Материалдар / Ана- бақыт, ана нұр !

Ана- бақыт, ана нұр !

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2018
387
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ана- бақыт, ана -нұрМақсаты: Әр адам үшін басты тұлға – ана туралы, ананың биік қасиеті туралы әңгімелеу.Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту.Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: слайд- шоуКейіпкерлер: бауырсақ, ата, әже, қоян, қасқыр, аю, түлкі.Мен : - Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана бақыт, ана-нұр» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. І жүргізуші: Той пердесін ашайық,Тойға шашу шашайық.Аналарды құрметтеп,Ән маржанын ашайық.ІІ жүргізуші: Сіздерден өскен балалар,Батырлар мен даналар.Құттықтаймыз мейраммен,Құрметті абзал аналар!І жүргізуші: - Қымбатты , ақ жаулықты әжелер, асыл аналар! Сіздерді көктем айының ең алғашқы мейрамы 8 – наурыз мерекесімен құттықтаймын!ІІ жүргізуші: - Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, нұрлы келбетті аналарымызды, сыныптас қыздарды көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтаймын!















І жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде ата мен әжей өмір сүріпті. 8 – наурыз мейрамы да келді. Атасы әжейге...Ата: Әжесі, 8 – наурыз мейрамына ыстық бауырсақ пісірсеңші.Әже: Пісірсем, пісірейін атасы. (Әжей бауырсақ илейді)Сенім: Әже бауырсақты илеп, пешке пісіріп алды. ( Әже бауырсақты пешке салады)Әже: Бауырсағым қандай менің, сап-сары, өзі дәмді, иісі қандай тәтті.Өзі ыстық, терезе алдына қояйын суысын.Махаббат: Әже бауырсақты терезе алдына қойып қояды. Ата әжеге...Димаш: Кемпірім, білесің бе, немерелеріміз келгенде бізге ән айтушы еді ғой, сол әнді сағынып отырғаным.Аяулым: Иә, керемет ән айтушы еді.І жүргізуші: Ата, әже қыздарыңыз сол әсем әнді сіздерге орындап берсін.Ән: «Анашым» орындайтын Биболатқызы ЕркеназымІ Жүргізуші: Ата, әже біздің балалар әжелеріне арнаған тақпақтарын айтып берсін.Аяулым:1. Ертегісі қандай көп,Күнде айтып береді.Қуанатын балаша,Апам менің тамаша!Дәулет:2. Менің әжем ақ әжем,Ұл мен қыздың бағы әжем.Ертегі айтып бер десең,Айтып берер тағы әжем.Созақбай:3. Ақылшы да қамқоршы,Жақсы деуге тұрақты.Әжем менің лайықты,Бар істері тиянақты.

Айгүл:4. Менің әжем, ақ әжем,Айтқан сөзі дәл әжем.Аман болса көреді,Қызығымды әлі әжем.І жүргізуші: Осы кезде бауырсақ домалап кетеді. ( Бауырсақ болып киінген бала қашып кетеді)Әже: Атасы, мен пісірген бауырсақ қашып кетіпті, енді не істедік?Ата: Ыстық бауырсақты сонша жегім келіп еді, қап әттеген-ай. Осылай тұра береміз бе, бауырсақты іздейік. (Ата мен әже бауырсақты іздеп, шығып кетеді)Музыка әуенімен бауырсақтың алдынан қоян шығады.Бауырсақ : Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым. (Бауырсақтың алдынан қоян шығады)Қоян : Сен кімсің?Бауырсақ: Мен сап-сары, дәмді бауырсақпын. Мені жеші.Қоян: Бауырсаққа сәбіз қосылған ба?Бауырсақ: Жоқ, маған сәбіз қосылмаған.Қоян: Ендеше , мен сені жемеймін, екеуіміз дос болайық. Мен аналардың мерекесіне тақпақ тыңдағым келіп тұр.ІІ жүргізуші: Біздің балалардың аналарына арнаған тақпақтарын тамашалайық.Айбар: Қуанамыз, сыйлаймыз,Қуаныштың мың гүлін.Аналарды құттықтап,Жырдан шашу арнаймыз.

Қадір:Үн қатасың бал тілмен,Еркелеймін әр күн мен.Құттықтаймын, анашым,Сегізінші наурызыңмен!

Маржан:Баланың да тірегі,Даланың да тірегі.Шаншымасын ешқашан,Аналардың жүрегі.Бәріңіз де анасың,Біз үшін күн боп жанасың.Құтты болсын, мейрамың,Құттықтаймын анашым!Сүндет: Анам менің панам ғой,Содан қорған табам ғой.Асықпа анам, ертең ақОтын болып жанам ғой.Анам менің асыл жан,Құшағы нұр шашылған.Ұлпан:Құтты болсын, ардақты анам,Асыл анам мерекең!Құтты болсын теңдік алғанҚуанышты мерекең!Мұрат, мүлде, мақсатымЖақсы күн мен жақсы түн.Нағыз бақыт ананыңАқтау дер ем ақ сүтін.

Дастан: Сегізінші наурыз күнін,Мейрамдайды аналар.Аналардың шаттығын,Құттықтайды балалар.Еркеназ: Аналарды сүйеміз,Сөзін ойға түйеміз.Әжені де ардақтап,Әдеппен бас иеміз.Әлпештеген баласын,Ана – бақыт, анажыр.Әркім сүйіп өзінің,Мақтан етер анасын.Жүрсін:Ақыл құйған санама,Күннен артық расында.Күн алыста, ал анам,Ылғи менің қасымда.Әбдірахим:Әжемді мейрамымен құттықтаймын,Айтатын ән, беретін гүлім дайын.«Әжетай сені жақсы көремін» депАқырын құлағыңа сыбырлаймын.

Қоян : Ой, көңілім бір көтеріліп қалды, сендерге рахмет. Бауырсақ екеуіміз енді дос боламыз.-Балалар сендер менімен бірге ойын ойнаңдаршы.(Ойын «көжек» Мен орманыма қайтайын, сау болыңдар!(Музыка әуенімен бауырсақтың алдынан қасқыр шығады)Бауырсақ: Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым. (Бауырсақтың алдынан қасқыр шығады)Қасқыр: Сен кімсің?Бауырсақ: Мен сап-сары, дәмді бауырсақпын. Қасқыр: Мен бауырсақты жемеймін, мен орманда жалғыз жүремін, зеріктім, мен көңілді ән тыңдағанды ұнатамын. Менімен бірге ән шырқашы.Ән «Бала тілегі» орындайтын Нақып ДінмұхаммедҚасқыр: Ой, көңілім бір көтеріліп қалды, сендерге рахмет. Бауырсақ екеуіміз енді дос боламыз. Мен орманыма қайтайын, сау болыңдар!Музыка әуенімен бауырсаққа аю жолығады.Аю: Сен кімсің?Бауырсақ: Мен сап-сары, дәмді бауырсақпын.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ