«Әміре Қашаубаев- Парижді таң қалдырған»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әміре Қашаубаев- Парижді таң қалдырған»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қасиетті ұлы дала үнінен қуат алған, әсем әндерімен тыңдарман жүрегіне шуақ берген ұлы әншінің шығармашылығы тарихымыз бен ұлттық музыка өнеріндегі қайталанбас дара құбылыс екендігін дәріптеу, осы киелі мұраны жас ұрпақ көздің қарашығындай әспеттеуге міндетті екендігін сезіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Әміре Қашаубаев- Парижді таң қалдырған» Мақсаты: Қасиетті ұлы дала үнінен қуат алған, әсем әндерімен тыңдарман жүрегіне шуақ берген ұлы әншінің шығармашылығы тарихымыз бен ұлттық музыка өнеріндегі қайталанбас дара құбылыс екендігін дәріптей келіп, осы киелі мұраны жас ұрпақ көздің қарашығындай әспеттеуге міндетті екендігін сезіндіру. Міндеттері: Білімділік: Ә.Қашаубаевтың өмірі мен өнері туралы мол мағлұматтар. Тәрбиелік: Қазақ әнінің құдіретін әлемге танытқан дара тұлға Ә.Қашаубаевтың өмірі мен өнерін насихаттай отырып, өз елінің тарихы мен өнерін құрметтеуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушының өз бетімен ізденуіне бағыт-бағдар бере отырып, шығармашылық белсенділігін арттыру. Көрнекілігі: Әміре Қашаубаевтың портреті, кітап көрмесі, фото-суреттер.

Жоспары: 1. Пән мұғалімі кіріспе сөзі

2. Әміре Қашаубаевтың репертуарынан «Балқадиша» әні. 3. Шағыров Қайырбектің «Ұлы тенор» поэмасынан үзінді.

4. Әміре Қашаубаевтың өмірі мен өнері

5. Видео қарау Әміре әндері

Барысы:

1. Пән мұғалімі кіріспе сөзі

Өткен адам болады көзден таса,

Өлді, өтті оны ешкім ойламаса.

Ол кетсе де белгісі жоғалмайды,

Керектісін ескеріп жоғалтпаса.

Шәкәрім

Көне көз қариялар айтады екен: «Халық деген - қазына, одан сұңқар да шығады, тұлпар да туады» деп. Оның ішінде талай дарынды дүниеге әкелген қазақ деген халықтың аяулы перзенттері ұлттың ғана емес, адамзаттың мақтанышы дерліктей. Өнердің биігінінен көрінген сондай аяулы перзенттің бірі Әміре Қашаубаев та халықтың алтын қазынасы, аңсаған арманы болды.

2. Әміре Қашаубаевтың репертуарынан «Балқадиша» әні.

Видео https://kazamuz.kz/4244-amire-kashaubaev---balkadisha.html

3.Ұлы тенор

ҮзілуНемесе Әміренің ақырғы монологі

«Осы ма еді ел деген, Көріппе едің аямасты, ағатай?»

(Жапалдың сөзі, «Еңлік-Кебек» трагедиясынан)

Жарандар! Жақсы көрген әншің едім, Мен неге орта жолда әлсіредім. Жаңа таң, жарық күндер қайда кетті? Ысыршы мына түннің сәл түнегін.

Жас болдым, көріп-білдім, сүйіп күлдім. Тым ащы дәмін таттым күйік-мұңның. Өзгеге барын берген ақ жүрекпен, Көп жерде пенделіктен биік тұрдым.

Тек жаным туған жерді сағынады. Қош енді, алыс қалған Абыралы. Ашықтың нәубетінен есі кеткен, Қайран ел қайда барып шағынады?

Жазылып Жапал-тағдыр маңдайыма, Шырқырап қалмасын деп ән жайына Тапсырып кеттім саған, халық ана Орап ап шапанымның шалғайына

Шағыр Қайырбек

4. Әміре Қашаубаевтың өмірі мен өнері

Қашаубаев Әміре (1888 -1934) - қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыканты. Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабында туған. Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы.

Кедей шаруа отбасында туып өскен. Әміре 12 жасқа толғанда әкесі Семей қаласына көшіп келген. Жас Әміре Исабек деген байдың ат айдаушысы болып еңбекке ерте араласады. Исабек жас әншіні жанына ертіп жүріп, той-жиындарда ән салғызады. Көп ұзамай Әміренің атақ-даңқы бүкіл Семей өңіріне жайылады.

Атақты Қоянды жәрмеңкесіне барып, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз Айтбаев, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы, қарқаралық Мәди Бәпиұлы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі.

Әміре Қашаубаев 1921-1924 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес-аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түседі. 1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қали Байжановпен бірге бас жүлдеге ие болады. 1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі мен 1927 жылы Мәскеуде болған Кеңестердің IV съезіне делегат ретінде қатысып, делегаттар үшін ұйымдастырылған концертте өнер көрсеткен.

1925 жылдың 26 маусымында осы концерт жайында «Правда» газеті «Керемет концерт. Маусымның шыңы. Керек болса башқұрт қурайшысы Исенбаев, қазақ әншісі Әміре Қашаубаев, өзбек биші-әншісі Тамара Ханум... шын мәнісіндегі халық артистері» деп жазды.

1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік сән өнері көрмесінде этнографиялық концертте «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан», тағы басқа әндерді орындап екінші орын алып, күміс медаль иемденеді. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикль» журналы Әміре Қашаубаевтың сирек кездесетін талант екенін жазса, Сарбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. Осылайша Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды. 1927 жылы Мәскеу консерваториясында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы концертке қатысып, қазақтың халық әндерін тағы да әлемге паш етті. Әміре Қашаубаевтың әндері дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс тағы басқалар тарапынан жоғары баға алған.

А.В. Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», «Бес қарагер», «Көк көбелек» тағы да басқа әндерін жазып алған. Оның әншілік өнерін, өнердің парқын терең түсінетін мамандар А.В.Луначарский, Г.Любимовтер және қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдері М.Әуезов, С.Сейфуллин, И.Байзақов, Ә.Марғұлан, Ж.Елебеков, А.Жұбанов, Қ.Жандарбековтер жоғары бағалаған.

1925 жылы Әміренің орындауында фонографқа жазылып алынған «Жалғыз арша», «Үш дос», «Ағаш аяқ», «Смет», «Дударай», «Бес қарагер» әндерін 1974 жылы музыка зерттеушісі Ж.Шәкәрімов тауып, олар техникалық өңдеуден өткеннен кейін қайтадан күйтабаққа түсірілген.

Әміре Қашаубаев орындаған қазақтың классикалык әндері ол айтқан үлгі өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарларында жалғасын тапты. Бұл ретте Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Көрменов, Қайрат Байбосынов, Мәдениет Ешекеев, Бекболат Тілеуханов сияқты жез таңдай әншілердің Әміре өнерін жалғастырушы лайықты ізбасарлар болғанын атап айтқан жөн.

Ә.Қашаубаев 1926 жылы Қызылордада ашылған жаңа театр труппасына қабылданды. М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясы алғаш қойылған кезде Жапал рөлін ойнады. Кейін М.Әуезовтың «Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал», «Айман-Шолпан» спектакльдерінде Қоскелді, Қойшы, Жарас, Ақын образдарын сомдаған. Өмірінің соңына дейін театрда әнші-әртісі болған. 1934 жылы қазіргі Абай атындағы Қазақ опера жөне балет театрына ауысты.

Ауыр сырқатқа ұшыраған әнші оқыстан қайғылы қазаға ұшырады.

Әміре Қашаубаев жөнінде жазылған бірнеше зерттеулер, көркем шығармалар жарыққа шықты.

Ә.Қашаубаев атындағы республикалық жас әншілер байқауы өтіп тұрады. Семей қаласындағы облыстық филармония Ә.Қашаубаев атымен аталады.



5. Видео қарау Әміре әндері https://kitap.kz/music/5/amire-kashaubaevtyng-oryndauyndagy-nder

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі