Материалдар / Ана деген құрметті ат
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ана деген құрметті ат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана-қамқоршы,ана-сүйеуші,ана-отбасы ұйытқысы,ана-қоғам қызметкері. Ия,дүниеде анаға теңесер жан болмас,сірә! Әр адамға өз анасы қымбат.Ақынтілімен айтсақ, Аналардың бәрі жақсы дегенмен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қырқүйек 2018
608
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рахмет, анашым! Алғаш менің жаттағаным, Жаттағаным тіс жарып Дүниені уысында Ұстап тұрған күш,алып- «Ана» деген үш әріп … Ана…. Осы бір сөзде қаншама мән-мағына бар десеңізші! Ана-қамқоршы,ана-сүйеуші,ана-отбасы ұйытқысы,ана-қоғам қызметкері. Ия,дүниеде анаға теңесер жан болмас,сірә! Әр адамға өз анасы қымбат.Ақынтілімен айтсақ, Аналардың бәрі жақсы дегенмен, Менің анам ең жақсысы дер ем мен… Менің анам… Біреулер үшін қарапайым ғана ауыл әйелі… Ал мен үшін…. Әкеден ана құрсағында жатып айырылған мен үшін анамның орны бөлек-ақ. «Орнында бар оңалар» деген аталы сөзді жанына медет тұтқан анам мені «Орынбек» деп атапты. «Әкесінің орнын бассын,ошағының отын өшірмесін!»-деген ізгі ниетпен атаса керек.Қашанда жақсылықты алғы күннен күткен,барға шүкіршілік еткен анам менің… Ата-анасының жалғыз перзенті болғандықтан нағашы атам мен нағашы әжемді де жер қойнына өз қолымен арулап тапсырған анамның қажыр-қайратына қайран қалам.Жар қазасы,туған әке мен ананы мәңгілік сапарға аттандыру… Осынша қайғыны көтере жүріп,бір сәт налығанын көрмеппін.Әлде бізді әлдилеп ұйықтатқан соң ошада көз жасын талай көлдетті ме екен?Сәби көңіл не білсін?Аязды күндерде үпір-шүпір үш перзентін құшағына қысып,ыңылдап ән салар еді.Ән демекші,ата-анасының үкілеген жалғыз перзенті бала күннен әнді жанына серік етіпті.Қаршадай кезінен ауыл сахнасының сәні болған анамның ән шырқауы бөлек-ақ.Күні бүгінге дейін әсем әнімен көпшілікті тәнті етіп келе жатқан анам,егер өнер жолын таңдағанда,республикаға танымал әнші болар ма еді? Бірақ анам ұстаздық ұлы жолды таңдапты.Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндердің қолына алғаш қалам ұстатып,олардың жетістігіне бірге марқайып,әлденеше толқынды үлкен өмір сапарына аттандырды.Еңбек,оқу демалыстарында амандаса келген шәкіртерінің біріне «оу,жаным»,біріне «ой,құлдық»,енді біріне «құлыным-ау» деп айналып-толғанып жатқан анамды,шыны керек,қызғанып та қаламын.Алайда тек менің анам ғана емес,ел анасыболған,аналық махаббаты балаларына ғана емес,көпке жеткен анамды мақтаныш ететінім де жасырын емес. Иә,үш перзентті қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқыттырмай жеткізу анама оңай тиіп жатпағанын сәби жүрегіммен сеземін-ақ.Біреуі Ақтөбеде,біреуі Астанада оқитын студент екі апама еңбекақысын алған күні ақша аударып,көңілін демдеген анам мені де ұмытпай,тәтті-пәттісін әкеліп,күрең шайды рахаттана бастар еді. «Келесі жалақыдан саған…»,-деп қояды арасында.Сонан соң: «Құдайға тәубе,екі апаңда гранттық негізде оқиды,екеуі де жатақханада жатады,әйтпесе қайтер едік,шүкіршілік етейік»,-дейді. «Қанағат қарын тойғызар» демей ме,анамның сөзін мен де қостаймын.Кей-кезде: «Осы сен үйкүшік болып бара жатқан жоқсын ба?Туғандарыңа барып кел.Еркек кіндіктілермен алысып(әкемнің інісінің балаларын айтқаны),ағаларыңның ақылын тыңдап кел»,-деп,көрші ауылға,қалаға аттандырып жатады.Ер адамдармен араласып,сөйлесіп әкемнің беруіне бұйырмаған өнегені алсын дегені екенін түсінемін-ақ.Әр нәрсені тереңнен ойлайтын анашым менің!Мен өмірімдегі әрбір жетістігім үшін сізге шексіз ризамын! Қанша қиын болғанымен,менің өнердегі жолыма бөгет болмай,домбырашылардың байқау-сайыстарына қатысуыма да демеуші болып келесің.Сенің арқаңда Алматы,Астана,Көкшетау,Түркістан төрінде күй тарту құрметіне ие болдым. Дәл қазір мен Сәкен Майғазиевтің «анама арнау» бейнебаянын(клип) қарап, әнін тыңдап отырмын.Анаға деген шексіз құрмет пен сүйіспеншілікті паш ететін осынау өнер туындысы мені алыс жағалауларға жетеледі.Мен де азамат болармын.Бүгінгі көрген қиыншылығың бір күнгідей болмай өте шығар,анашым!Көңілімдегі көрікті ойды ақ қағазға көркемдеп түсіре алдым ба,білмеймін.бірақ… Менің шығармашылығымның бастауы саған арнаған туынды болар,бәлкім.Жүрегімді жарып шыққан ол күйді мен «Рахмет,анашым!» деп аяқтармын.







Ана деген құдіретті ат. Анаға ешбір күш, ешбір жан тең келмейді. Дүниедегі бәрінен қымбатты бізді аялап ,өсірген,өмірдегі ең жақын адам – асыл ана. « О, дүние,төсіңді аш,мен келемін,алынбаған ақым бар сенде менің» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай,барлық адам баласының мына дүниеге келетіні анық. Сол сәтте ерекше мейіріммен жаңа туған сәбиін бауырына басып елжірей қарайтын әрине, ол-жан ана. Ана – теңдесі жоқ құдірет, Төлеген Айбергенов жырлағандай: Анаң саған керек болса,анаңа да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек. Ана керек о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы Даналықтың қажеті жоқ,сыйлау үшін ананы. Иә,« Ана» деген – құдіретті ұғым, құдіретті күші бар сөз. Кім де болса ананың алдында кішірейеді, әулиең де, небір ғаламды аузына қаратқан билеушілер де ұлы ананың алдында бас иген. Ана — адамзатқа нұрлы өмір мен таусылмас бақыт сыйлайтын абзал жан. Асыл да қымбат аналардың орыны әрқашан да бөлек. Бүгінгі жасампаз өміріміздің қай буынынан болса да, әйел-ана, әйел-еңбекқор, ана қайраткер, басшылар да көптеп кездестіруге болады. Ардақты ана,абзал арулар туралы күн сайын қаншама жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде.Ана туралы толғанбаған ақын-жазушылар жоқ шығар, қайраткер аналар қатарында Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі үлгі тұтқан. Сонымен қатар, әдебиетте де ана тақырыбына талай қаламгер ой салған. 7-сыныпта өткен Мұқағали Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы «Аналар» бейнесін атсам ,ана тақырыбы ғасырдан-ғасырға сарқылмайтын бұлақ. Кейбір адамдар өз аналарын қарттар үйіне тастап, ана жүрегіне үлкен қайғы әкеледі. Мұндай адамдар ана қадірін, қасиетін білмейтін адамдар. Адамдар қаншама жақсы істер жасап, анасын қаншама құрметтесе де, ана алдында мәңгі қарыздар бола береді. Өмірде кездесіп жататын осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болыңыз, аналарыңның өлшеусіз еңбегін бағалап, мәңгілік қамқор болып, өтіңдер дегім келеді. Ана – әлемдегі асыл жан.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!