400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ана өмірдің шуағы" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана - өмірдің шуағы.


Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көріністер, әндер, суреттер, ойынға қатысты көрнекіліктер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздері.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.

1 - жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.

2 - жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!

1 - жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.

2 - жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.

1 - жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.

2 - жүргізуші: Бүгінгі 8 - наурыз – аналар мерекесіне арналған «Ана - өмірдің шуағы»
атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.

1 - жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

1 - оқушы: Әділбек
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

2 - оқушы: Халима
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.


3 - оқушы: Нұраят
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.


4 - оқушы: Інжу
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

5 - оқушы: Ислам
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.

6 - оқушы: Еркежан
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.


7 - оқушы: Хаджи
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.


2 - жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай

Хор «Анашым қартаймашы» қабыл алыңыздар.

2 - жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте қыздарымыздың «Гүлдер биін», қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, – дей отырып, ендігі кезекті әнге берейік.

Хор «Ана деп ән салам» әні

2 - жүргізуші:

Ойын «Ананың алақанын сипап сезу» Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табу керек.




2 - жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі ұлдар биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте, сыныбымыздың ұлдарының орындауында би қабыл алыңыздар!

1 - жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, – деп кезекті Кененбай Диястың орындауында «Қызыл раушан» әні, қошемет көрсетіп отырайық.


2 - жүргізуші:
Ойын «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.

Сламақын Дарханның орындауында «О анам, анам менің» өлең шумағы

О, періште Анам!

 

Келді көктем күннің,

Күлімдейді гүлің –

Алтын ойлы Анам,

Мерекеңіз бүгін!

 

Жұмақ-құшақ панам,

Күндей нұрлы санаң!

Қызығын көр ұл-қыздың,

Еңбек сүйгіш Анам!

 

Жыртылмастан жағаң,

Шарықтасын жаңа ән!

Арманыңа жетші,

О, періште Анам!



1 - жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!
Сахнада «Вальс биі» қабыл алыңыздар.


1 - жүргізуші:
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, – деп, ендігі кезекте «Айналайын мама» әні, қабыл алыңыздар!

Хор «Айналайын мама»

2- жүргізуші
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесің тойлаймыз - дей отырып, біздің сыныптың ер жігіттері қыздарды құттықтап жіберсек дейік.

Алтай Дарынның орындауында

8 Наурыз күнгі сөз


Қылықты мінез қыздар-ай,

Сендерді көріп тынар ма жүрек сыздамай?

Сендерге арнап жылы сөз, сірә, айта алмай,

Қалармыз үнсіз біз қалай?


Қадірлі қыздар,

Құтты да болсын мереке,

Мереке болса елге де келер береке.

Дастархан толы дәм-тұзын

Жігіттер біздің ер екен.


2 - жүргізуші: Ардақты, аналар, әжелер мен апалар, қыздар, ұстаз апайлар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.

1 - жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт – береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!




























1 - оқушы: Әділбек
Сізден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

2 - оқушы: Халима
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.


3 - оқушы: Нұраят
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

4 - оқушы: Інжу
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

5 - оқушы: Ислам
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
174
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі