Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ана жүрегі - мейірімділік ошағы" сыныптан тыс жұмыс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы» ММ
«Ана жүрегі – мейірімділік ошағы»
2018 оқу жылы
Күні: 05.03.2018
Тақырыбы: «Ана жүрегі – мейірімділік шуағы»
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру
Барысы:
Екі жүргізуші (екеуі де жігіт)
Хор вокал үйірмесінен құралған «Алаш»тобының «Батырлар ұраны»
1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті аяулы аналар, ұстаздар және де гүлдей құлпырған, даланың гүліндей жайқалған қыздар!
2- жүргізуші: Бүгінгі келіп жеткен сегізінші наурыз халықаралық әйелдер күні, аналар күні, қыздарымыздың төл мерекесі құтты болсын!
1-жүргізуші:
Аналарым, әжелерім ақ маңдай,
Сүйсіндіріп, ағарып таң атқандай.
Бар табиғат құлпырып-ақ кетіпті,
Сұлулыққа басын иіп жатқандай.
2- жүргізуші:
Па, шіркін! Қандай өлең, арнадың,
Өлеңіңді өлеңіме жалғадым.
Мың сұлудың алдындамыз қарашы,
Бар ма, айтшы, бүгін сенің арманың
1-жүргізуші: Иә, арман демекші, армандау әрбір оқушының қасиеті. Болашақ түлектер, білімді ұрпақ. Ал сол білімді ұрпақты тәрбиелеуші кім?
2-жүргізуші: Ұстаз! Ұстаздың қолына әкеліп, бізді тапсыратын кім?
1-жүргізуші: Аналар! Анамыздан тығып сарқытын беретін кім?
2-жүргізуші: Әжелер! Әжелерінің сүйікті әрі сұлу немерелері кім?
1-жүргізуші: Қыздар! Барша әйелдер қауымы БІРГЕ: МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Біздің бүгінгі сіздерге арнап отырған «Ана жүрегі – мейірімділік шуағы» атты концертімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Жас әлемнің жарасты азаматын тәрбиелер бір орталық болса - ол Оқушылар сарайы. Қала халқының сұранысымен аудан басшыларының қолдауымен бой көтерген өнерлі орда ашылғанына аз уақыт болса да оқушылардың шығармашылық жұмыстарын танытуда сүбелі үлесін қосып келеді. Сол үшін де бізді қолдаған аудан басшылығына, аудандық білім бөліміне, бізге тілекші ата аналарға ризалық сезімімізді білдіре отырып, сөз кезегін мекемеміздің басшысы - Сейтмағанбетова Жанар Есенғосқызына береміз
1-жүргізуші: Ән «Кездесуге кел» Сахнада сарайымыздың хор-вокал үйірмесінің оқушыларынан құралған күміс көмей, жез таңдай әншілері «Алаш» тобын қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Қыздар, қыздар, сұлу қыздар... ( әнін әндетіп сахнаға жүргізуші шығады)
2-жүргізуші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған... (екінші әнді орындап екінші жүргізуші шығады).
1-жүргізуші: Шынымен, әлем ақындары таң қалатындай, қыздар қауымы сұлу ғой шіркін. Олардың күлкісі аққан бұлақтың сыңғыр дауысындай.
2-жүргізуші: Көздері мөлдір, жаңа жауған жаңбырдың тамшысындай.
1-жүргізуші: Жүздері жұлдыздан жаралғандай, жарық шашып тұрады.
2-жүргізуші: Жә, осы жерден тоқтатып, келесі өнерпаз жігіттерге кезек берейік. Өздерінің қағытпа-қалжыңдарымен жігіттерден құралған жайдарман құрамасын қарсы алыңыздар. (әзіл ойнайды. 5-10 минут арасы)
Би: «Жастар биі» «Сымбат би» тобы (сырттан хабарлайды)
1-жүргізуші:
Десек те уақытпенен
жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды
2-жүргізуші:
Домбыра, күмбірлеші күніндей
боп қазақтың
Өзіңменен бірге жүргем ұзақ жолында азаптың
Үніңменен жазылады жарасы
Үніңменен жалғанады ұрпағым, – деп ақын ағаларымыз жырлағандай
«нағыз қазақ, қазақ емес – домбыра демекші», ортада күмбірлеген
күйімен терме үйірмесінің оқушысы Жайылганов Бауыржан " Ару
ана" әнімен қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Осы әйелдер қауымын «әлемнің сегізінші кереметі» десем сенесің бе?
2-жүргізуші: Қалай сонда?
1-жүргізуші: Әлемнің жеті кереметін бәріміз білеміз, сол секілді қыздарды білмейтін адам жоқ қой.
2-жүргізуші: Сен қызықсың, жігіттерді де біледі ғой.
1-жүргізуші: Жоқ, бізді біледі. Бірақ біз олар секілді еленіп-ескерілмейміз ғой. Олардың сұлулығына тамсанып қанша ақын жыр жазды, ән жазылды, күй шықты, тіпті, білмеймін енді.
2-жүргізуші: Қой, олай көңіліңді түсірме. Сен негізі білмейді екенсің. Олар тек бүгін, 8 наурыз күні ғана еленеді. 365 күннің бір күні ғана нәзік жандылардың, ал қалған 364 күн біз секілді нәзік емес жандардың күні ғой. Қайта мақтан!
1-жүргізуші: Оны ойламаппын.
Жарайды.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті мың
бұралған «Салтанат» би тобының бишілерге
береміз. «Өзбек» биі
2-жүргізуші:
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Ән: «Аналар неткен
әдемі»Орындайтын: Сейтқалиев Айбек
1-жүргізуші:
Алақаны жылылықтан
балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл-қыздарыңыздың
жүрекжарды тілектерін қабыл алыңыздар!
Абдолла Нұрсаят, Молдахмет Ақмаржан, Мұханбет Рахман (ана туралы өлеңдерін мәнерлеп оқиды)
2-жүргізуші:
Күнінде гүл көктемнің нұрын
шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып. Ортада «Тауыс» биін қарсы
алыңыздар!
1-жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ
қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы
қыздарымыздың құрметіне ән жолдаймыз, қабыл
алыңыздар!
Ән: «Анашым» (қыздардан
құралған топ)
2-жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін
сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің
дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші
орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп
аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
1-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал
бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз
ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық
қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне
арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.
Ән: «Раушан гүл» Жақанқызы Меруерт (аналарға гүл шоқтары таратылады)
2-жүргізуші: Әжелерім, аналарым,
ұстаздарым, еңбектеріңіз жемісті болсын. Әрбір отбасының ұйытқысы,
бір қолмен бесікті, бір қолмен әлемді тербетіп жүре беріңіздер!
Тағы да мерекелеріңізбен! Келесі күнде жолыққанша сау
болыңыздар!
Шалқар аудандық «Оқушылар Сарайы»ММ –нің «Сазды өнер» музыка-эстетика бірлестігінің «Ана жүрегі – мейірімділік ошағы» тақырыбындағы сыныптан тыс жұмыстарына
Анықтама
Шалқар аудандық "Оқушылар сарайы"ММ-де наурыз айының 5 жұлдызында "Сазды өнер" музыка-эстетика бірлестігінің ұйымдастырылуымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Ана жүрегі - мейірімділік ошағы" тақырыбында жетекшілердің бірлескен түрде сыныптан тыс шаралары өткізілді. Шараның мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік бере отырып, мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Шара хор вокал үйірмесінен құралған «Алаш»тобының «Батырлар ұранымен»ашылып, екі жүргізушілер концерттік бағдарламаны жүргізді. Шара барысында оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Қобландина Гүлмира Нұрғалиқызына құттықтау сөз кезегісөз кезегі берілді.
«Алаш»тобының «Кездесуге кел» әні , «Тұмар» драма үйірмесінің оқушылары жігіттерден құралған жайдарман құрамасы қағытпа-қалжыңдарымен, «Сымбат би» тобының «Жастар биі», күмбірлеген күйімен терме үйірмесінің оқушысы Жайылганов Бауыржан " Ару ана" әні,
«Салтанат» би тобының «Өзбек»
биі және «Тауыс» биі, Сейтқалиев Айбектің
«Аналар неткен әдемі» әні, «Жас өнерпаз» драма үйірмесінің бастауыш
сынып оқушылары Абдолла Нұрсаят, Молдахмет Ақмаржан, Мұханбет
Рахман , Серікбаева Гүлхан өздерінің жүрекжарды тілектерін
арнады.
Хор\вокал үйірмесінің оқушыларынан құралған «Қыздар» тобының «Анашым» әні орындалды. Қорытындысында «Раушан гүлі» әнімен аналарға гүл шоқтары таратылды.
«Сазды өнер» музыка-эстетика бірлестігінің жетекшісі: А. Аминова
«Ана жүрегі – мейірімділік ошағы»