Ата-аналармен сауалнама
өткізу
Ата-аналармен жұмыс
Ата-аналар
жиналысы
Ата-аналар
комитеті
«Ертеңгіліктер»
өткізу
Ата-аналармен байланыста
болу
Бүлдіршіннің жанұясына
барып тұру
-
Ата-ана – бұл баланы өмірге әкелуші және өсіріп,
тәрбие-леуге, оқытуға міндетті әрбір адам. Оның құқықтары мен
міндеттері Балалар құқығы конвенция-сында, ҚР-ның кешенді тәрбие
бағдарламасында белгіленген және мемлекет тарапынан қорғалады,
қадағаланады.
Бала –
бұл кәмелеттік жасқа жетпеген әрбір адам. Оның құқықтары Балалар
құқығы конвенциясын-да ҚР Білім туралы заңында белгіленген және
мемлекет тарапынан қорғалады.
Мұғалім – ҚР-ның Білім туралы заңымен ҚР-ның кешенді
тәрбие бағдар-ламасымен, Жастар саясаты тұжырымдама-сымен
айқындалған мемлекеттік білім және тәрбие беру саясатын жүзеге
асырушы тұлға.
Таныстырып, атын атай
білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және кішісін ажырата білуге,
өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым
түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас
жасай білуге үйретеміз.
Баланың бойында тәлімдік
қасиеттерді қалыптастыру отбасы тәрбиесінің бірінші кезектегі
міндеті болып табылады. Бұл тәлімдік қасиеттердің ішінде сәбилердің
үлкендерді сыйлауы айрықша маңызды сипатқа
ие.
Оқушылар мектепке таза,
шаштары ұқыпты, аяқ киімдері тазаланған күйде келуге
міндетті.
Дене шынықтыру және спорт
секцияларына оқушылар спорттық киіммен келуі
тиіс.
Сенбіліктерге, мектеп
тазартуға және басқа еңбек істерге жұмыс киімдерімен келуге
тиісті.
Оқушылар мектепке кіргенде
аяқ киімдерін тазалап, сыртқы киімдерін
шешеді.
Оқушылар бірден өз
сыныптарына немесе сабақ кестесінде көрсетілген кабинетке
барады.
Ұқыпсыз киінген оқушыларға
кезекшілер ескерту жасап, олардың тәртіпке келуін талап
етеді.
Сабаққа қатысы жоқ заттарды
әкелуге тыйым салынады.
Оқушылардың сабаққа
кешікпей келуі тиіс. Кешіккен оқушылар тек кезекші мұғалімнің
немесе мектеп әкімшілігінің рұқсатымен сабаққа
жіберіледі.
Сабақтан соң оқушылардың
үйлеріне қайтуы мұғалімнің шығарып салуымен ұйымдасқан түрде
өтеді.
Оқушыларға сыныпқа сырт
киіммен немесе бас киіммен кіруге рұқсат
етілмейді.
Сабақтан кейін мектепке
қоғамды жұмыстармен шұғылданатын немесе сабақ кестесіне сәйкес
үйірмелерге қатысатын оқушылардың ғана қалуына
болады.
-
Оқушылар ережесін,
әдептілік ережесін бұлжытпай орындау.
-
Оқушы антына адал
болу.
-
Қазақстан – 2030
бағдарламасындағы жалпыға бірдей міндеттерді іске асыруға ат
салысу.
-
Мектепшілік қоғамдық
жұмыстарға қатысу.
-
Сыныпта тәртіпсіз,
үлгермеуші оқушыларды болдырмау.
-
Туған өлкемізді көркейтуге
ат салысу.
-
Сыныпта, отбасында,
күнделікті өмірде салауатты өмір салтын
қалыптастыру.
-
«Атамекен» және «Болашақ»
балалар ұйымының бағдарламалары бойынша жұмыс
жүргізу.
-
Халқымыздың мемлекеттік
рәміздерін көздің қарашығындай сақтап, сүю,
қастерлеу.
Отбасы тәрбиесін ұтымды
ұйымдастыру үшін мынадай жағдайларды естен шығармау
керек.
-
Ата-ана өз міндеттерін,
жауапкершілігін шын мәнінде сезіну;
-
Ата-ананың бірін-бірі
сыйлауы, құрмет көрсетуі, отбасы өмірінің
бірлігінұйымдастыру;
-
Отбасы өмірінің мүшелерінің
жағымды үлгі өнегесі сарқылмау қажет;
-
Отбасы өмірінің
тәртіптілігі, жинақтылығы сақталған
жөн;
-
Отбасы мүшелерінің
бір-біріне қамқорлығы, еңбекшілдігі;
-
Балаға деген сүйіспеншілік,
талаптардың ақылға сиымдылығы;
-
Баланың мінез-құлық
ерекшелігін ата-ананың санасы білуі;
-
Отбасындағы бала тәрбиесіне
әр түрлі әдістерді қолдана білуі;
-
Баланың ойына,
көңіл-көтеруіне ата-ана үнемі араласып отыруы
керек;
-
Отбасының мектепке дейінгі
мекемемен байланыстылығы өте маңызды.
Бала тәрбиесінде үйелмен
алғашқы баспалдақ. «Бала жас әлі ешнәрсені білмейді, өсе келе бәрін
түсінеді» деп қарау барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі сөз
болғанда «Баланы жастан» деген халық даналығын ұмытпауға болмайды.
Өйткені мектеп жасына дейінгі кезеңде баланың мінез-құлқы
қалыптасады. Сол кезеңде баланың алған тәрбиесі оның болашағына
негіз болады.
Осыған орай әрбір ата-ана
тәрбиеші оның сәби кезеңіндегі тәрбиесіне жауапты қарау ауадай
қажет.
Балаға тән бір қасиет
жақсыға да, жаманға да тез үйренгіштік. Сондықтан болар «Ұлың өссе
ұлықтымен, қызың өссе қылықтымен ауылдас бол» деген. Мектеп жасына
дейінгі кезеңді дұрыс тәрбие
көрмеген баланы кәмелетке
толған соң мінезін өзгертіп, жақсыға баулу қиынға соғатыны
даусыз.
-
Бала тәрбиесінің негізі
ата-анада жатқанын естен шығармау;
-
Мектеппен тығыз байланыста
болу, баланы себепсіз қалдырмау;
-
Балалардың өмірі үшін, оқуы
үшін оларды рухани және қауіпсіз дамуын, адамгершілік жағынан
қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар
жасау;
-
Баланы керекті заттармен,
оқулықтармен толық қамтамасыз ету;
-
Таңертең уақытылы балаларын
үйден шығарып салу;
-
Жыл мезгілдерінің ауа
райына байланысты киімдерін қадағалау;
-
Үйде баланың үй тапсырмасын
орындауын қадағалау;
-
Көше ережелерін есте
сақтауды еске салу;
-
Мектепте ертеңгіліктер,
жөндеу жұмыстарына көмектесуге
міндетті;
-
Отбасыда балаларына
ертегілер оқып берулері керек;
-
Ата-аналар жиналысына
қатысуға міндетті;
-
Кеңес. Балаларымен үйдегі
іс-әрекеттеріне жауапты.
«Бекітемін» «
Келісемін»
Мектеп директоры: Оқу
ісінің меңгерушісі:
________А.Имашева.
_________Е.Баимбетов.
«__»__2014жыл
«__»__2014жыл
Ата –аналар 2014-2015
оқу жылындағы жүргізілетін жұмыс
жоспары.
№
|
Мазмұны
|
Мерзімі
|
Жауаптылар
|
1
|
Ата-аналар
жиналысы:
1.Кіріспе. 2014-2015 оқу
жылының жұмыс жоспарымен таныстыру.
2.Ата-аналар мүшесін
сайлау.
|
10,09,2014ж
|
М.Көпбаева
|
2
|
Ата-аналармен
жұмыс:
«Сіз қандай
ата-анасыз?»
Ата-аналар
жиналысы:
1.І-тоқсан
қорытындысы
2.Күзгі демалысты сәтті
өткізу
|
20.10.2014ж
30.10.2014ж
|
М.Көпбаева
М.Көпбаева
Ата-аналар
|
3
|
Ата-аналар
жиналысы:
«Сіздің балаңыз?»
тақырыбында әңгімелесу.
«Тәрбие отбасынан
басталады»баяндама
1.ІІ-тоқсан
қорытындысы
2.Жаңа жыл шыршасына
дайындық
|
24.11.2014ж
19.12.2014ж
|
М.Көпбаева
Р.Беспай
М.Көпбаева
Ата-аналар
|
4
|
Ата-аналармен
жұмыс:
«Ойын-баланың іс-әрекеті»
ашық әңгіме
Ата-аналар
жиналысы:
1.Балалардың қысқы киімі
мен көшеде жүру тәртібі.
2.Түрлі
тақырыптар
|
16.01.2015ж
28.01.2015ж
|
М.Көпбаева
М.Көпбаева
А.Кисебайева
|
5
|
Ата-аналармен
жұмыс:
Жеке ата-аналармен
жұмыс
Ата-аналар
жиналысы:
1.ІІІ-тоқсан
қорытындысы
2.Көктемгі демалысты сәтті
өткізу
|
27.02.2015ж
17.03.2015ж
|
М.Көпбаева
М.Көпбаева
Г.Кешкейева
|
6
|
Ата-аналармен
жұмыс:
«Тәрбие ата-анадан»
баяндама
«Жеке бас тазалығы»
дөңгелек үстел
|
17.04.2015ж
|
М.Көпбаева
Ұ.Қожабекова
|
7
|
Ата-аналар
жиналысы:
1.ІҮ-тоқсан
қорытындысы
2. Түрлі
тақырып
|
20.05.2015ж
|
М.Көпбаева
|