Материалдар / Ана деген ардақты ат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ана деген ардақты ат

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж, мектеп сынып жетекшілеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
620
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚО, Түркістан қаласы,

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі

Математика пәнінің оқытушысы

Жағыпарова Данагүл Дәулетқызы


Тақырыбы: Ана деген ардақты ат

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды төл мерекелерімен құттықтау, студенттерді мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, видеороликтер, слайдтар.
Барысы:
1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаз-аналар, ару қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді!

2-жүргізуші: Биылғы көктем мерекесінің орны ерекше. Олай болатыны, биыл Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толғалы отыр. Сондықтан да терең біліміміз бен үлгілі тәртібіміз, сіздердің құрметтеріңізге, аяулы аналар мен құрметті ұстаздар!

1-жүргізуші: Аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.

Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
2-жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,
қасиетті аналар!
Құрметті аналар,
біздің колледждің аяулы ұстаздары, сүйкімді қыздары!

8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын, көңілдің көктемін тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер!
1-жүргізуші: Ана десем гүлдей жайнап жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, -

дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөз кезегін Джи-Ай холдингінің президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Шалхаров Сайлаубек Шалхарұлына, колледж директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Рысбеков Қыдырәлі Оспанұлына береміз.


2-жүргізуші: Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік.

1-жүргізуші: Алтын құрсағынан адамзаттың алыбы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды.

2-жүргізуші: Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар.

1-жүргізуші: Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты.
2-жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мей
ірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-
деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне ЕК203 топ студенті Амангелді Гүлнұрдың

орындауындағы «Мама» атты әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде -дей отырып, келесі кезеті «Қазақ» биіне береміз.
2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. К-103 топ студенті Орынбек Әселдің орындауында «Аяулы анам» әні.
1-жүргізуші: Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен. Алдарыңызда ЕК-201 топ студенті Мұхитова Нұрсәттің орындауында «Ана» монологы. Видеоролик.
2-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңгі болашағын тәрбиелеуші.

1-жүргізуші:

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше, сол аналарымыздың құрметіне колледжіміздің «Қуыршақ» және «Семсер» командалары өз әзілдерін ұсынады.

1-жүргізуші: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен ұштасып жатыр.
Аяулысың,
ордамыздың асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
С
іздер үшін ән менен күй, өлең мен би,
С
іздер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда Бахыткүл апай мен Самат ағайдың орындауындағы «Алло» әніне кезек береміз!

Қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса студенттер
іміздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. (жыр шашуы)


1-оқушы: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл ана,

Сонда біз кісілікке теңесеміз

2-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Әр қадамын сусын қып, қанасыздар.

3-оқушы: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

4-оқушы: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

5-оқушы: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

6-оқушы: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді — лайықсыздар!

Осы кезде апайларға сыйлықтар таратылады. Ән.

1-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жаһанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, батырларды тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

 Ал ендігі кезекте қонағымыз, Өнер факультетінің студенті Саматтың орындауында «Сағындым» әні.

2-жүргізуші:

Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз да бар. Сол себепті бүгін біз сіздермен бірге ойын ойнатамыз.

1-жүргізуші: Ойын шарты пародия салу.

Қағазға алдын ала ерекше қылығы бар үш ұстаздың және үш студенттің есімі жазылады. Артынша бұл қағаздар таратылады. Ұстаздар қағазда есімі жазылған студентті, ал студенттер ұстазына пародия салады. Барынша сыпайы жақсы мінездерін салуға тырысу керек.

Келесі ойынымыз «Ойлан да, тап» деп аталады. Суреттердегі ұстаздарымыздың балдәурен балалық шақтағы бейнелерінен кім екенін тапқан кісіге мерекелік сыйлықтарымыз бар. Слайдтардан ұстаздар суреттері көрсетіледі.
2-жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
1-жүргізуші: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.-дей келе К-101 топ студенті Асанбай Саматтың орындауындағы «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл ана.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
1-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен
бүгінгі кеш аяқталды!!!

Құрметті ұстаздар мен студенттер, біздің аналарға арналған атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Бірге: Сау-саламатта болыңыздар!













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!