400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана – өмір!

Материал туралы қысқаша түсінік
Әркімнің өз анасына деген құрметі, махаббаты шексіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана – отбасы ұйытқысы

Әркімнің өз анасына деген құрметі, махаббаты шексіз. "Анаңның ақылы жүздеген ұстаз, мың сан мектептен артық тәрбие", - деген ұлағатты сөз бекерден бекер айтылмаса керек. Себебі, қандай тәлім–тәрбие беріп, сені алтын мен аптап, күміспен күптеп қойса да, анаңның берген ақылы мен жылы алақанына ештеңе татымайды. Ана – отбасы ұйытқысы, берекесі, тірегі, жүрегі. Ананың балаға деген мейірімі шексіз. Күннің нұрындай төгіліп тұратын сол мейірімді, жылулықты, шапағатты бәріміз іздейміз, аңсаймыз... Бірақ таба алмаймыз! Себебі, бұл жалғанда дәл анамыз секілді ешбір адам бізге қамқорлық көрсете алмайды-ау. Оны мен түсіндірмесем де, Анадан туған әрбірі білетін шығар. Ана – өмір. Әрбір жанның кішкентай ғана жүрегін елжірететін, санасына сансыз ойлар ұялататын, көздеріне күн нұрындай сәуле төгіп, езуіне жиылмас күлкі сыйлайтын «Ана» сөзінің мән-мағынасы зор. Бізге осынау жарық дүниені сыйлап, түн ұйқысын төрт бөліп, көз ілместен баласын әлпештеп, әр басқан қадамын мұқият қадағалап, сүріне қалса лезде жанынан табылатын, жыласа жаны ауыратын, қуанса бақытқа кенелетін, ер жетіп, аяғынан тік тұрғанша күн демей, түн демей еңбектенетін аяулы да ардақты аналарымыз сый-құрметке, ғаламдағы асыл қазыналардың ең құндысына әбден лайықты жандар. Ал біздің парызымыз ананың ақ сүтін ақтап, абыройын асқақтатып, еңбегінің жемісін көрсету, қартайған шағында әрдайым жанынан табылып, мейірімге бөлеу. Анамыз үшін қаншалықты жақсылық жасасақ та, бұл олардың бізге берген тәрбиесі мен жылулығының орнын толтыра алмас.

Қорыта айтқанда, барлық адам баласы ана алдындағы перзенттік парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі, ең бақытты адам – анасы бар адамдар.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28.02.2023
276
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі