Тақырыбы: Өнерлі қыз-өнегелі ана
Мақсаты: Оқушыларды мейірімділікке, аналардың шексіз еңбектерін
бағай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүіспеншілікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, мерекелік безендірулер
Өтілу барысы:
Армысың, ауылымыздың асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін әнменен көңілді би
Сіздер үшін мереке шашулары.
Құрметті көрермен қауым ! Көктемді қанатына қондырып, жан жылуын
көкірегіне қондырып,әйел-аналардың дәсүрлі 8-наурыз мерекесі де
келді.
Сіздерді шуақты да құлпырған қызғалдақтай әсем мерекелеріңізбен
құттықтаймыз !
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық ,
Сайыста көнілменен қол соғайық!
Тамаша би биленіп, ән салады.
Соныменен сайысымыз басталады
-деп, ортаға сайысқа қатысушы аналар мен қыз балаларды
шақырамыз.
3сынып.
Мектептегі 3 сынып болса дағы
Үлгі болар кейінгілер баршаға да
Топты бастап шықсын қазір ендеше,
Қолыңды соқ анасымен Аиданы
4сынып.
Сыныбының ар-намысын қорғауға
Келіп отыр қазір біздің ортаға
Ал қанекей қарсы алыңыз қол соғып ,
Айсұлу шығады әне анасыммен
3сынып.
Қол
соғып қарсы алыңыз шығады енді
Сіздерге де берейін бүгін төрді,
Олай болса мінекей,
Қарсы алайық анасымен арайлымды
4сынып.
Сыныптың намысын қолдаған жан,
Сайысқа қатысқалы келіп тұрған,
Қошеметпен қарсы алайық барша адам
Шақырайық Нұрбибіні анасымен
Олай болса сайысқа қатысушы аналар мен қыз балалар
орталарыңызда
Әділқазы алқаларын сайлап алу. Сайыстың
бағдарламасы 7 кезеңнен тұрады:
1. Таныстыру (анасы және қыз балалар өздерін таныстырады)
2. Өнер сайысы (анасы мен қыз балалар бірге өз өнерін
көрсетеді)
3. Үй тапсырмасы (мұнда аналар үйден жасап әкелген салаттарын
қорғайды)
4. Шаш үлгісі (аналар қыздарына шаш үлгісін жасап ат қояды, шаш
үлгісінің ерекшелігі мен әдемілігі бағаланады)
5. Сұрақ-жауап сайысы (мұнда ситуациялық сұрақтарға аналар жауап
береді)
6. Сән үлгісі (мұнда тек қыз балалар ғана сән үлгісін
көрсетеді)
7. Ою-өрнек сайысы (мұнда қағаздан аналар ою ойып , атын айтып
қорғайды)
І. Адам, ғалам ғажайып жеке дана,
Жан құмарын ізденген мәңгі сана
Өзіңді- өзің танысаң істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
Аналармен қыз балалар қол ұстасып,
Өздерін таныстырар осы жерде- деп, алғашқы сайысымыз «Таныстыру»
кезеңі
Ортада аналармен қыз балалар бірінші сайыс бойынша өздерін
таныстырады. (таныстырып болған соң, әділ казылардан бағалар
сұралады)
Ән:Анашым:Нұрхат
ІІ. Өнерпаздар жарысып сан салады,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің бүгінгі құрметіне,
Анасы мен қызы би билеп, ән салады.
Анасымен қыз балалардың өнерін тамашалауға «Өнер» сайысына кезек
береміз. Олай болса, аналар мен қыздарын ортаға
шақырамыз.
( әділқазы бағалары сұралады)
Ән:Аяулым ана мен әкем Расул мен Әсет
ІІІ. Сайысымыздың келесі кезеңі «Үй тапсырма» сайысы.
Аналардың үйден дайындап әкелген салатты аналар қорғайтын
болады.Олай болса, аналарды ортаға шақырамыз.( әділқазылардың ұпай
сандары сұралады)
Ән:Мағжан мен Райымбек
ІV. Қыз бойындағы алғашқы көзге түсер әсемдігі шашы. Ал бұған үлгі
көрсету-ана борышы . Олай болса, « Шаш үлгісі» сайысына кезек
берейік.
Ортаға аналармен қыз балаларды шақырамыз.( шаш үлгісінен кейін
әділқазылардың ұпай сандары сұралады)
V. Қазақтың сан алуан дәстүрі бар,
Оның сырың ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын табар ма екен аналар
Сол себептен қоятын сұрақтар бар, -деп сұрақ жауап сайысына кезек
берелік.
Мұнда қағазда жасырынды ситуациялық сұрақтар бар, соған аналардың
жауабын алатын боламыз.( сұрақ жауап бойынша ұпай саны
сұралады)
Көркем сөз:Нұрдәулет
VІ. Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Қыз балаға қызығып қарасасың-деп «Сән үлгісі» сайысын тамашалайық.
Ортаға қыз балаларды шақырамыз. (әділқазылар бағалары )
VІІ. Өнерлінің өнерін,
Тағыда байқап көрелік,
Жүйрік аттай желелік.
Ою-өрнекке кезек берейік
Келесі сайыстың соңғы кезеңі «Ою-өрнек» сайысы.Ортаға аналарды
шақырамыз. Аналарға қағаздар таратылып, ою ояды. 5 мин. Уақыт
беріледі.
(
әділқазы алқаларының бағалары сұралады)
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір- күрес, жеткіземе мұратын
Жеңбедім,жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, егер де сіз ұғатын.
Қалыспаңыз, өнеріңіз шыңдалсын- деп ортаға әділқазы алқаларын
шақырамыз.
Осымен «Өнерлі қыз-өнегелі ана» атты сайысымыз тәмәм көңіл қойып,
тамашалағандарыңызға рахмет. Сайысымыздың соңы мерекелік концерттік
бағдарлама мен жалғасады. Аналарымыз аман болсын!
Құрметті
қыз-келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен
құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш
тілеймін!
Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ
шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті
қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін
ұмытпаңыздар!
|