Мама... Маматай...
Сізге деген махаббатым ұлы сағынышқа айналып кеткелі қашан... Тағдырды жазғырып, өмірге өкпелеп қайтейін. Сізді еске алуым үшін қолайлы уақыт та, жақсы ауа райы да, мерекелік кештер де қажет емес. Сіз менің мынау алақандай ғана жүрегімдесіз.
Бар-жоғы 34 жыл ғана өмір сүріп, әкеме деген, бізге деген ақ адал көңіліңізді арғы өмірге әкете бардыңыз. Қос қызғалдағыңыздың тұрмыс құрғанын да, балаңыздың білім алып, алғашқы табысына сізге сыйлық әкелгенін де көрмедіңіз. Мен сізге қайранмын. Аналық махаббатын қабір де жеңе алмайтын жан сіз шығарсыз.
Әкеме үлкен алғыс айтқым келеді. Сіздің жоқтығыңызды білдірмеу үшін жан-тәнімен беріліп, аянбай еңбек етті. Өсіріп, оқытып, жетілдірді. Бақыттың бағасыз екені – ата-ананың жаныңда болуымен-ақ сезіледі екен ғой. Бала түйсігім «Анам мені көріп тұрады» дегендей, тәртіпті бала болдым. Әр ісімнің артында әкемнің абыройы, марқұм анамның үкілі үміті жататынын білетінмін. Ерте ес біліп, ел тануыма сіздің қазаңыздың ауырлығы сеп болды-ау. Мен бүгінде ержеттім, анашым.
Менің сөздерімнің сізге жетуі, жетпеуі белгісіз. Құран бағыштап, сіздің атыңыздан игі амал қылуға тырыса беремін. Ал, мұным ақиқатында сізді жұмақта көруіме жасаған перзенттік жұмысым бола береді.
Анашым! Естеліктеріңізді елден естіп, сізді жақын көрген жанның бәрін «сіз сияқты» деп білген балаңыз бүгін үйленіп жатыр. Армандаған боларсыз. Сіздің аналық арманыңыз орындалып, аппақ келініңізді әкелдім. Сіз болғанда осы сәтте көзіңізге қуаныштан жас аларыңызды білемін. Барлық туған-туыс-бауырлардың бас қосқан сәтінде, өмірімдегі өзіндік орыны бар жанды ортамызға қосып, отау құрған тойымда сізге құрмет көрсеткім келді. Жаның жәннатта болсын, жан ана! Біз сізді шынайы жақсы көреміз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ана - өмір гүлі
Ана - өмір гүлі
Мама... Маматай...
Сізге деген махаббатым ұлы сағынышқа айналып кеткелі қашан... Тағдырды жазғырып, өмірге өкпелеп қайтейін. Сізді еске алуым үшін қолайлы уақыт та, жақсы ауа райы да, мерекелік кештер де қажет емес. Сіз менің мынау алақандай ғана жүрегімдесіз.
Бар-жоғы 34 жыл ғана өмір сүріп, әкеме деген, бізге деген ақ адал көңіліңізді арғы өмірге әкете бардыңыз. Қос қызғалдағыңыздың тұрмыс құрғанын да, балаңыздың білім алып, алғашқы табысына сізге сыйлық әкелгенін де көрмедіңіз. Мен сізге қайранмын. Аналық махаббатын қабір де жеңе алмайтын жан сіз шығарсыз.
Әкеме үлкен алғыс айтқым келеді. Сіздің жоқтығыңызды білдірмеу үшін жан-тәнімен беріліп, аянбай еңбек етті. Өсіріп, оқытып, жетілдірді. Бақыттың бағасыз екені – ата-ананың жаныңда болуымен-ақ сезіледі екен ғой. Бала түйсігім «Анам мені көріп тұрады» дегендей, тәртіпті бала болдым. Әр ісімнің артында әкемнің абыройы, марқұм анамның үкілі үміті жататынын білетінмін. Ерте ес біліп, ел тануыма сіздің қазаңыздың ауырлығы сеп болды-ау. Мен бүгінде ержеттім, анашым.
Менің сөздерімнің сізге жетуі, жетпеуі белгісіз. Құран бағыштап, сіздің атыңыздан игі амал қылуға тырыса беремін. Ал, мұным ақиқатында сізді жұмақта көруіме жасаған перзенттік жұмысым бола береді.
Анашым! Естеліктеріңізді елден естіп, сізді жақын көрген жанның бәрін «сіз сияқты» деп білген балаңыз бүгін үйленіп жатыр. Армандаған боларсыз. Сіздің аналық арманыңыз орындалып, аппақ келініңізді әкелдім. Сіз болғанда осы сәтте көзіңізге қуаныштан жас аларыңызды білемін. Барлық туған-туыс-бауырлардың бас қосқан сәтінде, өмірімдегі өзіндік орыны бар жанды ортамызға қосып, отау құрған тойымда сізге құрмет көрсеткім келді. Жаның жәннатта болсын, жан ана! Біз сізді шынайы жақсы көреміз!
шағым қалдыра аласыз













