Материалдар / Ән үйрету сабағы. «Ана туралы жыр» әні.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ән үйрету сабағы. «Ана туралы жыр» әні.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
611
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Семинардың тақырыбы: Ән үйрету сабағы. «Ана туралы жыр» әні.

Семинардың мақсаты: Белсенді әдіс-тәсілдер арқылы әннің мәтінін меңгерту және мұғалімнің іс-тәжірибесімен бөлісу.

Семинардың міндеті:

-мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;

-ән мәтіні арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту;

-ән арқылы сөздік қорларын молайту;

-анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Күтілетін нәтиже: Семинарға қатысушылар белсенді стратегиялар арқылы әннің мәтінін меңгереді.

Көрнекі құралдар: Интербелсенді тақта,слайд-презентация, қима қағаздар, маркер, А4 қағазы т.б.

Әдіс-тәсілдер: «Болжау», «Бэкроним», «Сұрақ бізден, жауап сізден», «Рөлдерге ену», «Қос жазба күнделігі», «Сұрақтар банкасы» т.б. стратегиялары.

Семинардың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • 1.Семинарға қатысушылармен сәлемдесу;

  • 2.Сәттілік тілеу;

  • 3.Сабақтьың өтілу барысымен таныстырып өту;

  • 4.Бағалау жүйесімен таныстыру.

Топ басшысының бағалауы


Оқушының аты- жөні

Дискрепторлар

Сөздікпен жұмыс


Тыңдалым бойынша сұраққа жауап беруі.

Мәтінмен жұмыс (көп нүктенің орнына қажетті сөзді қою, сөйлем мен сөз тіркесін сәйкестендіру, үш нұсқаның бірін таңдау).

Шығармашылық жұмысты орындауы


Грамматикалық тапсырма

Кестемен жұмыс.

Қорытындылау тапсырмасын орындауы


Қорытынды ұпай




















































ІІ. Ой шақыру.

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қою.

ІІІ. Жаңа тақырыпты болжау.

Жаңа тақырыпты суреттер арқылы болжату.

Shape2



Сабақтың тақырыбы: «Ана туралы жыр» әні

IV.Жаңа сөздермен жұмыс.

Жаңа сөзді оқу және жазғызу.

  • Жарық - свет

  • Құштар – преданный всей душой

  • Балалық - детство

  • Самал жел - приятный ветер

  • Борыш - долг

  • Самғау- летать высоко

  • Әлдилеу- баюкать, нянчить

  • Аялау – беречь, ласкать

  • Есею – подрастать, становиться взрослым

V. Жаңа сөздерді бекіту.

«Бэкроним» әдісі арқылы жаңа сөздердің әр әріпі бойынша мағыналы сөз құрастыру.

Мысалы: Жарық

Ж-жарқын

А-арман

Р-рахым

Ы-ырым

Қ- қанағат

VІ.Тыңдалым, видеоролик. Ән бірінші рет тыңдалады.

«Ана туралы жыр» әнін тыңдату.

Оқушыларға әнді тыңдап болған соң «Сұрақ бізден, жауап сізден» әдісі арқылы бірнеше сұрақтар қою.

Сұрақ:

1.Әнді тыңдағанда қандай сезімде болдың?

2.Көз алдарыңа не елестеді?

3.Оны қалай дәлелдей аласыңдар?

4. «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» жолдарды қалай түсінесің?

5. «Әлемнің асылын» дегенді ше?

Ана туралы жыр

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазған: Ғафу Қайырбеков

І.Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Сен берген құстардың,

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым,

Өзіңе арнаған


Қайырмасы:

Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісің.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де

Мен саған сәбимін

Көңіліңді көктемдей,

Көзіңнен танимын.


ІІ.Өтеуге борышым,

Анашым, жан сырым

Іздедім сен үшін,

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын,

Сыйлар ем кеш мені.

Сыйлар ем ай, күнін

Қолыма түспеді.

Қайырмасы:

Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісің.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де

Мен саған сәбимін

Көңіліңді көктемдей,

Көзіңнен танимын.

VІІ.Ән туралы мәлімет беріп өту.

Шәмші Қалдаяқов консерваторияда оқып жүрген кезінде ауылынан анасы өмірден озыпты деген суық хабар жетеді. Қаралы хабарды естіген бойда ол оқуын тастап, ауылына асығады. Анасының мезгілсіз қазасы оның жанына қатты батады. Көзі тірі жандардың арасынан анасын іздеп, жаны жабырқайды. Келмеске кеткен аяулы анасына деген бар жылулығы мен сағынышын жеткізу мақсатымен ол ән жазады. Белін бекем буып, Алматыға оралған бойда ол Жазушылар Одағына барады. Ақын-жазушы замандастарына жолығып: «Ана туралы өлең жазып беріңдер, жігіттер» деп қолқа салады. Сонда оған замандастары: «Жақында Ғафудың да анасы өмірден өтіп еді. Сен одан да сол жігітке бар» деп жауап қатып, жол сілтейді. Шәмші Қалдаяқов Шәмші дереу ақын Ғафу Қайырбековке жолығып, әнін тыңдатады. Ғафу әнді тыңдап, біраз уақыт үнсіз отырады. Ол да анаға арнау ретінде жыр жазуды ойластырып жүрген екен. Сазгердің мұңлы сазынан кейін ол 15 минуттың ішінде «Ана туралы жыр» әнінің мәтінін жазып береді. «Ана туралы жыр» әнін алдыңғы буыннан бастап қазіргі жас өнерпаздар орындап жүр.
VІІІ.Топтық жұмыс. Ән екінші рет тыңдалады.

І топ: Түсіп қалған сөзді қойып, толықтыру.
ІІ топ: Сөз бен суретті сәйкестендіру.
ІІІ топ: Үш нұсқаның біреуінің астын сызу.

І топтың тапсырмасы:

І............ жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың ...........

Сен берген құстардың,

Қанатын ..........

.............. құштарым,

Өзіңе арнаған


Қайырмасы:

................ аялап,

Өсірген жемісің.

................, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

.............. кетсем де

Мен саған сәбимін

..............көктемдей,

Көзіңнен танимын.

ІІ.Өтеуге ............,

Анашым, жан сырым

............. сен үшін,

Әлемнің асылын.

Әлемнің ............,

Сыйлар ем кеш мені.

Сыйлар ем ......, .........

Қолыма түспеді.

ІІ топтың тапсырмасы:

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.


Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісің.


Сен берген құстардың,

Қанатын самғаған.


Көңіліңді көктемдей,

Көзіңнен танимын.


Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.


Балалық құштарым,

Өзіңе арнаған


Есейіп кетсем де

Мен саған сәбимін


ІІІ топтың тапсырмасы:

І.Әлемнің (жарығын, күнін, жұлдызын)

Сыйладың сен маған.

Даланың әр (тауын, талын, гүлін)

Жинадың сен маған.

Сен берген (гүлдердің, құстардың, тамақтың)

Қанатын самғаған.

Балалық (құштарым, шағым, кезім)

Өзіңе арнаған

Қайырмасы:

Әлдилеп аялап,

Өсірген (жемісің, балаң, болашағың)

Самал жел, сая бақ,

Құшағың (әлем үшін, мен үшін, өзің үшін) .

Есейіп кетсем де

Мен саған (сәбимін, данамын, баламын)

Көңіліңді көктемдей,

Көзіңнен (көремін, танимын, байқаймын).

ІІ.Өтеуге борышым,

Анашым, (жан сырым, жан анам, адам)

Іздедім сен үшін,

Әлемнің ( асылын, байлығын, жарығын).

Әлемнің байлығын,

Сыйлар ем кеш (мені, сені, оны).

Сыйлар ем ай, күнін

Қолыма (келмеді, түспеді, бермеді).

ІХ. Шығармашылық жұмыс. Әннің мәтінін таратып беру.

«Рөлдерге ену» стратегиясы арқылы оқушыларды зерттеуге үйрету.

І топ: Дәнекерлеуші (әннің негізгі аспектісін табады).

ІІ топ: Бейнелеуші (әннің негізгі тақырыбына байланысты сурет салып мағынасын ашады).

ІІІ топ: Сөз тапқыш (Ана туралы жаңа сөз не сөз тіркесін табады).

Х. Грамматикалық тапсырма.

І топ: Фонетикалық талдау. (сөздерді буынға бөл, буын түрін анықтау).

ІІ топ: Морфологиялық талдау. (кез келген сөйлемді алып сөз құрамына талдау жасау).

ІІІ топ: Синтаксистік талдау (әннен тұрлаусыз мүшелерді тап және сұрақ қой).

ХІ. Кестелерді толтыру.

Білімдерін жинақтау мақсатында кесте толтыру.

І топ:

Мақал

Өлең

Көркем шығарма

Алып анадан туады, Ат биеден туады.


Ана алақанының аясы,

Ақ шынардың саясы.


Ана алдында құрмет, Ата алдында қызмет.


Анаға баланың алалығы жоқ.

Қадыр Мырза –Әлі «Ана»

М.Мақатаев «Шеше, сен бақыттысың!»

М.Жұмабаев «Ана»

Т.Айбергенов «Ана»

Ғ.Мүсірепов «Ер ана», «Ананың анасы» «Ашынған ана» т.б.

ІІ топ:

«Қос жазба

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!