«Ана - әлем»

Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Ана - әлем»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әнді меңгеру арқылы өзінің музыкалық қабілетін дамытып, ойнау шеберлігін арттыру. Өз бетімен еңбектенуге дағдыландыру, есту, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Музыкаға деген ынтасын, жігерін ояту, жан – жақты болуға тәрбиелеу, патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Әннің маңызын, орындау ерекшеліктерін үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Құрық балалар өнер мектебі» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналы кәсіпорны







Ашық сабақ



Тақырыбы: «Ана - әлем»





Вокал мамандығының мұғалімі: Ерсайынов С.Б

















Құрық 2022 ж



Бекітемін:

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

____________А.Тоқбаева

«___»___________ 2022 ж



Күні: 29. 04.2022ж сағ. 10-20

Пән: Вокал

Оқытушы: Ерсайынов С

Оқушы:Жұмағазиева Нұрай

Сыныбы: 1


Тақырып: "Ана - әлем"


Мақсаты: Әнді меңгеру арқылы өзінің музыкалық қабілетін дамытып, ойнау шеберлігін арттыру. Өз бетімен еңбектенуге дағдыландыру, есту, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Музыкаға деген ынтасын, жігерін ояту, жан – жақты болуға тәрбиелеу, патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Әннің маңызын, орындау ерекшеліктерін үйрету.


Сабақ түрі: Дамыту сабағы.


Сабақ көрнектілігі: Пульт, күйсандық аспабы, тақта, ноутбук, суреттер.


Сабақта көрсетілетін әдістемелер: ән тыңдату, ойнап көрсету, сұрақ-жауап,

түсіндіру.







Жоспар:


I. Ұйымдастыру – 2 мин.

II. Үй тапсырмасын тексеру – 10 мин.

III. Жаңа тақырып– 25 мин.

IV. Қорытынды – 3 мин.














Сабақ барысы


I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушымен амандасып, сабаққа қажетті құралдарды түгендеу, оқушының назарын сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Т.Бобровских «За рекою старый дом» - толық талдау.


ІІІ. Жаңа тақырып: «Ана - әлем».
Е.Хасанғалииев"Анаға сәлем"

«Ана» - әлемдегі ең асыл, ең жақын, ең сапалы және де ең аса маңызды сөз».
Себебі әрбір ана сөзіне лайықты адам бұл өмірден барлығынан озған және ең бақытты адам!
«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» - деп Нұрлан Өнербаев ағамыздың өзі әндетіп өткен!
Ана туралы қаншама нақыл сөздер, таусылмас мақал мәтелдер және де бұл өмірде өз орнын қалдырған үлкен үлкен ғұламалардың сөздері қалды!
Жалпы Ана сөзін түпкі мағынасын қарасақ «Ана – отбасы ұғымда балалы әйел деген мағына береді екен. Ана бейнесі ежелден жыр, аңыз желісі болып келе жатыр. Хаууа ана есімі қасиетті кітаптарға түскен. Хаууа – көне еврей және араб тілдерінде «өмір бастауы» деген мағына береді.
Олай болса осы қадірлі Аналарымызға арналған Ескендір Хасанғалиев ағамыздың «Анаға сәлем» атты әнін талқылайық!
Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған,әнші (лирикaлық бaритон), композитор.Бала шағынан домбыра тартып, ән салған. 1959 жылы  Қаратөбе орта мектебін бітірген соң клуб меңгерушісі, мектеп тәрбиешісі болған. Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaлды - хорлық фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н. Шaриповaның клaсы бойыншa курсты,1978 жылы Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бiтiрдi.

1963 жылы Қазақ радиосының музыкалық  редакторы, 1964-1970 жылдары Қазақ қыздар институтының оқытушысы, 1970 жылдан Қазақ радио-телехабарлар комитетінің жеке әншісі.
1984 жылы Қaзaқстaн Республикaсының хaлық aртисi. Е. Хaсaнғaлиевтiң орындaу мәнерi жоғaрғы кәсiби деңгеймен ерекшеленедi. Ол Қaзaқстaнның белгiлi эстрaдaлық әншiлерi орындaйтын көпшiлiкке жaқсы тaнымaл әндердiң aвторы. «Құрмет» орденiмен мaрaпaттaлғaн (2000).

Музыка тыңдау.Е.Хасанғалиевтің орындауында «Атамекен» әні. Өмірге келген әрбір әннің тарихы бар. Сұлу ән бар сезімді бойлап, жүректің түкпірінен шығып жүрекке жететіні сөзсіз.





Әннің де естісі бар есері бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар...
- деп ұлы Абай жырлағандай есті ән елдің жадында мәңгі сақталып, көкірегіне нұр болып құйылады.
Осындай ел-халықтың ыстық ықыласына бөленген қазіргі заман композиторлары Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным», Н.Тілендиевтің «Өз елім», «Сары жайлау», К.Дүйсекеевтің «Сәлем саған туған ел», С.Бәйтерековтың «Сары арқа», Ж.Тұяқбаевтың «Атамекен» сынды көптеген әндерін мақтанышпен айта аламыз. Туған жерге деген қайталанбас туындыны дүниеге келтірген танымал әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні де тыңдаушысының көңілінен шығып, жүрегінен орын тапты.

Ол жастайынан өнерге құштар болып өседі. 19 жасында осы өнер жолын қуып Алматыға келеді. Алғашында 2 жыл Алматы консерваториясының дайындық курсында оқиды. Өнер дайәындығынан өткен Ескендір Шымкенттің Өнер институтын оқып бітіреді. Оқуын тәмамдағаннан кейін Қазақ радиосында жүргізуші және әншісі болып қызмет бастайды. 21 жасында алғашқы әні «Анаға сәлем» әнін жазып шығарады. Қандай ақын- жазушыларымыз, композиторларымыз болсын аналарына ән, өлең,кітаптарын арнап,құрметтеп табынады. Ал ендеше балалар тарихымызда аты қалған, ұрпақтар сиынатын аналар жайында не білеміз? Енді жаңа танысатын әнімізді сипаттаймыз.


ІҮ. Сабақты қорытындылау.

1. Е.Хасанғалиев кім?
2. Қай жылдар арасы өмір сүрді?
3. Бүгінгі үйренген әнімізден не түсіндің?
4. Әнді қалай орындау керек?



Ү. Үйге тапсырма.

1) Т.Бобровских «За рекою старый дом» - қорытындылау.

2) Е.Хасанғалиев - «Анаға сәлем» әнінің 1-2 шумақтарын жаттау. Әлеуметтік желілерден ізденіп, әнді тыңдау.


ҮІ. Оқушыны бағалау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
121
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі