400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әмірхан Абдуллин "Ақкөл жағасында"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегім тиер деген ойдамын. Жаңартылған білім мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдер пайдаланылған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу

Уақыты: 27.11.2018 ж

Мұғалім: А.Мырзаханова

Сабақтың атауы

Әмірхан Абдуллин. Ақкөл жағасында

Сілтеме

Әдебиеттік оқу 4 сынып оқулығы

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Оқушыларға Әмірхан Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» атты шығармасы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы өмірімен таныстыру.  Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру.

Туған елі, туған тілі туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың жабдығы

Оқулық,тақырыпқа сай суреттер

Психологиялық ахуал

Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызың мәнгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасы

С.Бегалин. Қырдың жас түлегі

1. Шығарма кім туралы?

2.  Анатолийдің жасағаны дұрыс па?

3. Шоқан бұл шығармада кім болған?

4. «Қорқарың бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің?

Қызығушылықты ояту


Жұмбақ шешу:

Бір нәрсе қанаты бар ұшпас биік,

Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп.

Арасын жер мен көктің өрт алса да,

Кетпейді ешбір жері отқа күйіп. (Балық)

Балық қайда мекендейді?

Балықтың қандай түрлері бар? (Ақбалық, шортан, алабұға, көлтабан, сазан,жайын т.б)

Мағынаны тану


Автор туралы қысқаша мәлімет

Ә.Абдуллин Торғай селосы Жанкелдин ауданының тумасы, газет редакторы болып қызмет атқарған зейнеткер.

А.Байтұрсынұлы – аса ірі ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ақын, аудармашы, ұстаз, әдебиет зерттеушісі, мемлекет қайраткері, ағартушы, күрескер. Ол 1873 жылы Торғай облысында Ақкөл ауылында туған. Орыс ақыны И.Крыловтың мысалдарын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте кітап боп басылып шыққан. Қазақ әліппесі «Әліпби» 1921 жылы шыққан. «Тіл құралы» атты 3 бөлімнен тұратын еңбегі бар.

Оқулықпен жұмыс:

-Мұғалімнің оқуы

-Оқушыларға тізбектей оқыту

-Жекелеген сұрақтар:

І топ

1. Әңгімеде кім туралы?

2. Балалар Ахмет Байтұрсынұлын қалай қарсы алды? 
ІІ топ

3. Ақкөл жағасындағы балалар не істеді?

4. Ахмет Байтұрсынұлы неге риза болды? 
ІІІ топ

5. А.Байтұрсыновтың сөйлеген сөзінен, іс-әрекетінен қандай адам

екенін байқадыңдар?

6. Неге бұл әңгіме “Ақкөл жағасында” деп аталады?

Сергіту сәті

Секем ап бір дауыстан,

Қанша болды сөресі?

Безектеп бес сауысқан,

Үш үкі үркіп ұшты,

Тасқа құлап түсіпті.

Жарда жеті жапалақ,

Отырғанда қатарлап,

Топ тоғыз тоқылдақ,

Қарғып кеткен топырлап.

Сөйтіп қызық іс болды,

Бәрі қанша құс болды? (5+3+7+9=24)

Оқушылардың бойын сергіту

Ой толғаныс


Дәптермен жұмыс:

Сызбаны толықтырып жаз

Үй тапсырмасы

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Журналға қою

Күнделікке қою



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
609
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі