға қатал қарау, зорлық-зомбылық, жақтырмау, мүгедектік және т.б.) мәліметтер әлеуметтік қызметкерге, психологқа және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды, білім беруді, әлеуметтік қорғауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, аумақтық полиция департаменттеріне, үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.

Нәрестелер мен ерте шақтағы балаларға үй жағдайында патронаждық бару кезінде мейіргер ісінің маманы өзімен бірге балаларға арналған тонометр, өлшеуіш лента, термометр, бір рет қолданылатын шпатель алып жүреді.

Жүкті әйелге патронаждық бару кезінде мейіргер ісінің маманы:

     1) жүкті әйелден шағымдарын сұрайды, артериялық қысымын өлшейді, ісіну және анемия белгілерінің бар-жоғын қарайды;

     2) көңіл-күйін (депрессия бар-жоғын), үй жағдайының және өмірінің қауіпсіздігін, үй-жайының және жеке гигиенасын, жүктіліктің қауіп факторларын бағалайды;

   3) жүктілікке байланысты физикалық және психикалық өзгерістер туралы, жүктілік кезіндегі күйзелістің зиянды салдары туралы, темекіні, алкогольді және есірткіні тұтынудың зиянды салдары туралы хабардар етеді;

  4) үйлестірілген тағам бойынша, салмақты, физикалық белсенділікті бақылау, ауыз қуысының гигиенасын, жеке гигиенаны сақтау бойынша ұсыныстар береді;

  5) отбасын жүктіліктің алаңдататын белгілеріне, қандай жағдайда тез арада дәрігерге қаралу керектігіне үйретеді және босануға дейін терапевттің және гинекологтың бақылауын жоспарлайды;

6) босануға, нәрестеге арналған орынды, бөлмені, күту заттары мен киімдерді қалай дайындауға, нәрестенің негізгі күтіміне, тек қана емшекпен қоректендірудің маңыздылығы мен емізу техникасына үйретеді және консультация береді.

Нәрестеге патронаждық бару кезінде мейіргер ісінің маманы:

  1) нәрестедегі аурудың немесе жергілікті бактериялық инфекциялардың белгілерін бағалайды және олар болған жағдайда тез арада дәрігерді хабардар етеді;

   2) депрессияны, үй жағдайының қауіпсіздігін және нәрестенің қажеттілігін анықтау мақсатында ананың (ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің) көңіл күйін бағалайды;

жаңа босанған әйелден хал-жайы туралы сұрайды (шағымы, сүт безінің жағдайы, физикалық белсенділігі, тамақтануы, ұйқысы, контрацепция);

баланың анасын (заңды өкілін) жаңа туған нәрестеге негізгі күтім жасау туралы хабардар етеді, кеңес береді және үйретеді: емізу, температуралық режим, баланы дамыту мақсатында күтім жасау және оған деген көңіл-күй, ата-анасының екеуінің де (заңды өкілдерінің) қатысуы (бар болған жағдайда), гигиенасы және қол жуу мәселесі, шомылдыру кезіндегі қауіпсіздік, ұйқыда жатқан кездегі қауіпсіздік, кенеттен шетінеу синдромының алдын алу, кіндігі мен терісінің гигиеналық күтімі;

отбасын медициналық мекемеге шұғыл жүгінуі қажет аурудың қауіпті белгілерін білуге үйретеді: қоректендіру кезіндегі проблемалар, нәрестенің белсенділігінің төмендеуі, минутына 60-тан астам жиіліктегі дем алу, дем алудың қиындауы, дене қызуының көтерілуі немесе төмендеуі, құрысу, қалтырау және басқалар;

уақтылы вакцинациялау жүргізуге жәрдемдеседі;

баланың өміріне, денсаулығына, қауіпсіздігі мен дамуына қауіп төнгенде әлеуметтік тәуекелдерге бастапқы баға береді және тәуекелдер анықталған жағдайда ол туралы МСАК көрсететін МҰ-ның әлеуметтік қызметкерін хабардар етеді;

қосымша көмекті қажет ететін нәрестелерді анықтайды және олар үшін жеке баруларды жоспарлайды (туған кездегі дене салмағы төмен балалар, АИТВ-мен ауырған немесе жұқтырған аналардан туған балалар).

Ерте шақтағы балаларға патронаждық бару кезінде мейіргер ісінің маманы:

  1. қауіптіліктің жалпы белгілерін, аурудың негізгі симптомдарын бағалайды (жөтел, диарея, қызу көтерілу және басқалар), анемияның бар болуын немесе салмақтың төмендігін тексереді; депрессияны анықтау мақсатында ананың (ата-анасы немесе заңды өкілінің) көңіл күйіне, жасына байланысты баланың қажеттіліктеріне баға береді; жарақаттану мен жазатайым оқиғалар тұрғысында үй жағдайының қауіпсіздігіне баға береді, баланы жақтырмаушылық белгілері мен оған қатал қарау, зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты белгілерге баға береді;

  2) табиғи, моторлық, психоәлеуметтік дамуына мониторинг жүргізеді;

3) жаңа босанған әйелден хал-жайы туралы сұрайды (шағымы, сүт безінің жағдайы, физикалық белсенділігі, тамақтануы, ұйқысы, контрацепция), одан 6 айға дейін тек қана емшекпен қоректендіру, қосымша тамақ беруді 6 айында енгізу мәселесі бойынша сұрайды;

   4) ата-ананы немесе заңды өкілін баланы ойын, сөйлесу, оқу арқылы дамуына көмектесуге үйретеді; гигиена мәселесі, бала тәрбиесіне ата-анасының екеуінің (бар болған жағдайда) де бірлесе қатысуына, медициналық көмекке шұғыл жүгінуі қажет аурудың қауіпті белгілерін білуге үйретеді;

   5) балалар жасындағы аурудың белгілері туралы (жөтел, диарея, температура және басқа) ата-ананы немесе заңды өкілін хабардар етеді және олар туындаған жағдайда консультация береді;

6) вакцинациялау жүргізуге жәрдемдеседі;

7) баланың өміріне, денсаулығына, қауіпсіздігі мен дамуына қауіп төндіретін әлеуметтік қауіптерге баға береді және қауіптер анықталған жағдайда ол туралы емхананың әлеуметтік қызметкерін хабардар етеді.

   Бірқалыпты қауіп анықталған кезде мейіргер ісінің маманы әлеуметтік қызметкермен, психологпен бірлесіп және жүкті әйелдің немесе баланың заңды өкілінің қатысуымен осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес прогрессивті тәсілдеме шеңберінде патронаждық бақылау шарасының жеке жоспарын жасайды. Шараның жеке жоспары баланың өміріне, денсаулығына, дамуына және қауіпсіздігіне қауіптерді азайту немесе жою мақсатында баланың қажеттіліктерін бағалауды, баланың отбасындағы беделін талдауды, аға мейіргерді, учаскелік дәрігерді, бөлімше меңгерушісін және әлеуметтік қызметкерді хабардар етуді қамтиды.

Үйге патронаждық барудың әмбебап-прогрессивті жүйесі елдегі балалардың өмірін жақсарту үшін тиімді шешім болып табылады. Айрықша түрде емшек емізу тәжірибесі және ата-аналардың инфекциялық аурулардың алдын алу туралы хабардарлығы пилоттық жобаны енгізу оң нәтижесін беруде. Бұл модельд» әрі қарай дамытуға тиістіміз.



Құдайбергенова Маржан Советбекқызы

Жоғары медицина колледжінің оқытушысы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2023
1902
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі