Материалдар / "Ана мен бала" ток шоуы

"Ана мен бала" ток шоуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларға ойын-сауық және мәдени шараларды ұйымдастырып, мектепке дейінгі ұйым мен ата-ана арасындағы ықпалдастықты қолдау болып табылады.
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

"Ана мен бала" ток-шоу

Жүргізуші (Станбекова Гаухар Нурлыбековна)

Ана деп өтеміз өмірде
Бала деп төземіз бәріне
Ана мен баланың арасы
Бәрінен маңызды ,әрине!

Міне,бүгін өздеріңіз осы ортаға келіп отырғандарыңыздың өзі балаңыз үшін...  Құрметті тәрбиешілер, ата - аналар, кішкентай ғана балалар! Бүгінгі бағдарламамызға қош келдіңіздер. Бүгінгі кешіміз "Ана мен бала"ток-шоуы.Яғни«Отан отбасынан басталады» демекші ата - аналар мен тәрбиешілер ,ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату - кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен тәрбиешілер қауымы болып бірге атсалыссақ алар асуымыздың биік болары сөзсіз. ."Балабақшаға барғым келеді..."2.Ақылды бала қайдан шығады"

3."Ананың көңілі балада,баланың көңілі..."4."Өнерлі бала ата-ананың бақыты"

Міне, осы тұрғыда сөз қозғалатын «Ана мен бала...» атты пікіралмасу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
«Әрбір баланың мінез - құлқы ата - ананың жағымды іс - әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп ,И. Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата - ана – бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы. Сондықтан, кешімізге қатысып отырған ата - аналар, тәрбиешілер,қонақтар берілген сұрақтар бойынша өз ойларыңызды ортаға салып, пікір алмастырайық.
Ең басты себепкер-бала болса, екінші себепкер –бір қолымен бесік тербеткен, екінші қолымен әлемді тербеткен «Ана» себепкер.Себебі, «Тәрбие – баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл - кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде» делінген екен. (А. С. Макаренко) Бүгінгі "Ана мен бала"ток-шоуына қош келіпсіздер!

Мақсатымыз: Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын-сауық және мәдени шараларды ұйымдастырып,мектепке дейінгі ұйым мен ата-ана арасындағы ықпалдастықты қолдау болып табылады.Яғни біз сіздермен пікір алмасып,балалардың шығармашылығын дамыта отырып,білімін насихаттау болып табылады.

Ендеше тақырыптармен таныстырсам:

1."Балабақшаға барғым келеді..."

2.Ақылды бала қайдан шығады"

3."Ананың көңілі балада,баланың көңілі..."

4."Өнерлі бала ата-ананың бақыты"

Осы тақырыптар аясында пікір алмассақ құрметті ата-аналар! Ендеше әр тақырыпқа жеке-жеке тоқталып,ой бөліссек.

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.

1.Тақырып: "Балабақшаға барғым келеді..."

1.Балабақша таңдау кезінде алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз?

2.Тәрбиешілермен алдын ала әңгімелесіп,бақшаның жұмыс бағытымен және жоспарлармен таныс болдыңыз?

3.Бақшаға дейін балаңызға не үйреттіңіз?

4.Балаңыз санай ала ма?

5.Балаңыз неге қызығады?

6.Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық,алтын бақ (ана туралы мақал айтып бере аласыздар ма?)
Жарайсыздар ендеше бұл тақырыпта өздеріңіздің саналарыңызда жүрген сұрақтың жауабын ала отырып ,ойланып жауап берді деп ойлаймын.

Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?

Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен

. Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

2.Тақырып: "Ақылды бала қайдан шығады?"

Аталған тақырып аясында ой қозғасақ...

1.Баланың дамып,жетілуі неге байланысты?

2.Қалай ойлайсыз,балаңыздың қабілеті табиғатынан ба,әлде тектен немесе генетикалық жағынан ба сіздің ойыңыз?

3. Баланы қай жасынан тәрбиелеу керек және балаға ақылды қалай айту керек?
4. Балаларыңызды теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыздар?

5. Әке- асқар тау,Ана-етегіндегі бұлақ, Бала-жағасындағы құрақ дегендей сол құрақтарыңыздың жайқалып өсуін қалай қамтамасыз етесіздер? Қазір кішкентай бала ғой,балалық  жасап,тәртіпсіздікке жол берсе,қандай шара қолданасыз?

Өмірдің сол бір жарқын да жарық болжамды кезеңі үшін бар адам тырысып,бала тәрбиелеп,оқытып,өмірлерін жақсартқысы келеді.
-Оны болжап,тұспалдайды;
-Ол туралы Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2050 стратегиясында да шығарып қойды.
-Ол туралы мультфильм,кино да бар.Қ.Аманжоловтың да өлең жолдары бар,
-Соның атымен аталған Қазақстандық бренд десек те болады.Степендиясы да бар.
2.Әке- асқар тау.Перзент тәрбиесінде асқар таудай әкенің орны мен мойнына 
артылар жауапкершілік көп-ақ.Олардың міндеттері мен қажеттіліктерін әркім әр түрлі сипаттайды.Сіздің ойыңызша қалай?


3."Ананың көңілі балада,баланың көңілі..."

Аталған тақырып аясында:

1.Баланы басқа адамдарға жеке қалдырып көрдіңіз бе?

2.Балаңызды қалдырған кезде қандай күйде болдыңыз?

3.Балаңызды әрдайым ойлап жүресіз бе?

4. Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстануға болады?
5.Бала ата-ананың бауыр еті, қуанышы.Балалы үй –базар.Ал оның тәрбиешісі кім?
6. «Сүтпен біткен сүйекпен кетеді» дейді қазақ халқы.Қазіргі таңдағы өз 
ортамызда жүрген қазақ балалары қандай? Сіз қалай ойлайсыз?

7.Мәпелейді,әлдилейді,бағады,
Құлыным деп құшағына алады.
Өзгеге де,өзіне де жауапты
Барлығына ана қалай уақыт табады? Бұл қай кезде болады?


4."Өнерлі бала ата-ананың бақыты"

1.Өнер жөнінде қандай хабарыңыз бар және балаңыздың бойына дарыта алдыңыз 
ба?

2.Балаңызды мәдени шараларға ертіп барып жүрдіңіз бе?

3.Балаңыздың өнерге ,әнге,биге,музыкаға және т.б ынтасы бар ма?

4.Балаңыз тақпақты жатқа айта ала ма?

5.Ертегі айтқан кезде көңіл-күйі қандай?

6.Ертегі кейіпкерлерін есте сақтай ала ма?

7.Өзі басқаларға айтып бере ала ма?

8.Балалар игілікті істер істесе, оларды қалай мадақтауға болады?

9.Өзіңізді бақыттылар қатарына санайсыз ба?


Ата -аналар сіздерге рахмет бүгінгі "Ана мен бала"тақырыбы аясында өткізіліп отырған пікірталасқа қатысқандарыңызға.Осында бірнеше тақырып аясында ой бөлістік арине барлығы келер ұрпақтың мұрагері балаларымыз үшін.«Жылы сөз –жарым ырыс»дегендей,балаларыңызға,жолдастарыңызға қандай  жылы лебіз айтар едіңіз?

Бүгінгі пікірталаста тудырған құнды идеялар мен ұсынымдар өз мәресіне жетті деп ойлаймын. Ендеше балапандарымыздың өнеріне кезек берсек

  1. Ғали Мирас -« Рахмет саған ,Ана!»

  2. Рахымжанұлы Нұрсұлтан - «Ана біздің күніміз»

  3. Тәрбиеші: Нарынбекова Мақпал - «Анаға арнау»

Жүргізуші:.Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!

Ата -аналар:1. Әбдікерова Нурила – Уалихан Айбар

2.Өмірбекова Жәнерке – Ғали Мирас

3.Жамалбаева Жазира – Рахымжанұлы Нұрсұлтан

4. Абубакир Омар- Дембаева Гүлмира

5.Шалқарбаева Аяулым – Сатар Лашын

6. Нұрпейісова Ақтоты –Амангелді Нұрислам

7 Исаева Айгүл – Науатбек Амина



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі