«Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығы»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкалық шығарманы орындаған кезде әннің мән мағынасын, айтылу мәнерін және айтылу техникаларымен жұмыстану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің

«ҚҰРЫҚ БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІ» ЖБҚ МКҚК












Ашық сабақ





Тақырыбы: «Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығы»








Орындаған: Вокал мамадығының

мұғалімі Ерсайынов Сансызбай








Құрық 2023


Бекітемін:

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________А.А.Тоқбаева

«__»___________2023 жыл




Пәннің аты: Вокал

Сынып: 5 сынып

Оқытушы: Ерсайынов С

Оқушы:Асабек Қарақат

Сабақтың күні:13.02.2023


Тақырып: «Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығы»


Мақсаты: Музыкалық шығарманы орындаған кезде әннің мән мағынасын, айтылу мәнерін және айтылу техникаларымен жұмыстану


Сабақ түрі: Жаңа сабақ.


Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап.





Пайдаланған әдебиеттер:

1) «Ғаламтор» https://www.inform.kz/kz


















Жоспар:



1.Ұйымдастыру кезеңі (10 мин)

2.Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

3.Жаңа тақырып (17 мин)

4.Қорытынды (3 мин)


Сабақтың жүру барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушымен амандасу,оқушының назарын сабаққа аудару,дауыс ашуға арналған жаттығулар.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

«Вокализ - 8» Ф.Абт
«Қамажай» - халық әні
«Қыздар,қыздар» - Г. Әмірбаева
«Маленькая страна» - И. Резник

3. Жаңа сабақ: «Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығы».

  Қашаубаев Әміре (1888 -1934) - қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыканты. Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабында туған. Шыққан тегі Орта жүз ішіндегі Тарақты руы.

Кедей шаруа отбасында туып өскен. Әміре 12 жасқа толғанда әкесі Семей қаласына көшіп келген. Жас Әміре Исабек деген байдың ат айдаушысы болып еңбекке ерте араласады. Исабек жас әншіні жанына ертіп жүріп, той-жиындарда ән салғызады. Көп ұзамай Әміренің атақ-даңқы бүкіл Семей өңіріне жайылады.

Атақты Қоянды жәрмеңкесіне барып, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз Айтбаев, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы, қарқаралық Мәди Бәпиұлы сияқты арқалы әншілермен танысып, өнерін одан әрі шыңдай түседі.

Әміре Қашаубаев 1921-1924 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес-аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түседі. 1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қали Байжановпен бірге бас жүлдеге ие болады. 1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі мен 1927 жылы Мәскеуде болған Кеңестердің IV съезіне делегат ретінде қатысып, делегаттар үшін ұйымдастырылған концертте өнер көрсеткен.

1925 жылдың 26 маусымында осы концерт жайында «Правда» газеті «Керемет концерт. Маусымның шыңы. Керек болса башқұрт қурайшысы Исенбаев, қазақ әншісі Әміре Қашаубаев, өзбек биші-әншісі Тамара Ханум... шын мәнісіндегі халық артистері» деп жазды.

1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік сән өнері көрмесінде этнографиялық концертте «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос балапан», тағы басқа әндерді орындап екінші орын алып, күміс медаль иемденеді. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикль» журналы Әміре Қашаубаевтың сирек кездесетін талант екенін жазса, Сарбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. Осылайша Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды. 1927 жылы Мәскеу консерваториясында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы концертке қатысып, қазақтың халық әндерін тағы да әлемге паш етті. Әміре Қашаубаевтың әндері дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс тағы басқалар тарапынан жоғары баға алған.

А.В. Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», «Бес қарагер», «Көк көбелек» тағы да басқа әндерін жазып алған. Оның әншілік өнерін, өнердің парқын терең түсінетін мамандар А.В.Луначарский, Г.Любимовтер және қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдері М.Әуезов, С.Сейфуллин, И.Байзақов, Ә.Марғұлан, Ж.Елебеков, А.Жұбанов, Қ.Жандарбековтер жоғары бағалаған.

1925 жылы Әміренің орындауында фонографқа жазылып алынған «Жалғыз арша», «Үш дос», «Ағаш аяқ», «Смет», «Дударай», «Бес қарагер» әндерін 1974 жылы музыка зерттеушісі Ж.Шәкәрімов тауып, олар техникалық өңдеуден өткеннен кейін қайтадан күйтабаққа түсірілген.





Ақан сері Қорамсаұлы – қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөл маңында 1843 жылы туып, сол ата мекеніндегі Бұлақ басы, Құлагер құдығы деген жерде дүние салған.

Балқадиша әні — қазақтың ұлы күйші-композиторы Ақан серінің туындысы. 1988 жылы Қайролла Жүзбасовтың құрастыруымен "Өнер" баспасынан шыққан кітабында "Балқадиша" әнінің үш нұсқасы көрсетілген. "Балқадиша" әнін кезінде аты аңызға айналған Әміре Қашаубаев, Ғарифолла Құрманқалиев, Жүсіпбек Елебеков орындаған. Кейін Қайрат Байбосынов, Рамазан Стамғазиев, Гаухар Әлімбекова, "Жігіттер" тобы сияқты әншілер өз репертуарларына қосқан
"Әміре Қашаубаев" - тың әлемді таң қалдыра отырып, Франция елінде Париж қаласында өткен 1925 жылы орындалған "Балқадиша" - әнін тыңдайық.
Осыған орай 2019 жылдың 3 сәуір күні Алматы қаласында "Әміре" көркем фильмінің премьерасы өтті. Көрсетілімнен кейін пресс-конференцияға фильм режиссері Джефф Веспа, Әміре Қашаубаев рөлін сомдаған Санжар Мәди, Мұстафа Шоқай рөліндегі Еркебұлан Дайыров, фильмнің бас кеңесшісі Жарқын Шәкәрім және Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы қатысып, фильм жайында пікірлерін айтты.

Ақан сері Қорамсаұлы – қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөл маңында 1843 жылы туып, сол ата мекеніндегі Бұлақ басы, Құлагер құдығы деген жерде дүние салған.
Балқадиша әні — қазақтың ұлы күйші-композиторы Ақан серінің туындысы. 1988 жылы Қайролла Жүзбасовтың құрастыруымен "Өнер" баспасынан шыққан кітабында "Балқадиша" әнінің үш нұсқасы көрсетілген. "Балқадиша" әнін кезінде аты аңызға айналған Әміре Қашаубаев, Ғарифолла Құрманқалиев, Жүсіпбек Елебеков орындаған. Кейін Қайрат Байбосынов, Рамазан Стамғазиев, Гаухар Әлімбекова, "Жігіттер" тобы сияқты әншілер өз репертуарларына қосқан

4. Сабақты бекіту сұрақтары:

1) Әміре Қащаубаев деген кім?

2) Қай уақытта Әміре Қашаубаев ағамыз бүкіл әлемді таңқалдырды және қандай шығармашылығымен?

5. Үйге тапсырма: «Балқадиша» - әнінің айтылу мағынасымен, техникаларымен жұмыстану

6. Бағалау.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
156
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі