«Балапан» мектепке дейінгі бөбекжайы
Ата-аналарға арналған дөңгелек үстел
Өткізген психолог: Усенгалиева Б.Т. Уақыты : 1.03.2018 ж
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға,жақсы көру сезімдерін байқау,балаға деген сүйіспеншіліктерін нығайтуға ықпал ету.Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдКеректі құрал – жабдықтар: Әдісі: пікірталас Жұмыс түрі: дөңгелек үстел Психологиялық бағыты: психоконсультация Психолог сөзі: Қаақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні жариялап,№173 жарлыққа қол қойған болатын. Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді. Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік,өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалақты қайспай бірге көтере білді,бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Барысы: 1. «Шаттық шеңбер» қатысушылардың бәрін шеңберге шақырамыз.Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық .. «Рахмет» сөзін қосып тілек айту.тренингі Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… арқамен.
Ата-аналар менің бір сұрақ қойғым келіп тұр. Алғысқа, рахметке тағы да кімдер және нелер лайықты деп ойлайсың?
2. Миға шабуыл:Ал сіз тағы кімге, не үшін рахмет айтар едіңіз? Ата-аналар тағы кімнің рахметке лайықты екені туралы пікір алмасып талдау жасау. Әрине әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамның парызың жан-жағына жақсылық сыйлау.Бастысы – алғыс айта білу...1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,2. Әкеге – қорған болғаны үшін,3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,5. Күнге – шуағы мен назары үшін,6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,11. Отқа – жылулығы үшін..Бірге: Рахмет айтамыз!
3,Ақылды қалпақтар сыр шертеді.1Балаңыздың жақсы жақтарын атаңыз.Ризашылық дегеніміз не?2Балаңызды үнемі еркелетесіз бе?Үлкеннің кішіге деген сүйіспеншілігі.3Балаңызға ертегі айтып бересіз бе?Алғыс дегенді қалай түсінесіз.4Осы мереке керек деп ойлайсызба?5Балабақшаға көңіліңіз тола ма?6Балаңызды ренжітетін қылықтары? .4.Сергіту сәті. «Арқадағы сурет»5. «Газет бетіндегі би6.Балалардың ата-аналарына алғыс айту сәті.Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.Қортындылау: Жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұрады.. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білейік және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпайық.Рахмет қош сау болыңыздар..